Қазақстан республикасы білім және ғылым мин



бет23/54
Дата02.01.2022
өлшемі163.55 Kb.
#452560
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54
Контент табигатты пайдалану

Жердің батпақтануы. Бұл табиғи жағдай атмосфералық жауын- шашын мөлшері топырақ бетінен ылғалдың булануынан асып кеткен аудандарда болады, осындай жағдайда жердің батпақтануы пайда болады. Қазақстан территориясында батпақтар жоқ, ал батпақты жерлер көп аудан алмайды.

Топырақтың техногенді зақымдануы мен улануы. Бұл жағдай атмосфераға, радиоактивті элементтер, ауыр металдар, күкірт қышқылы мен басқа да заттар, улы химикаттар мен минералды тыңайтқыштар дұрыс пайдалану нәтижесінде түскенде пайда болады. Мысалы, түсті металлургия

кәсіпорны орналасқан ауданда топырақтағы қорғасын мөлшері қалыптыдан

20 есе көп. Суперфосфат зауыты орналасқан ауданда мышьяк пен фтор қалыптан 20-25 есе көп.

Улы химикат – пестицидтер кең қолданылуы әсерінен топырақ пен ауыл шаруашылығын ластайды. Көптеген пестицидтер сыртқы ортада өте тұрақты болып келеді. Олар топырақта бөлінбей, көп жылдар бойы сақталады. Осының нәтижесінде топырақта улы заттар көбейіп, олар басқа жерлерге таралып, су қоймаларға құйылады, ауға тарайды. Улы химикаттар микроағзаларға қатты әсер етеді.

Көптеген елдердегі аграрлы өндірісті химиялау экологиялық баланстың бұзылуының негізгі себебі болып табылады. Өсімдіктерді ауру мен зиянкестерден сақтаудың биологиялық әдісін кең қолдану керек. Агротехниканы биологиялық әдіспен бірге дамытудың болашағы ауыл шаруашылығындағы химия өнімдерін пайдалануды минимумға әкеледі. Өсімдіктерлі қорғаудың интеграциялау жүйесінің үлкен болашағы бар. Ол химиялық, биологиялық, агротехникалық және басқа да күрес түрлерінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   54




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет