Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы



бет13/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

Бастауыш білім беру деңгейінің 1-4-сыныптарына арналған "Неміс тілі" оқу пәнінен жаңартылған мазмұндағы Үлгілік оқу бағдарламасы
1-тарау. Жалпы ережелер

1. Оқу бағдарламасы "Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығымен бекітілген Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17669 тіркелген).


2. "Неміс тілі" оқу пәнінен оқу бағдарламасы:


1) білім алушылардың талдау, бағалау және шығармашылық ойлауды қалыптастыратын әр түрлі тапсырмаларды орындау;


2) ауызша және жазбаша түрдегі дереккөздердің сан алуан түрлері;


3) ынталандыратын және қызықты пәндік мазмұн арқылы білім алушылардың неміс тілінен А1 деңгейіне жету мақсатын көздейді.


3. Бастауыш сыныптардағы оқу бағдарламасының мазмұны білім алушыларды неміс тілін күнделікті өмірде пайдалануға үйретуге, сонымен қатар неміс тілін одан әрі үйрену үшін қажетті тұрақты негіз қалауға бағытталған. Бастауыш мектептің "Неміс тілі" оқу пәні бағдарламасы білім алушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға және дамытуға, олардың қызығушылығын және өзіне деген сенімділігін нығайтып, неміс тілін оқуға деген оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған.


4. Жеке тұлғалық қасиеттердің кең ауқымды дағдыларымен бірлесе дамытылуы білім алушыларға қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек пен шығармашылық, ашықтық, өмір бойы білім алу сияқты білім берудің негізгі құндылықтарын бойына сіңіруіне көмектеседі. Бұл құндылықтар білім алушының күнделікті іс-әрекеті мен мінез-құлқын ынталандыратын тұрақты тұлғалық бағдар болып табылады.

2-тарау. "Неміс тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

5. Сыныптар бойынша жылдық оқу жүктемесі:


1) 1-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 66 сағат;


2) 2-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


3) 3-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағат;


4) 4-сынып – аптасына 2 сағат, оқу жылында – 68 сағатты құрайды.


6. "Неміс тілі" оқу пәнінің 1-сыныпқа арналған базалық мазмұны:


1) тыңдалым (Hörverstehen/хҰрферштэен): сабақтағы бірқатар іс-әрекет түрлерін орындауға қатысты баяу және анық айтылатын қысқаша қарапайым нұсқауларды тыңдау, баяу және анық айтылатын сұрақтар, көпшілікке таныс есімдер және жер-су атаулары, жалпы және оқу лексикасының кейбір сөздері, Бұл не? түріндегі қысқаша негізгі сұрақтар, фонемалар және олардың тіркесімдерінің дыбысталуы, әліпби әріптері;


2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): сабақ барысында адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы қарапайым сөйлем құрастырады, өздерін таныстыра алады, сабақтағы шағын әңгімелесу кезінде адамдар, заттар және іс-әрекеттер туралы сұрақтар қояды, таныс сөздер мен сөздер тізбегін анық айтады;


3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): әліпбидің әріптерін таниды және атайды, есімдер мен жер-су атауларындағы бас әріптерді таниды, кейбір таныс сөздерді біледі, әліпби әріптерін дұрыс реттілікпен орналастырады;


4) неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): атау септігіндегі зат есімдерді жекеше түрде қолданады, адамдар мен орындар туралы айтады (2-3 сөйлем), есептік сан есімдер - 1-ден 12-ге дейін санайды, адамдар мен заттарды сипаттау үшін дара сын есімдерді, ein/айн, der/дэр, ein/айн, das/дас, eine/айнэ, die/ди артикльдерін, қарапайым сұрақтар құрастыру кезінде was/вас, wer/вэр, wo/во, wie/ви сұрау сөздерін қолданады, атау септігіндегі ich/их, du/ду жіктеу есімдіктерін, (Präsens/прэзэнс) осы шақты қолданады.


7. "Неміс тілі" оқу пәнінің 2-сыныпқа арналған базалық мазмұны:


1) тыңдалым (Hörverstehen/хҰрферштэен): сабақтағы тапсырмаларды орындау үшін бірнеше қысқаша нұсқауларды, таныс тақырыптардағы диалогтарда пайдаланылатын негізгі сөз тіркесімдерін, сұрақтардың кең ауқымын тыңдайды: түс және сан, түс пен сан түріндегі аспектілерді анықтау үшін қысқаша қарапайым сұрақтар, сөздердегі жетіспейтін фонемаларды табады, таныс тақырыптарға шағын диалогтардан нақты ақпараттарды таниды, таныс тақырыптарға арналған шағын диалогтардың мазмұнындағы нақты ақпаратты болжайды, таныс тақырыптарға арналған шағын диалогтардың мазмұнын болжау үшін мәтінмәндік кеңестер пайдаланады, таныс тақырыптарға шағын әңгімелер тыңдайды;


2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): таныс күрделі сөздердегі екпінді дұрыс қояды, таныс тақырыптарға, өзге адамдар және заттарға, өздеріне қатысты, сонымен қатар, сабақтағы іс-әрекет түрлері туралы жай сөйлемдер (4-5 сөйлем) құрастырады, сұрақтар қояды, қарапайым сұрақтарға жауап береді, өткен тақырыптарға байланысты шағын диалогтар барысында сөз алмасады, жекеше түрдің 2-жағын du/ду – Form/форм пайдалана отырып, өзгелер үшін қарапайым нұсқаулар құрастырады;


3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): жиі қолданылатын дыбыстар мен әріптердің үйлесімін есте сақтайды және дыбыстайды, таныс тақырыптар бойынша қарапайым сөздерді, сөз тіркестерін және сөйлемдерді оқиды, контексттік ойды пайдалану арқылы таныс тақырыптардағы жай сөйлемдердің негізгі идеяларын анықтайды, маңызды визуалды тірек арқылы таныс тақырыптар бойынша қысқа, жеңіл мәтіндердегі нақты ақпаратты түсінеді;


4) жазылым (Sprachanwendung/шпраханвендунг): жиі қолданылатын таныс сөздердегі бас әріптер мен жол әріптерін дұрыс жазады, әріптер мен жиі қолданылатын таныс сөздерді дауыстап оқу немесе әріптер бойынша жазады, визуалды тіректерді пайдалану арқылы сұрақтарға қысқаша жауап жазады; адамдарды, орындарды және заттарды сипаттау үшін қысқаша сөз тіркесімдерін құрастырады, жазбаша тапсырмаларды орындау барысында қысқаша сөйлемдердің соңына нүкте қояды;


5) неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): қарапайым суреттеу барысында атау және табыс септіктерінде жекеше түрдегі зат есімдерді қолдану, есептік сан есімдер - 1 - 20 дейін санайды, қарапайым сезімдерді суреттегенде дара сын есімдерді қолдану, таныс тақырыптар бойынша сұрақ және жауап құрастырғанда was/вас, wer/вэр, wohin/вохин, wo/во, wann/ван сұрау сөздерін пайдалану, адамдар мен заттарды сипаттау барысында ich/их, du/ду, er/эр, sie/зи жіктеу есімдіктерін және атау септігінде жекеше түрдегі 1 және 2-жақтағы тәуелдік артикльдерін пайдаланады, қарапайым пәрмендер мен нұсқауларды құрастыру барысында жекеше түрдің 2-жақ (du/ду – Form/форм) және көпше түрдің 1-жағы (wir/вир – Form/форм) формасындағы бұйрық райды пайдалану, өтілген жіктеу есімдіктерімен осы шақтағы (Präsens/Презенс) әлсіз етістіктерді пайдаланады, haben/хабэн + табыс септігіндегі зат есім құрылымы, hier/хир, dort/дорт мекен үстеуі, біліктілікті сипаттау барысында können/көнен модальді етістігін, kann /кан, kann/кан nicht/нихт құрылымын қолданады, негізгі мекен және бағыт көмекші сөздерін пайдаланады: an/ан, in/ин, auf/ауф, жыл мезгілін, айды, апта күнін және тәулік уақытын көрсету үшін an/ан, in/ин мезгіл көмекші сөздерді, ұнату мен ұнатпауды білдіру үшін ich/ихь, mag/маг + Nomen/номэн құрылымын, сөздер мен сөйлемдерді байланыстыр үшін und/унд, oder/одэр жалғаулықтарын пайдаланады.


8. "Неміс тілі" оқу пәнінің 3-сыныпқа арналған базалық мазмұны:


1) тыңдалым (Hörverstehen/хҰрферштэен): сөздердің фонемалық айырмашылықтарын анықтайды, әріптеп айтылған қысқа қарапайым сөздер, сабақтағы кең ауқымды іс-әрекеттерді орындау үшін қысқа нұсқауларды тыңдайды, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына шағын диалогтардың негізгі идеяларын анықтайды, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына байланысты қысқаша сұрақтарды тыңдайды, жалпы және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберіне мәтіндер мен диалогтардың шағын үзінділеріне таңдамалы ақпаратты анықтайды, жалпы және оқу тақырыптарына қолдау көрсету арқылы шағын диалогтардың мазмұнын болжау үшін контексттік ойды пайдаланады, жалпы және кейбір оқу тақырыптарына шағын әңгімелерді тыңдайды;


2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): ортақ тақырыптардың шектеулі шеңберінде өзі туралы қарапайым сөйлем (5-6 сөйлем) құрастырады, ортақ және оқу тақырыптарына сұрақтар қояды, қарапайым сөздермен адамдар мен заттарды суреттейді, ортақ тақырыптардың шектеулі шеңберінде сұрақтарға жауап береді, тақырыптардың шектеулі шеңберіне өзге адамдармен шағын диалог барысында сөз алмасады, жұптасып, топтасып, барлық сыныппен қысқа талқылауларға қатысады, тиісті сөздер, сөз тіркесімдері мен сөйлемдердің шектеулі шеңберін пайдалана отырып, өз пікірлерін айтады, қысқа жеңіл мәтіндерді мазмұндайды;


3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): дауыстап оқу барысында таныс сөздерді және қысқа сөз тіркесімдерін таниды және анық айтады, ортақ және оқу тақырыптарының шектеулі шеңберінде күрделі емес көркемдік және ғылыми-көпшілік мәтіндерді мәнерлеп оқи алады, иллюстрациялары бар қарапайым сөздікті қолданады, контексттік ой арқылы ортақ және кейбір оқу тақырыптарға арналған қысқа күрделі емес мәтіндердің негізгі идеясын анықтайды, ортақ және кейбір оқу тақырыптарға арналған қысқа күрделі емес мәтіндердің нақты ақпаратын түсінеді;


4) жазылым (Schreiben/шрайбен): мұғалімнің айтарлықтай қолдауымен жеке, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына қысқаша сөйлемдерді құрастырады, жазады және жазылуын тексереді, қалыпты көлемдегі және формадағы сөздер мен сөз тіркесімдері, адамдар, орындар және заттарды сипаттау үшін қысқа сөз тіркесімдері, қысқа күрделі емес сөйлемдерді жазады, сөздер арасында қажетті бос орындарды қалдыру арқылы негізгі жалғаулықтар көмегімен сөздерді немесе сөз тіркесімдерін байланыстырады, мұғалім жетекшілігімен жазбаша жұмыстарды орындау барысында адам атын, жер-су атауларын және қысқа сөйлемдерді жазу кезінде бас әріптер мен жол әріптерін дұрыс жазады, мұғалім жетекшілігімен жазбаша жұмыстарды орындау барысында жиі қолданылатын таныс сөздердің көп көлемін жазады;


5) неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): тәуелділікті белгілеу барысында атау септігінде көпше түрдегі 1,2,3-жақтағы тәуелдік артикльдерін жекеше және көпше түрдегі зат есімдермен қолдану, есептік сан есімдер - 1 – 50-ге дейін санайды, заттарды суреттеу үшін сын есімдерді пайдаланады, таныс тақырыптарға сөйлесу барысында wer/вэр, was/вас, wo/во, wohin/вохин, wie/ви viele/филе, wie/ви alt/альт, wie/ви oft/офт сұрау сөздерін қолданады, өздеріне ненің ұнайтындығын, тілектері мен әдеттерін, қарапайым оқиғаларды сипаттау үшін кейбір етістіктер түрлерін (хабарлы және сұраулы сөйлемдер) осы шақта (Präsens/Презэнс) қолданылады, Қашан? Қаншалықты жиі? сұрақтарына жауап беру үшін manchmal/манхьмаль, oft/офт, immer/имэр, nie/ни мезгіл және жиілік үстеулерін, тілек білдіру кезінде möchten/мөхэн модальді етістігін пайдаланады, зат есімді жасалуы бойынша ажыратады, атау және табыс септіктерінде зат есімді жекеше және көпше түрде анықталған, анықталмаған артикльдермен пайдаланады, жыл мезгілін, айды, апта күнін, тәулік уақытын және уақытты сағат бойынша белгілеу үшін am/ам, im/им, um/ум мезгіл көмекші сөздерін, сөздерді байланыстыру үшін und/унд, oder/одэр, aber/абэр жалғаулықтарын қолданады.


9. "Неміс тілі" оқу пәнінің 4-сыныпқа арналған базалық мазмұны:


1) тыңдалым (Hörverstehen/хҰрферштэен): сыныптағы нұсқаулардың кең ауқымын, жеке басқа қатысты сұрақтардың кең ауқымын, түрлі ортақ және оқу тақырыптары бойынша қысқаша әңгімелер мен мәтіндердің негізгі идеяларын, ортақ және кейбір оқу тақырыптарының кең көлемін қолдау арқылы айрықша ақпарат пен қысқаша әңгімелерді түбегейлі, ортақ және кейбір оқу тақырыптарға қысқаша әңгімелер мен мәтіндердегі мазмұн мен мағынаны болжау үшін контексттік ойды тыңдайды және түсінеді;


2) айтылым (Sprechen/шпрэхэн): оқылып жатқан сөздерді, қысқа сөз тіркесімдерін, дара және бағыныңқы сөйлемдерді дұрыс айту, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына сұрау және баяндау сипатындағы зерттелген сөйлеу модельдерін пайдалану, адамдар мен заттардың қысқаша сипаттамасын беру, ортақ және кейбір оқу тақырыптары бойынша сұрақтарға жауап беру, полилогтарға қатысу, оң және қарсы пікір айту, ортақ және кейбір оқу тақырыптарының шектеулі көлеміне шағын әңгімелер мен оқиғаларды мазмұндау;


3) оқылым (Leseverstehen/лезеферштэен): мәтін деңгейіндегі фразаларды тану және дұрыс айту, көркемдік және көпшіліке арналған ғылыми әдебиеттің қысқаша қарапайым мәтіндерін оқу және түсіну, контексттік ойды пайдалана отырып, ортақ және кейбір оқу тақырыптары бойынша қысқаша қарапайым мәтіндердің негізгі идеясын анықтау, қысқа қарапайым мәтіндердегі арнайы ақпарат пен егжей-тегжейлерді түсіну;


4) жазылым (Schreiben/шрайбен): жазбаша жұмыстарды өздігінен орындаған кезде адам аттарын, орындар мен сөйлемдерді жазу барысында бас әріптер мен жол әріптерін ажырату, өзіндік жазбаша жұмысы барысында жиі пайдаланылатын сөздердің басым көпшілігін дұрыс жазу, жеке, ортақ және кейбір оқу тақырыптарына сөйлемдерді жоспарлау, жазу және дұрыстау, мұғалімнің қолдауымен адамдарды, орындарды және заттарды сипаттайтын қысқа сөйлемдер құрастыру, жеке басы туралы мәлімет беру кезінде азат жолдағы қысқаша сөйлемдердің бірізділігін сақтау, негізгі жалғаулықтар көмегімен сөйлемдерді байланыстыру;


5) неміс тілін қолдану (Sprachanwendung/шпраханвендунг): заттарды атау, сипаттау және белгілеу үшін көпше және жекеше түрдегі зат есімдерді, саналмайтын зат есімдерді, 1, 2, 3-жақтағы жекеше түрдегі және 1-жақтағы көпше түрдегі тәуелдік артикльдерін пайдалану, есептік сан есімдерді – 1-ден 100-ге дейін және реттік сан есімдерді – 1-10-ға дейін, заттарды сипаттау үшін сын есімдерді, шектеулі көлемдегі ортақ және кейбір оқу тақырыптарындағы заттарды белгілеу үшін жекеше түрдегі 1,2,3-жақтағы және көпше түрдегі 1-жақтағы артикльдерді, таныс тақырыптардың көп көлеміне сұрақ қою үшін wer/вэр, was/вас, wo/во, wohin/вохин, wie/ви viele/филе, wie/ви alt/альт, wie/ви oft/офт сұрау сөздерін, қысқа пайымдауларды, сұрақтарды және жауаптардағы dieses/дизэс, diese/дизэ, dieser/дизэр сілтеу есімдіктерін, таныс тақырыптардың көп көлеміне қысқаша нұсқаулар беру үшін бұйрық райды (жекеше түрдегі екінші жақ, көпше түрдегі үшінші жақ сыпайы формада), жеке басы туралы ақпарат беру үшін және іс-әрекеттерді, айғақтарды және оқиғаларды осы және келер шақта талқылау үшін осы шақ формаларын пайдалану, іс-әрекетті, сезімді, оқиғаларды сипаттау үшін кейбір етістіктердің қарапайым осы шақтағы түрлерін: hat/хат, hatte/хатте пайдалану, сыныптағы қалыпты іс-әрекеттерді сипаттайтын зат есімдер рөліндегі (негізделген) етістіктердің формаларын, іс-әрекеттің қашан және қаншалықты жиі жүзеге асатындығын көрсету үшін мезгіл және жиілік үстеулерін: manchmal/манхьмаль, oft/офт, immer/имэр, nie/ни, қимыл-сын үстеуін пайдалану: langsam/лангзам, schnell/шнэль, рұқсат сұрау үшін darf/дарф, nicht/нихт модальді етістіктерін қолдану, тілек білдіру үшін wollen/волен етістігін, мекен, жағдай және бағыт көмекші сөздерін: hinter/ хинтэр, vor /фор, neben /нэбэн, oben /обэн, unten/унтэн, rechts/рэхтс, links/линкс, мезгіл көмекші сөздерін: vor/фор, nach/нах, алушыны көрсету үшін für/фюр көмекші сөзін, тиісті жауаптарды: ja/я, bitte/биттэ, nein/найн, danke/данкэ, сөздерді, фразаларды және бағыныңқы сөйлемдерді байланыстыру үшін und/унд, oder/одэр, aber/абэр, denn/дэн жалғаулықтарын қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет