Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы


-тарау. "Француз тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет23/33
Дата29.09.2022
өлшемі333.2 Kb.
#461596
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33
Ресурс1.6-1 Оқу бағдарламасы 5-6-9кл-Информатика-(334)

2-тарау. "Француз тілі" оқу пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

4. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің жоғары шекті көлемі:


1) 5-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;


2) 6-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;


3) 7-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;


4) 8-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат;


5) 9-сыныпта – аптасына 3 сағат, оқу жылында 102 сағат.


Оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі "Қазақстан Республикасындағы бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы № 500 бұйрығымен бекітілген үлгілік оқу жоспарына тәуелді (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8170 тіркелген).


5. Оқу бағдарламасы меңгеру деңгейіне сәйкес француз тілін оқыту кезеңдерінен (сыныптарды), тілдік дағдылары мен сөйлеу қызметінің түрлері бойынша (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым) бағалау критерийлерінен, оқудың барлық кезеңіне (5-9 - сыныптар) арналған ұзақ мерзімді жоспардан тұрады.


6. "Француз тілі" оқу пәні бойынша оқу бағдарламасының мазмұны оқытудың бөлімдері (Тыңдалым. Айтылым. Оқылым. Жазылым. Француз тілін қолдану) бойынша құрылған.


7. Әрбір бөлімде белгіленген оқытудың мақсаты мұғалімге барлық сөйлеу әрекетінің түрлерін (тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым, француз тілін қолдану) дамыту бойынша жұмысын жүйелі жоспарлауға, білім алушылардың жетістіктерін бағалауға, оларды оқудың келесі кезеңдері туралы хабардар етуге мүмкіндік береді.


8. Бағдарламаның базалық мазмұнында (Contenu/Коңтөню) француз тілін оқытудың жалпы мақсаттары сынып бөлінісінде ұсынылған.


9. француз тілін оқудың соңғы нәтижесіне бағытталған "Тыңдалым", "Айтылым", "Оқылым" және "Жазылым" бөлімдерінде шетел тілін меңгерудің деңгейлеріне сәйкес (5 - сынып – А1.1, 6 - сынып – А1.2, 7 - сынып – А2.1, 8 және 9 - сыныптар – А2.2) тіл қызметі түрлерінің оқыту мақсаттары жазылған, олар француз тілін оқытудың түпкі нәтижесіне қол жеткізуге бағытталған.


10. "Француз тілін қолдану" бөлімінде білім алушылар француз тілінің лексика-грамматикалық, синтаксистік құрылымдарын сөйлеуде орынды қолдану талаптарымен танысады.


11. 5-сыныпқа арналған базалық мазмұн (Contenu/Коңтөню) шетел тілін меңгеру деңгейіне сәйкес А1 деңгейінің А1.1 – орта деңгейіне сай келеді.


12. 5-сыныптағы мәдениаралық-коммуникативті аспект:


1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен тұрмыстық және оқу деңгейінде қарым-қатынас жасау;


2) француз тілінде бастауыш білімін көрсету;


3) қарапайым фразаларды түсіну,


4) күнделікті қарапайым сұрақтарға жауап беру және оларды қоя білу;


5) өзін ауызша таныстыру;


6) қарапайым диалог жүргізу;


7) өзіне қажетті қарапайым ақпаратты (плакаттар, кестелер, жарнама) түсіну;


8) қарапайым ашық хат жазу;


9) ым-ишара арқылы, өзгертіліп айтылған, қайталап айтылған сөздердің мағынасын түсіну;


10) ана тіліне сүйеніп лексиканы интуицияға сүйеніп таба білу;


11) оқылатын тіл елінің этнолингвомәдени құндылықтарымен танысу және француз тілін мәдениаралық жағдаяттардағы қарым-қатынаста практикалық қолдануға ұмтылу;


12) оқытылатын тіл елінің күнделікті өмірімен, салт-дәстүрлерімен, тілдік қарым-қатынас жасауда вербалды және бейвербалды құралдарды қолдану дағдыларымен танысу.


13. 5-сыныптағы тәрбиелік аспект:


1) француз тілі мен мәдениетіне оң көзқарас қалыптастыру;


2) толерантты болу, түрлі көзқарастарды құрметтеу.


14. 5-сыныптағы жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы білім алушылардың жалпы мәдениеттерін, ой-өрістерінің кеңеюін, оқылатын тілдің елі туралы білімдерін, қоршаған әлем туралы білімдерін арттыру.


15. 5-сыныптағы дамыту аспектісі:


1) тілдік қабілетті дамыту, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықты, ерік жігері, есте сақтау сияқты қасиеттерді дамыту;


2) туған (өзінің) және өзге тіл мәдениетін тану, тілді меңгеру үшін тиімді әдістерді қолдану, өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру, интеллектуалдық үдерістерді (белгіленген тілдік құбылысты тану, оны талдау, ана тілімен салыстыру) белсендендіру;


3) оқулықпен, сөздікпен жұмыс істеу, оқуға қатысты ақпаратты жазу, белгіленген мөлшерде тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін заманауи оқыту технологияларын қолдану.


16. 5-сыныптағы стратегиялық аспект: екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның қарапайым деңгейдегі қасиеттеріне ие болу.


17. 6-сыныпқа арналған базалық мазмұн (Contenu/Коңтөню шетел тілін меңгеру деңгейіне сәйкес А1 деңгейінің А1.2 жоғары деңгейіне сай келеді.


18. 6-сыныптағы мәдениаралық-коммуникативтік аспект:


1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен әлеуметтік-тұрмыстық және оқу деңгейлерінде қарым-қатынас жасау;


2) базалық білім деңгейін көрсету;


3) күнделікті қолданылатын қарапайым сөйлемдерді, фразаларды түсіну;


4) күнделікті қолданылатын сұрақтарға жауап беру және оларды қоя білу, қарапайым диалог құрастыру;


5) өзін және өзге адамды таныстыру;


6) өзіне қажетті қарапайым ақпаратты (дүкенде, көшеде) қолдану;


7) қарапайым ашықхаттар жазу, өзі туралы хат жазу, сауалнама толтыру;


8) өзгертіп, қайталап айту ылған сөздердің мағынасын түсіну;


9) ана тіліне сүйеніп сөздердің мағынасын интуитивті түрде таба білу;


10) оқытылатын тіл елінің реалиясымен, салт-дәстүрімен; ауызша және ауызша емес дағдылары тәртібіндегі сөйлеу коммуникацияларымен танысу;


11) оқылатын тіл елінің этнолингвомәдени құндылықтарымен танысу және француз тілін мәдениаралық жағдаяттардағы қарым-қатынаста практикалық қолдану.


19. 6-сыныптағы тәрбиелік аспект:


1) француз тілі мен мәдениетіне оң көзқарас таныту;


2) толерантты болу, түрлі көзқарастарды құрметтеу.


20. 6-сыныптағы жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы білім алушылардың жалпы мәдениеттерін, ой-өрістерінің кеңеюін, оқылатын тілдің елі туралы білімдерін, қоршаған әлем туралы білімдерін арттыру.


21. 6-сыныптағы дамыту аспектісі:


1) білім алушылардың тілдік қабілеттерін дамыту, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықтарын, ерік жігері, есте сақтау сияқты қасиеттерін дамыту;


2) туған (өзінің) және өзге тіл мәдениетін тану, шет тілін ана тілімен салыстыру;


3) тілді меңгерудің тиімді әдістерін қолдану, өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру, интеллектуалдық үдерістерді (белгіленген тілдік құбылысты тану, оны талдау, ана тіліндегі оған барабар құбылыстармен салыстыру) белсендендіру;


4) кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, оқуға қатысты ақпаратты жазу, белгіленген мөлшерде тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін заманауи оқыту технологияларын қолдану.


22. 6-сыныптағы стратегиялық аспект: екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның қарапайым деңгейдегі қасиеттеріне ие болу.


23. 7-сыныпқа арналған базалық мазмұн (Contenu/Коңтөню) шетел тілін меңгеру деңгейіне сәйкес А2 деңгейінің А2.1 төмен деңгейіне сай келеді.


24. 7-сыныптағы мәдениаралық-коммуникативтік аспект:


1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен әлеуметтік-тұрмыстық және оқу деңгейлерінде қарым-қатынас жасау;


2) жиі қолданыстағы фразаларды түсіну;


3) жай сөйлемдерді қолданып, оқу, мектеп, өзі туралы, жақын адамдары және қарапайым тұрмыстық қажеттіліктер туралы әңгімелеу;


4) қарапайым мәтіндерді, хабарландыруларды, хаттарды оқу және түсіну;


5) жеке басына қатысты қысқаша жазбалар/хаттар жазу;


6) таныс тақырыптар және іс-әрекеттер шеңберінде ақпаратпен алмасуды талап ететін қарапайым, қалыптасқан жағдаяттарда қарым-қатынас жасау;


7) елтану бағытында білім алу, қарым-қатынас нормаларымен, француз тілін тасымалдаушылардың ұлттық мінезі және ұлттық менталитетінің ерекшеліктерімен танысу;


8) оқылатын тіл елінің этнолингвомәдени құндылықтарымен танысу және француз тілін мәдениаралық жағдаяттардағы қарым-қатынаста практикалық қолдану.


25. 7-сыныптағы тәрбиелік аспект:


1) француз тілі мен мәдениетіне деген оң көзқарас қалыптастыру;


2) толерантты болу, түрлі көзқарастарды құрметтеу.


26. 7-сыныптағы жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы білім алушылардың жалпы мәдениеттерін, ой-өрістерінің кеңеюін, оқылатын тілдің елі туралы білімдерін, қоршаған әлем туралы білімдерін арттыру.


27. 7-сыныптағы дамыту аспектісі:


1) білім алушылардың тілдік қабілеттерін дамыту, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықтарын, ерік жігері, есте сақтау сияқты қасиеттерін дамыту;


2) кітаппен, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, оқуға қатысты ақпаратты жазу, белгіленген мөлшерде тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін заманауи оқыту технологияларын қолдану;


3) өз ойын логикалық түрде және дәйектілікпен жеткізе білу;


4) туған (өзінің) және өзге тіл мәдениетін тану, шет тілін ана тілімен салыстыру;


5) тілді меңгерудің тиімді әдістерін қолдану, өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру, өзінің оқу-әрекетін ұйымдастыру, интеллектуалдық үдерістерді белсендендіру.


28. 7-сыныптағы стратегиялық аспект: екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның базалық деңгейдегі қасиеттеріне ие болу.


29. 8-сыныпқа арналған (А2.2 деңгейі) базалық мазмұн (Contenu/Коңтөню) шетел тілін меңгеру деңгейіне сәйкес А2 деңгейінің А2.2 орта деңгейіне сай келеді.


30. 8-сыныптағы мәденаралық-коммуникативті аспект:


1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен әлеуметтік мәдени деңгейде қарым-қатынас жасау;


2) әңгімелесу барысында жалпы ақпаратты, кейбір күрделілеу сөйлемдерді түсіну;


3) күнделікті тұрмыстық іс-әрекет туралы әңгімелесу;


4) қарапайым мәтіндегі маңызды ақпаратты түсіну күнделікті тұрмыстық іс-әрекет туралы әңгімеге қолдау жасау;


5) жеке сипаттағы хаттар жазу;


6) елтану және мәдениеттану саласында білімінің болуы, тілді тасымалдаушылардың қарым-қатынас және стереотиптер нормаларын, ұлттық сипаты мен ұлттық менталитетінің ерекшелігін білу;


7) оқытылатын тілдің елі туралы этнолингвомәдени құндылықтарымен танысу және мәдениаралық жағдаяттардағы қарым-қатынаста француз тілін практикалық қолдану.


31. 8-сыныптағы тәрбиелік аспект:


1) француз тілі мен мәдениетіне деген оң көзқарас қалыптастыру;


2) толерантты болу, түрлі көзқарастарды құрметтеу.


32. 8-сыныптағы жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы білім алушылардың жалпы мәдениеттерін, ой-өрістерінің кеңеюін, оқылатын тілдің елі туралы білімдерін, қоршаған әлем туралы білімдерін арттыру.


33. 8-сыныптағы дамыту аспектісі:


1) тілдік қабілеттер мен тілді сезіну қабілеттерін, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықты, тұлғаның ерік жігері, жады сияқты жағымды қасиеттерін дамыту;


2) кітаптарды, анықтамалық әдебиеттермен жұмыс істеу, тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін оқытудың заманауи технологияларын белгіленген өлшемде қолдану;


3) өз ойын логикалық түрде және дәйектілікпен жеткізе білу, пікірталасқа қатысу;


4) туған (өзінің) және өзге тіл мәдениетін тану, оны ана тілімен салыстыру;


5) шетел тілін меңгерудің тиімді тәсілдерін қолдану, өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру, интеллектуалды үдерістерді белсендендіру.


34. 8-сыныптағы стратегиялық аспект: екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның базалық деңгейдегі қасиеттеріне ие болу.


35. 9-сыныпқа арналған (А2.2 деңгейі) базалық мазмұн (Contenu/Коңтөню) шетел тілін меңгеру деңгейіне сәйкес А2 деңгейінің А2.2 жоғары деңгейіне сай келеді.


36. 9-сыныптағы мәдениаралық-коммуникативтік аспект:


1) өзге тілді мәдениет өкілдерімен әлеуметтік-мәдени деңгейде қарым қатынас жасау;


2) Күнделікті жағдаятта "Тамақ және сусын", "Пәтер", "Киім", "Денсаулық", "Бос уақыт", "Саяхат және білім" тақырыптарында коммуникативтік ниетті іске асыру;


3) өзіндік әңгіме жүргізу;


4) күрделілігі орта деңгейдегі мәтіндердегі маңызды ақпаратты түсіну;


5) жеке басына қатысты қысқаша хаттар жазу;


6) елтану және мәдениеттану саласында білімінің болуы, қарым-қатынас нормаларын, тіл тасымалдаушыларының ұлттық сипаты мен ұлттық менталитетінің ерекшелігін білу;


7) оқытылатын тілдің елі туралы этнолингвомәдени құндылықтарымен танысу және мәдениаралық жағдаяттардағы қарым-қатынаста француз тілін практикалық қолдану.


37. 9-сыныптағы тәрбиелік аспект:


1) француз тілі мен мәдениетіне деген оң көзқарас қалыптастыру;


2) толерантты болу, түрлі көзқарастарды құрметтеу.


38. 9-сыныптағы жалпы білім беру аспектісі: француз тілі арқылы қоршаған орта туралы жалпы мәдениетті көтеру, ой-өрісін кеңейту, оқытылатын тіл елінің білімін үйрену.


39. 9-сыныптағы дамыту аспектісі:


1) тілдік қабілеттер мен тілді сезіну қабілеттерін, тіл мәдениеті әдебін, француз тілін үйренуге деген қызығушылықты, тұлғаның ерік жігері, жады сияқты жағымды қасиеттерін дамыту;


2) туған (өзінің) және өзге тіл мәдениетін тану, оны ана тілімен салыстыру;


3) шетел тілін меңгерудің тиімді тәсілдерін қолдану, өзінің оқу әрекетін ұйымдастыру, интеллектуалды үдерістерді белсендендіру;


4) тілдің тиімді меңгерілуін қамтамасыз ететін оқытудың заманауи технологияларын белгіленген өлшемде қолдану;


5) өз ойын қисынды және жүйелі түрде баяндау, жалпыға ортақ тақырыптардағы пікірталастарға қатысу.


40. 9-сыныптағы стратегиялық аспект: екінші тілді меңгерген тілдік тұлғаның базалық деңгейдегі қасиеттеріне ие болу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   33




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет