Қазақстан республикасы білім және ғылым мин


Ауылшаруашылық жерлердің ерекшеліктері мен экономикалық



бет27/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Ауылшаруашылық жерлердің ерекшеліктері мен экономикалық


бағалану әдістері
ҚР-ның жер қоры келесі категорияларға бөлінеді

  1. ауыл шаруашылығына арналған жерлер;

  2. тұрғылықты орын жерлері;

  3. өнеркәсіпке, транспортқа, байланысқа және басқа да мақсатқа арналған жерлер;

  4. табиғатты қорғауға, сауықтыру мен тарихи-мәдени мақсаттарға арналған жерлер;

  5. орман қоры жерлері;

  6. су қоры жерлері;

  7. қордағы жерлері.

Облыс, қала және аудан әкімдері өзінің қызмет бабы шегінен жер учаскелерін иелікке, жалға береді, сонымен қатар қолданудан алып тастайды. Жерге байланысты сұрақтар жер ұйымдастыру қызметі арқылы қарастырылып, шешіледі.

ҚР-ның парламенті Қазақстан шекарасындағы жерге иелік етеді, жердің біріккен кәсіпорындарға, халықаралық ұйымдарға берілуі тәртібін анықтайды.

Республикада жер туралы түсініктемелері бар жер кадастры енгізіледі. Бұл оны қолданатын ұйымдар үшін, жер қатынастарын қорғау мен реттеу үшін, жерді ұйымдастыру үшін қолданылады.

Келесі жағдайларға кінәлі адамдардың азаматтық, тәртіптік, административті және шартты жауапкершілігі бекітілген.



    • Жер учаскелерін алып-сату, сыйға беру, залогқа беру және өз еркімен ауыстыру;

    • Жер учаскелерін өз еркімен иелену;

    • Жерді химиялық, радиоактивті заттармен, өндіріс қалдықтарымен және ағынды сулармен ластау;

    • Жер құнарлығының кемуін әкелетін жерді ысыраппен қолдану;

    • Жерді қолданудағы табиғатты қорғау тәртібінің талабын орындамау;

    • Жерді қайтару уақытын бұзу және мақсатқа қолдануға жарамды жағдайға келтіруді орындамау;

    • Топырақтың құнарлы қабатын өз еркімен сылып алу;

    • Жер игіліктері мен жерді қолданушылар шекарасындағы меже белгілерін жою.

Көптеген теориялық және методикалық ұсыныстарға қарамастан бүгінгі күнге дейін жалпыға танымал жер ресурстарын экономикалық бағалау әдісі жасалған жоқ.

Соңғы жылдары жерді бағалау сұрағы бойынша негізінен екі басты бағыт пайда болды: сапалық бағалау (топырақтың сапасын бағалау) мен жерді экономикалық бағалау. Сонымен қатар, жердің экономикалық бағалануы сапалық бағалау алғышарт болады, және де ол жерді пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтауға негізгі база болады.

Топырақтың сапасын топырақ сипаттамасы көрсетеді. Алдыңғы қатарлы ауылшаруашылық дақылдардың орташа көпжылдық түсімділігіне сәйкес келетін құнарлылықтың сандық көрсеткішімен сипатталады, және де топырақтың өнімділігіне қарай жіктелуі ретінде қарастырылады.

Аудандар мен облыстардың топырақ бонитетінің орташа есептелінген болып алып, оларды дәнді-дақылдардың орташа көпжылдық түсімділікті орташа есептелінген балға бөледі де «бонитет» балы бағасын алады, яғни ауданда немесе облыста орташа бонитет балы бойынша қанша өнім өндірілетінін көрсететін сан. Содан соң әрбір шаруашылық үшін бонитет балы бағасын есептей, оларды салыстыра отырып, әрбір шаруашылық үшін топырақ құнарының қолданылу тиімділігін анықтайды.

Ең алғаш жердің экономикалық бағалану әдістемесін С.Черемушкиннің басқаруымен ВНИИСХ өңдеген.

Бағалаудың негізгі критериі аудан бірлігінен таза пайда мен жалпы өнімді есептеу. Бірінші авторлар тобы жалпы өнім бойынша жер құндылығы анықталады, ал таза пайда бойынша – аудан бірлігіне рентабельділік көзқарасынан салыстырмалы құндылық анықталады деп есептейді.

Екінші зерттеушілер тобы бағалау критериі ретінде өнім немесе түсімділіктің аудан бірлігіне келетін өндіріс шығынына қатынасын түсінеді. Олар таза пайдалану көлемі объективті емес және ауыл шаруашылық өнімдерге бекітілген баға деңгейіне тәуелді деп есептейді.

Жердің экономикалық бағалануы туралы зерттеулерді экономистер де жүргізеді, олардың теориялық негізі К.Маркстің дифференциялды рента туралы түсінігіне негізделді.

Ауылшаруашылық емес өндіріспен байланысты жер учаскелерінің экономикалық бағалануына көп көңіл бөлінеді. Бұнда алынған жерлер үшін компенсацияның көлемі анықталады. Және де бағалау үшін түрлі формулалар келтіріледі. Бұл формулалар жерді қалыпқа келтіру үшін керек қаржыны есептейді, кейбіреулері игерілген учаскелерге кететін қосымша шығындарды есептесе, басқалары «кеткен пайданы»таза пайдаға қосады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет