Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет11/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

2-тарау. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

7. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шектікөлемі:


1) 1-сыныпта, аптасына 0,5 сағаттан, оқу жылында 17 сағатты;


2) 2-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты;


3) 3-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылы бойынша 34 сағатты;


4) 4-сыныпта аптасына 1 сағаттан, оқу жылында 34 сағатты құрайды.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).


8. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін оқытудағы негізгі талап - компьютерлік жүйелерге қолжетімділік. "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" пәнін тиімді өткізуге арналған қажетті жабдықтардың тізімі:


1) гарнитурамен жабдықталған дербес компьютерлер (микрофоны бар құлаққаптар);


2) Интернетке кең жолақты қосылуымен мұғалімдер мен білім алушылар арасындағы байланыс және құралдарын деректермен алмасуды қамтамасыз ететін жоғары сапалы ашық қатынас желісі;


3) перифериялық құрылғылар: принтер, сканер, көшіру техникасы, интерактивті проектор/интерактивті тақта;


4) робототехникаға арналған жиынтықтар.


9. Оқу пәнінің негізгі мазмұны келесі бөлімдерден тұрады:


1) компьютер;


2) ақпаратты ұсыну және өңдеу;


3) интернет желісінде жұмыс істеу;


4) есептей білу;


5) робототехника.


10. "Компьютер" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:


1) компьютердің құрылғылары;


2) программалық қамтамасыз ету;


3) қауіпсіздік.


11. "Ақпаратты ұсыну және өңдеу" бөлімі келесі бөлімдерден тұрады:


1) мәтіндер;


2) графика;


3) презентациялар;


4) мультимедия.


12. "Интернеттегі жұмыс" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:


1) ақпаратты іздеу;


2) ақпаратпен алмасу.


13. "Есептей білу" бөлімі төмендегі бөлімдерді қамтиды:


1) алгоритмдер;


2) программалау.


14. "Робототехника" бөлімі келесі бөлімдерді қамтиды:


1) жалпы робототехника;


2) роботтың қозғалысы;


3) датчиктер мен қозғалтқыштар.


15. 1-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": Информатика кабинетінде жүріс-тұрыс ережелері; Интернет желісінде жұмыс істеу қауіпсіздігі;


2) "Интернет желісіндегі жұмыс": желіде орналастырылған ақпараттың сенімділігі мен пайдалылығы; желідегі қалаусыз байланыс тәуекелдері;


3) "Есептей білу": алгоритмдер; сызықты алгоритмдерді орындаушы; программалау ойын алаңынының интерфейсі (Scratch (сретч)); программалау ойын алаңында жобаны құру, сақтау және ашу;


4) "Робототехника": білім беру роботының негізгі моделін құру; роботқа арналған программаны жүктеп алу және іске қосу;роботтың доңғалақ бұрылыстарының белгіленген саны бойынша қозғалысы, роботтың берілген бұрышта қозғалысы (90, 180 градус).


16. 2-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": компьютерлік құрылғылар; енгізу құрылғылары (тінтуір, пернетақта, микрофон) және шығыс (монитор, принтер, динамиктер/ құлаққаптар).


Программалық қамтамасыз ету: файл және бума туралы түсінік; файл мен буманы құру, көшіру, орнын ауыстыру және жою; контекстік мәзірді пайдалану.


Қауіпсіздік: цифрлық құрылғылармен жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік ережелері;


2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: пернетақта симуляторы мен мәтін редакторында сөйлемдерді теру;


Графика: суретті өңдеу; суретті кесу, айналдыру, өлшемін өзгерту; сурет фрагментін көшіру және көрсету.


Мультимедиа: дыбысты жазу және ойнату; аудиофайлдарды өңдеу.


3) "Интернет желісіндегі жұмыс": берілген тақырып бойынша ақпарат іздеу үшін браузерді қолдану; қосымшалар арасындағы мәліметтермен ауысу.


4) "Есептей білу": алгоритмдер: тармақталған алгоритм; алгоритмнің ауызша түрі. Программалау: программалау ойын алаңының кірістірілген графикалық редакторында жеке өзінің кейіпкерін жасау; пернетақтадан спрайтты басқаруды ұйымдастыру; кейіпкерлер арасындағы мәтіндік диалогті ұйымдастыру.


5) "Робототехника": ауызша түрінде берілген алгоритм бойынша роботтың қозғалысын ұйымдастыру; жанап өтетін датчикті қолдану; роботқа арналған аудиофайлды жүктеу; роботқа арналған программаны әзірлеуде дыбысты қолдану; құрылған роботты аудиторияға ұсыну.


17. 2019-2020 және 2020-2021 оқу жылдарының 3-сыныптарына арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер" компьютер құрылғылары: енгізу және шығару құрылғылары; бағдарламалық қамтамасыз ету: компьютерлік бағдарламалардың (өткізгіш, бейнелерді көруге арналған бағдарлама), бағдарламалар мәзірі, мәзір командаларын пайдалану, файлдар мен папкалар, компьютерде файлдарды ашу және сақтау; қауіпсіздік техникасы: Қауіпсіздік техникасы ережелері;


2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтіндік редактордың мақсаты, Бағдарлама мәзірі, мәтінді теру және редакциялау, символдар мен абзацтарды пішімдеу, мәтін фрагментімен операциялар жасау, символдарды қою; графика: графикалық редактордың мақсаты, суреттерді ашу және сақтау, редактор құралдарын пайдалана отырып, бейнелерді жасау, түстер палитрасы, суретті редакциялау, сурет өлшемін кесу, бұрау және өзгерту, суреттің фрагментін көшіру.; презентациялар: презентациялар жасау бағдарламасының мақсаты, Бағдарлама мәзірі, презентацияларды ашу және сақтау, слайдтағы мәтін мен бейнелерді орналастыру, слайдтар арасында ауысу, презентация дизайны, дыбысты қою; мультимедиа: дыбыстық ақпаратты енгізу және шығару құрылғылары, дыбыстық редактордың мақсаты, дыбыстарды жазу, өңдеу және жаңғырту, дыбыстық әсерлерді қолдану;


3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпаратты іздеу: веб-беттерді қарау бағдарламасының мақсаты, іздеу жүйелері, кілт сөз бойынша ақпаратты іздеу; ақпарат алмасу: ақпарат алмасу тәсілдері, бөлінген мәтін мен бейнені құжатқа көшіру; Интернет желісіндегі қауіпсіздік: Интернет желісіндегі жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері.


18. 3-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: таңба регистрін, пернетақтаның орналасуын, меңзерді басқаруды өзгертуге арналған клавиштер.Программалық қамтамасыз ету: қолданбалы программаларда "қызу" клавиштерді пайдалану.Қауіпсіздік: Интернет желісінде жұмыс істеуде жеке қауіпсіздігінің негізгі ережелері.


2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу": мәтіндер: мәтінді теру ережелері; маркіленген және нөмірленген тізімдер; мәтінді өңдеу; шрифт пен абзацты пішімдеу (жазылуы, түсі, тегістеу); кесу, көшіру, белгіленген мәтінді құжатқа қою; мәтінге суретті қою және орналастыруын реттеу; Презентациялар: презентация конструкторы; программа мәзірі; презентацияның ашылуы мен сақталуы; мәтінді және суреттерді слайдқа орналастыру; слайдтар арасында ауысу; презентация дизайны.Графика: фотосуреттерді өңдеуге арналған программа (жарықтық, контраст, жиектеме);


3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: құжаттан мәтін үзіндісін іздеу.Ақпарат алмасу: желідегі ақпарат алмасу жолдары; жоба бойынша бірлесіп жұмыс істеуге арналған мессенджерлерді пайдалану.


4) "Есептей білу".


Алгоритмдер: цикл; циклдік алгоритмді іске асыру кезінде орындаушының командалары жүйесі.


Программалау: программалау ойын алаңын құру барысында алгоритмді жүзеге асыру; дайын сценарий бойынша ойын әзірлеу; программалау ойын алаңында бірнеше көріністер және кейіпкерлермен жұмыс істеу.


5) "Робототехника": орта мотордың жылдамдығы мен айналымның санын күйге келтіру; робот қозғалысын ұйымдастыру үшін циклді қолдану.


19. 4-сыныпқа арналған "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар" оқу пәнінің базалық мазмұны:


1) "Компьютер": компьютер құрылғылары: компьютерлік және мобильді технологиялардың ескіруі ғылыми-техникалық прогреспен байланысты екенін түсіндіру.


Қауіпсіздік: сенімді пароль критерийлері;


2) "Ақпаратты ұсыну және өңдеу".


Мәтін: мәтіндегі кестелер.


Презентациялар: слайдтың макеті; объектілердің анимациясы; бейне мен аудионы орналастыру.


Мультимедиа: бейнеролик жасау.


3) "Интернет желісіндегі жұмыс": ақпарат іздеу: компьютерде файл мен бумаларды іздеу; ақпарат алмасу : браузерді реттеу (бетбелгі, журнал мен жүктеу); электрондық пошта: хабарлама қабылдау және жіберу, файлдары қоса берілген хабарлама.


4) "Есептей білу": алгоритмдер: енгізілген циклдер, логикалық операторлар, салыстыру операторлары.


Программалау: программалау ойын алаңында айнымалыларды қолдану; жеке сценарийі бойынша ойын әзірлеу.


5) "Робототехника": түс датчигі; ультрадыбыс датчигі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет