Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет21/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.Махамбет өмір сүрген кезең жөнінде әңгімелеңіздер.
2.М.Өтемісұлының қазақ балалар әдебиетіндегі орнын оның шығармашылық тұлғасына назар аудара отырып анықтаңыздар.
3.Ауыз әдебиетіндегі батырларды бейнелейтін көркемдегіш сөздер мен Исатай бейнесіндегі образды сөздерді салыстырыңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.Бес ғасыр жырлайды. - Алматы: Жазушы, 1989. 1-том.
2.Махамбет Өтемісұлы. Өлеңдер. - Алматы: Жазушы, 2002.
3.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. - Павлодар: Арман, 2004.


2 тарау. ШОҚАН УӘЛИХАНОВ


Еңбектері. Шоқанның шешесі Зейнеп - Баянауылдағы Қаржас руының әйгілі биі Шорманның қызы. Шоқан кішкентайынан алғыр, зейінді болып өседі. Үлкендердің қасында тапжылмастан шоқиып отырып әңгіме тыңдайтын баланы ата-анасы «Шоқиғаным, Шоқаным» деп еркелетеді екен. Ақырында бүкіл ағайын-туған, ел-жұрты да осылайша атап кетеді. Бастапқы Мұхамммедқанафия деген есімі кей ресми құжаттарда ғана жазылады. Апыл-тапыл жүре бастаан кезде Шыңғыс үйіне түскен Абылайдың қарт батырларының бірі Шоқанды көре салып «Аумаған Абылай ағам екен ғой» деп көзіне жас алған екен. Ш.Уәлихановтың бүгінгі ұрпаққа жеткен 300-ге жуық жазба мұрасы бар. Күнделіктері мен хаттары өз алдына бір төбе. Ш.Уәлихановтың әдеби мұрасынан қазақ ауыз әдебиетінің барлық түрлерінің нұсқаларына берілген ғылыми сипаттамаларды көптеп кездестіруге болады.
Кішкентайынан әжесі Айғанымнан алуан түрлі ертегі жырларды естіп біледі. Тумысында дарынды балаға әжесі халық даналғының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға қазақтың ескі аңыздары мен хикаяларын әңгімелеп отырған. Әкесі Шыңғыс халық поэзиясын, қазақтың музыкалық фольклорын зерттеп, жинауда көп жұмыстар істеген. Шөже, Орынбай, Арыстанбай және ақын қыз Ажар тәрізді ең таңдаулы ақындар мен жыршыларды үйіне жиі шақырып алып отырған. Шоқанға Шыңғыс қазақтың халық поэзиясын, аңыздары мен жырларын, әңгімелері мен ертегілерін көшірте бастайды. «Едіге» жырының үш түрін 1842 жылы әкесі, Шоқан және Ахмет Жантөрин үшеуі салыстырып кейінгі нұсқасын жасайды. Шоқан Кадет корпусындағы оқуынан демалысқа келгенде елдегі аңыз, әңгімелер мен жырларды үздіксіз жазып алып отырган. «Қозы Көрпеш Баян сұлу», «Ер Көкше», «Ер Қосай» жырларының біршама нұсқасын қағаз бетіне түсіреді. Кейін оларды оқытушысы Н.Ф.Костылецкийге тапсырады. Шоқан халық ауыз әдебиетінің алғашқы төрешісі болды. Ауыз әдебиеті нұсқаларының таза халық ақыл- ойының айғағы екенін және оның білім берерлік маңызын терең ұғынды.
Шоқан ауыз әдебиетінің нұсқалары арқылы халықтың өткендегі тарихын, тұрмыс-салтын, көзқарасын, дүниетанымын зерттеген. Қазақ халқының ауыз әдебиеті үлгілерін басқа халықтар әдебиетімен салыстыра қарады. «Жоңғар очерктерінде» қырғыздар мен қазақтардың көптеген ертегілері мен мифтерін, эпос жырлары мен аңыздарын славяндардың сол сияқты шығармаларымен салыстырады, шығармалар сарынының ұқсастығына таң қалады. Ш.Уәлиханов аңыздарды төрт топқа бөліп зерттеді: адамның ата-тегі туралы аңыздар, шежіре жөніндегі аңыздар, тарихи аңыздар және поэзиялық аңыздар (ноғайлы жырлары) (30,119). Шоқан еңбектерінде тарихи аңыздардың да құпиясына терең үңілу, байсалды пікір айту басым келеді. «ХҮІІІ ғасырдағы батырлар туралы тарихи аңыздар» деген көлемді еңбегінде Шоқан Абылайды екінші қатарға қойып, соғыстағы батырлардың ерлік істерін бірінші қатарда баяндаған. Шоқан, сонымен қатар, Абылайдың қазақтар арасындағы атақ-даңқы зор болғанын да жоққа шығармайды. Аталмыш еңбекте Шоқан Бұқар жырау туралы тұңғыш рет тарихи дұрыс мағлұмат береді. Бұқарды ақылгөй дана ақын ретінде, Абылайдың серігі тұрғысында жоғары бағалаған. «Абылай» атты мақаласында Абылай саясатының сырына назар аударады. Шоқан есімдері аңызға айналған Қорқыт ата, Жиренше шешен, Әз-Жәнібек, Асан қайғы, Абылай туралы мәліметтерді, олар өмір сүрген дәуірлердегі тарихи жағдайларды анықтайтын фольклорлық материалдарды көп жинаған.
«Қазақ шежіресі» еңбегінде былай дейді. «Ұлағатты ескі сөздерде Жәнібек ақылдылығымен Әз атанған, қазақтар оны Әз-Жәнібек дейді. Әз-Жәнібектің дана, білгір, шешен биі - Жиренше шешен болған. Жиренше шешен айтыпты деген қанатты сөздер қазақ арасында өте көп. Жиренше есімінің ел арасында тапқырлық пен шешендіктің символы болуы, Жәнібек хан мен Жиренше шешеннің қосарлана айтылуы тегін болмаса керек» (30,119). Поэзиялық аңыздарды немесе ноғайлы жырларын сөз еткенде Асан қайғының есімін құрметпен атап, оны көшпелілердің философы деп жоғары бағалайды. «Қырғыздар туралы жазбалар» еңбегінде Асан қайғының Жырғалаңда көшіп-қонып жүрген қазақ екенін, оның аты тек қазаққа ғана емес, көрші қырғыз еліне де мәлім боп, «Манас» жырында кездесетінін, зираты Ыстықкөлдің маңында екенін ескертеді. Бұл дәуір туралы «Қазақ шежіресі» еңбегінде «Жәнібек билік құрғанда туыстас қазақтар мен ноғайлар бірге көшіп-қонған, ол кез қазақ жырларында алтын ғасыр деп аталады. Қазақтардың көптеген аңыз-дастандары да сол алтын ғасырға дөп келеді» (30,124) дейді.
Осы алтын ғасыр өкілдері Жиренше шешен, Әз- Жәнібек, және Асан қайғының адамгершілікті уағыздайтын аңыз-нақылдарының өміршеңдігін айтқан. «Жиренше шешеннің бірлік, тәлім-тәрбелік нақылдары, әділ хан Әз- Жәнібек те, Ноғайлардың философ-данасы Асан Қайғы да осы күнге дейін далалықтардың аузынан түспейді» (30,124)-деп айтқан болатын. Аңыз-әңгімелерде әр қырынан танылатын Қорқыт Ата туралы Ш.Уәлиханов біраз еңбектерінде қысқа-қысқа мағлұматтар беріп отырады. Қорқыт Атаның көптеген халықтарға тараған бейне екеніне тоқталады. «Қазақтардағы шамандықтың қалдығы» еңбегінде Қорқыт жөнінде былай дейді: «Өлімнен қашудың өзі, алланың жазмышынан бас тарту - ислам діні бойынша күнәкарлық, әсте болмайтын нәрсе, ал шамандық халықтардың аңызының көбісі өлімнен қашу... Қазақ бақсыларының арасында Қорқыт туралы аңыз бар. Сол Қорқыт қазақтарды алғаш қобыз тартуға, сарын айтуға үйреткен ең бірінші шаман. Әбден мұсылманданған түркімендердің аңыз-дастанындағы Көрұғлының өзі, аз уақыт болса да, өлімнен қашады. Сондықтан да, көк- тәңірінің өлімге деген құдіреті, қатысы, шамандық сенімде, тосын-ғажайып күштен де, тағдыр деген ұғымға жақын, солай болғанның өзінде, шамандық діндегілер оған құлшылық ұрмай, көк-тәңірі құдіретінен босанбақшы болады...». Шоқан Қорқыт жөніндегі аңыз, ертегілерді толық талдамаған. Қорқыт жайындағы әңгімені М.Әуезов «Әр жылдар ойлары» еңбегінде толықтырады. Жазушы Қорқытты бірде дана ойшыл, бірде тапқыр өнерпаз, бірде ержүрек жас, бірде өлімді жеңген күйші-қария есебінде таниды. М.Әуезов қазақ Қорқытының басқа ел Қорқытынан бір ерекшелігі - мұндағы Қорқыттың сөз атасы емес, күй атасы ретінде көрсетілетініне назар аударады. Ал бұл пікір Шоқан айтқан пікірден ешбір алшақ емес.
Шоқан қазақ ертегілерін жинастырған, кейбіреулерін орыс тіліне аударған. Қазақ халқының аңыз-ертегілерінде жануарлардың, құстардың қайсыбірін киелі деп санаған. «Тәңірі» деген мақаласында халық арасына кең тараған көне ұғымдарға, діни түсініктердің тигізер кесепатына жан- жақты барлау жасаған. Мәселен, «Аруақ, қолдай көр, қолтығымнан жебей көр» деп сиырдан ай-мүйізді, аша тұяқтыны; қойдан - ақсарбасты, бозқасқаны немесе аппақ қардай тұмсасын аруаққа арнап құрбан шалады. «Қазақтар киесінен қорқып, аққуларды атпайды, аққуды құстың сұлтаны деп есептейді. Сондай-ақ, жапалақ, үкі, тоқылдақ, көк қарға, көкекке тиіспейді. Соңғысы ертеде адам болыпты деген аңыз бар. Бір ауылға күйеу бала келіп жатады, аяқ астынан аты жоғалады. Қалыңдықтың сіңілісі атты іздеуге шығарда, бір аяғына өз етігін, екінші аяғына асығып жүріп жездесінің етігін киеді. Көктем мезгілі болатын, міне сондықтан да көкектің бір аяғы қызыл, бір аяғы көк, сол себепті де «Аты жоқ көк, көкек-көкек!» деп айтады, киелі құс санатына жатады, көкек қонған бұтақты сындырып алып, май мол болады деген үғымда іркітке салады».
Шоқан - қазақ мақал-мәтелдерін алғаш жинаушы және оған тұңғыш баға беруші ғалым. Қазақ мақал-мәтелдерінің өмір шындығына, қазақтың тұрмысына қатысты екеніне ой жүгіртті. «Ұлы жүздің мәтелдері» еңбегінде өзі жинаған мәтелдерінің біраз нұсқасын араб алфавитімен өзгертпей берген және олардың орыс тіліндегі баламаларын да дәл жеткізген. Қазақ тілінде халықтың мінез-құлқын, жалпы ерекшелігі туралы ұғымды нақты білдіретін мақалдар да бар дейді. Мақалдарды бір тілден екінші тілге аударғанда мәні кететінін, оны дәл аударудың қиындығын айтқан. Шоқан ғылыми еңбектерінің көпшілігін орыс тілінде жазды. Оның орыс тілін жетік білуі қазақ ауыз әдебиеті үлгілерін орыс тіліне аударуға мүмкіндік берді. Зерттеуші қазақ мақал- мәтелдерін мазмұнын дәл сақтай отырып орысшаға
аударды, оларға түсініктер берді. Шоқан өзінің үш жүздей мақал жинағанын айтқан екен. ХІІІ-ХҮ ғасырларда Алтын Орда хандығының құрамына кіріп, бір мемлекеттің қол астында өмір сүрген Ноғайлы Одағын құрған қазақ-татар халықтарының осы тұстағы бай ауыз әдебиеті нұсқаларына Шоқан зор ықылас қойған. Ноғайлы дәуіріндегі әдебиет қазынасына «Шора батыр», «Орақ батыр», «Манас», «Едіге», «Ер Көкше», «Ер Қосай», «Қобыланды» сияқты дастандар, т.б. көптеген толғаулы жырлар қосылады деген. «Қазақтар арасында маған белгілі тағы екі жыр бар, оның бірі «Ер Көкше мен Ер Қосай». Бұл жырда уақ руынан шыққан Ер Көкше батыр мен оның баласы Ер Қосай батырдың қуатты қыпшақ тайпасымен күресіндегі ерліктері суреттеледі.[...] Ендігі бір жырдың аты «Орақ батыр». Бұл жырда Орақ батырдың бастан кешкен тағдыры әңгімеленеді. Орақ батыр қарауыл руынан, Россияға жорыққа аттанады, орыстардың қолына түседі, тұтқында абақтыда 10 жыл отырады, содан соң үйленіп, бала-шағалы болады, бірақ туған жерге, елге деген сағыныш маза бермейді, ақыры еліне оралады» ««Едіге» жыры ХІҮ ғасыр соңындағы оқиғаларға қатысты, бірақ ХҮ ғасыр басында құрастырылған. Бұл жыр-дастандағы ескі сөздер мен сөз тіркестері құбылысынан байқалады. Ондай создер мен сөз тіркестері қазіргі тілде жоқ. Ең бір таңқаларлық жай, бүкіл жырда бірде-бір парсы, араб сөзі кездеспейді. Мұсылман дінінің қанат жаюы салдарынан, қазіргі, күнделікті сөйлеу тіліміздің өзінде парсы, араб сөздері қаптап кетті».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет