Ертегілері. Жүсіпбек Аймауытовтың балаларға арнап жазған «Жаман тымақ», «Шал мен кемпір», «Көк өгіз», «Үш қыз» сияқты ертегілері бар. Олар суретті кітапша үлгісінде жарық көрген. «Көк өгіз» ертегісі былай басталады «Ертеде үш ағайынды жігіт болыпты. Мал дегенде үшеу ара жалғыз өгізі болыпты. Үлкені көк өгіздің басын алады, ортаншысы-ортасын, кішісі - артын алады. Үлкені өгіздің басын, ортаншысы ортасын, кішісі артын бағып жүреді. Бір-екі жыл өткенде көк өгіз өседі, үлкейеді: үш ағайынды жігіт бірін-бірі көре алмайтын болады». Ертегіде адам сенбес оқиға ары қарай жалғаса түседі. Мәселен, бір қара бүркіт серкенің мүйізіне қонып отырып, өгізді жейді. Жауыннан ықтап, серкенің омырауына тығылып отырған қара шаруаның көзіне өгіздің жауырыны түсіп кетеді. Кейінгі оқиғалар легін ертегінің аяғынан түсінуге болады. Ертегі аяғы сұрақ-жауапқа құрылған. Автор оқушыларға сұрақ қояды және оған өзі жауап береді. «Енді мұны, оқушылар, ойларыңа жүгірт: көк өгізді көтеріп ұшқан бүркіт күшті ме? Бүркіт пен көк өгізді көтерген серке күшті ме? Немесе көк өгіздің жауырыны көзіне түскенде, шөп құрлы көрмеген қара шаруа күшті ме? Жоқ, үш жүз кісіні ер-тоқымымен, қару-жарағымен сүйреп жүрген түлкі мықты ма? Әйтпесе, сол түлкінің жарты терісі тымақ шықпаған бала мықты ма? Болмаса, қырық қап тезекті жаяу арқалап, көлден өтіп келе жатқанда баласының түсіп қалғанын сезбеген қатын мықты ма? Ең мықтысы қайсы? Осының бәрінен де кок өгіз бен бүркітті бірдей көтерген серке мықты. Екінші, көзіне түскен көк өгіздің жауырынын шөп құрлы көрмеген қара шаруа мықты. Түлкі, қатын, бала - үшеуінің мықтылығы бірдей».
Ж.Аймауытовтың «Жаман тымақ» ертегі- поэмасы(1929) М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан», «Әтірік ертек» дастандарына қарағанда шағын көлемді. Мағжан поэмаларындағыдай ұзын-сонар кіріспе жоқ. Балаларды шығарма оқиғасына дайындау ыңғайы да байқалмайды. Кейіпкер сипаттамасы да көп берілмейді. Жеті, сегіз буын аралас жыр өлшемімен жазылған.
Жаман тымақты кедейдің жалғыз сиырын ауылнай алып қояды. «Сорлы кедей қалбаңдап, жаман тымақ жалбаңдап» ақсақалға барады, одан қайыр болмаған соң болысқа келеді, болыс ұрса жөнелген соң молдаға жолығады. Байдан несиеге он сом сұрайды. «Ортан қолдай бес бұзау жыл шығарып бересің?» деген соң начальникке жолықпақ болып кеңсеге келеді. Мне, осыдан бастап жаман тымақ хикаясы басталады. Көп қағаздың арасында жатқан тымақты бір күні тілмаш тысқа лақтырады. Көшеде жүрген бір ақ ит тістеп алып кетеді де, ат қора түбіне тастайды.
Әткен түні қорадан
Ат жоғалған түн екен.
Қазақ-орыс иесі
Атын іздеп жүр екен.
Тымақ тапты, кенелді,
Кеңсеге алып жөнелді.
Жаман тымақ бүрісіп,
Құлақтары құрысып,
Шәрке, телпек серік боп,
Жатты шкафта құнысып.
Арада айлар, жыл өтеді. Шкаф ашылып, тымақ та, телпек те, шәрке де бостандыққа шығады. Билік өзгерген. Әдиі тысқа лақтырған тілмаш та, шкафқа тастаған қазақ- орыс та қуғынға түскен. Бүл өзгеріске жаман тымақ әжептәуір желпінеді. Бір қазаққа селбесіп еліне қайтады. Қалпақты қазақ тоңған соң қалпағын тымаққа ауыстырады. Сөйтіп далақтап елге жетеді. «Жаман тымақ қаладан келіпті» деген хабар жедел тарайды. Тымақ біткен жиылып қалады. Түлкі тымақ, сәлде, күрең тымақ, көнетоздау көк тымақ, боқша асынған сұр тымақ бірі қонаққа шақырып, екіншілері бата бермек болып жік-жапар болады. Жаман тымақ ешқайсысын жанына жолатпайды. Көнетоздау көк тымақты ұрғызбақшы да болады. Боқша асынған сұр тымақтың боқшасын тартып алады, шоқша сақалын
жұлады.
Жапырық жаман тақия
Шыға келді ақыра:
«Мырзамызға тимесін,
Қайдан шыққан немесің?»
«Сенің қамың жеп тұрсам,
Сендер үшін кеп тұрсам,
Ақылы кем, бақыр-ау!
Сенікі не батыр-ау?
Бері кеп айтшы сөзіңді;
Шырамыттым өзіңді!»
Таянып ед тақия:
Ойбай! Менің тақиям!
Ойбай! Менің тымағым!
Деп бір-бірін танысты,
Шұрқырасып қалысты.
Поэмада елдегі өзгерістер ғана емес, ел мінезі де жақсы көрінген.
Достарыңызбен бөлісу: |