Сұрақтар мен тапсырмалар
1. 1940-50 жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің даму сипаты жөнінде әңгімелеңіздер. Соғыс кезеңі және соғыстан кейінгі кезең балалар әдебиетінің негізгі мазмұны мен тақырыптары жөнінде айтыңыздар.
Оқуға ұсынылатын кітаптар
Қаназов М. Чика - Дабылдың баласы. Алматы:Балауса, 1993.
Соғыс және жеңіс. – Алматы: Балауса, 1995.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
2 тарау. Б.БҰЛҚЫШЕВ
Баубек және балалар әдебиеті.
Соғысқа қатысқан жас жазушы Б.Бұлқышев өзінің «Заман, жастар, біздікі», «Жауыздық пен махаббат», «Өмір мен өлім туралы», «Мен өмір сүргім келеді», «Шығыс ұлына хат» сияқты публицистикалық еңбектерінде майдандағы жас адамның жүрек тебіренісін әңгімеледі. Туған жерін сүйе білген азаматтың дұшпанға деген кегі де, замандасына арнаған өмір туралы сыры да осы мақалаларда қамтылган. Екінші дүниежүзілік соғыс XX ғасырдың бел ортасындағы тарихи оқиға болса, сол тарихи жағдай Б.Бұлқышевтің көптеген шығармаларын өмірге әкелген фактор деп айта аламыз.
Баубек Бұлқышевтің балалар әдебиетін жасауа қосқан үлесін оның «Октябрь балалары» газетіндегі (бұрынғы «Қазақстан пионері», қазіргі «Ұлан») әдеби қызметімен және ондагы жарияланған еңбектерімен таразылаймыз. Баубектің Отан согысына дейін жазган шығармаларының денін өлеңдері, әңгімелері, очерк, фельетон, мақалалары мен аудармалары құрайды. Солардың ішінде балаларға арнап жазған шығармалары бір төбе. Балалар газетінде жүмыс істеген соң балаларға арнап шығарма жазбаудың еш мүмкіндігі жоқ. Әрі сол кездегі әдебиетіміздің балаларға арналған шығармаға деген зәрулігі айқын бой көрсеткен еді. Баубектің Кеңестер Одағы, Мәскеу, Кремль, Ленин жайындағы өлеңдерінің тақырыбын заман талабы белгіледі.
Баубектің балалар әдебиетіне назар аударуы балалар газетіндегі қызметімен байланысты болса да, оның заман тыныс-тірлігіне қатысты сезімталдығы айрықша атап өтуге тұрарлық. Жаңа қоғам ұрпағын тәрбиелеуде жеткіншектер әдебиетінің ролі жоғары екендігін түсінген зерделі жас оның іргесін нығайтуға жан-тәнімен кірісті. Шығармаларында ауыз әдебиеті мен Махамбет, Ыбырай, Абай орнықтырған арна-дәстүрлерді жалғастырды. Уақыт ерекшелігіне лайық жаңа форма, жаңа бейне жасауға талаптанды.
Баубекте Ы.Алтынсариннің «Әнер-білім бар жүрттар» өлеңімен тақырыптық жақтан үндес жатқан «Оқушы жыры», «Сабағымды бітірдім» атты өлеңдер бар. 7-8 буынды болып келуімен де ұқсас. «Оқушы жыры» өлеңіндегі
Оқыған сайын жоғары
Шыңға өрлей беремін.
Қанша оқысам соншама
Маңайымды көремін
- деген шумақ лирикалық бала кейіпкердің оқуға ынтыққан көңілін танытады. Қысқа ғұмырында көп оқып, көп білуге ұмтылған Баубек мұраты осы жолдардан-ақ аңғарылады. Ыбырай өлеңіндегі лирикалық кейіпкер - ересек адам. Ол жас жеткіншекті оқу-білімге, өнер үйренуге шақырады. Әнер-білім жаңалығын айтып тамсанады. Ал Баубек өлеңдерінің лирикалық кейіпкерлері —жеткіншектердің өзі, нәзік жанды бүлдіршіндер. Мәселен, «Сабағымды бітірдім» өлеңінде фотосуретке түсіретін - бала кейіпкер.
Тоқта, әй, жолдас!
Тұра тұр!
Бейнеңді қазір түсірем.
Қазір даяр болады,
Қалмайды бес минуттен.
Баубек өлеңдерінің кейіпкерлері ғылым жаңалығын пайдаға асырады және бұл істе өз үлестері бар екендігін жариялайды.
Химияның ғылымын,
Сүйіп сонша оқыдық.
Міне, ұшырдық, жазда біз,
Ауаға шарды толтырып.
Шарықта, ұш көкке шар!
Механигің біз балалар.
деп өз жетістіктерін мақтаныш етеді.
Халық ауыз әдебиеті дәстүрін үлгі еткен ұзақ өлеңі «Құтты қонақ» деп аталады. Мұнда «Қобыланды батыр» жырындағы Құртқаның сипатын еске салатын өрнек бар.
Мені көр де елімнің
Еркелеп өскен ерін көр.
Ақ алтынды Алтай бар,
Алтайды көр де кенім көр
Жез атасы - Жезқазған Жезінен жұпар аңқыған,
Жездіні көр де, жерім көр.
Осы ретпен туған жер реңін, оның байлығын, кемеңгер ұлдарын әспеттейді. Бала мінез-құлықтарында ортақ қасиет, сипаттар көп, сондықтан бала жүрген жерде бір-біріне ұқсас жайттар жиі қайталанып жатады. Жаздың ыстық күнінде қалың киім киіп, жұрт тәлкегіне ұшыраған бала персонаждар бізге С.Мұқанов, Б.Соқпақбаев шығармалары арқылы таныс болғанымен, бұлар - мақтаншақтықтан зиян шеккендер. Ал Б.Бұлқышевтің «Ұялдым» әңгімесінің кейіпкері қамқоршы атасының қыстауымен шілденің ыстық күнінде күпі мен бөрік киіп дағдыланған жан. Әрі өз-өзінен сескеніп, үрейі үшып жүретін қорқақ. Чеховтың «Құндақтағы адам» әңгімесін оқып, өзін соның бас кейіпкеріне ұқсатады. Ұялу себебі де содан. Кейіннен мінезіне жаңалық, өзгеріс ену себебі де содан.
«Лагерьден қайтқанда» әңгімесінде Ертіс жағасындағы лагерьде танысқан Төлеген мен Нұраның өмірге құштар көңілдері бала оқырманға берілетіндей ойнақы бейнеленген. Оқу-білімге деген ынтызарлық олардың достықтарын берік ете түскен. Әңгімеде балалар физикаға іждиһатпен көңіл бөледі. «Қорқынышты түс» әңгімесінде жас жеткіншектің сыннан өтетін пәні - география. Түсінде Дон өзенінің қойған сұрақтарына Ақан жауап бере алмай қалады. Қорқынышты түсі төмендегідей өріс алады:
Ашуланды, долданды
Дон, Ақан досты қолға алды ол.
Көтеріп ап теңізге атты,
Қайран Ақан суға батты.
Абайдың Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы» деген өлеңіндегі Терек өзенінің «долдануы» адам мінезіне ұқсап, жансыз табиғат жандандырыла суреттелген болса, осындағы «ашулы» Дон да тірі кісінің қылығын көрсетеді.
Б.Бұлқышевтің Махамбетке еліктеп жазған «Жүріп келе жатырмын» және «О, ерлер-ау, ерлер-ау!» өлеңдері де бар. Бүл екі өлеңдегі Махамбет толғауларының сарынын бірнеше арнада қарастырған жөн сияқты. Бірінші, Баубек пен Махамбет өлеңдеріндегі идея бірдейлігі тұрғысындағы үндестік. Екінші, екі ақын жырларындағы кейбір сөз қолданыс ортақтығына байланысты ұқсастық. Үшінші, көтеріңкі пафостың, жігерлі үннің болуы. Отан соғысы XX ғасырдың бел ортасындағы тарихи оқиға болса, сол тарихи жағдай Б.Бұлқышевтің көптеген шығармаларын өмірге әкелген фактор деп айта аламыз. Екі ақын да халқын сүйді. Сүйіспеншіліктерін екі түрлі жауға қарсы бағытталған қимыл-әрекеттерімен де, жалынды жырларымен де танытты. Екі ақын шығармаларында аралары бір ғасырдан астам уақытпен бөлектенетін оқиғалар шындығы жырланады. Екеуі де ел тәуелсіздігін ойлады, халықтың сәулелі өмірге жетуін аңсады. Махамбет өз арманын ұлт- азаттық көтеріліске қатысу арқылы жүзеге асыруға тырысса, Баубектің ынта-жігері Кеңестер Одағына шабуыл жасаған фашистік Германияны жеңуге, Отан қоргау мақсатына багытталды, сол мақсатта ақын қолына қару алып, майданға аттанды. Баубектің «Жүріп келе жатырмын» өлеңіндегі
Күнде жүріс, күнде ұрыс
Батысқа кетіп барамын.
Жағаласып жауменен
Алысып кетіп барамын.
Әлім кешіп, қан кешіп
Кетіп бара жатырмын.
Туын ұстап елімнің
Қауіпті кезең жерлерден,
Әтіп бара жатырмын.
- деген жолдарындағы лирикалық кейіпкердің тірлігі Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңіндегі ерлер ісіне сай. Махамбет өлеңі «ереуіл атқа ер салып, егеулі найза қолға алып, еңку-еңку жер салған» азаматтың әрекет ету мақсатын(«қалың қарындастың қамы» үшін) түспалдап қана жеткізсе, Баубек өлеңі лирикалық қаһарман алдына айқын мақсат қояды:
Тағдырың үшін, о, елім,
Тағы жүрем, тағы да...
Ер кеудесін оқ алмас
Аттанған ел арына.
Әрине, халық үшін үлкен қимылға бару жайы Махамбет ақынның басқа өлеңдерінде ажарланып көрінеді. Бірақ бұл өлеңіндегі ерлердің де тегіннен-тегін «түн қатып жүрмегені» белгілі.
Махамбеттің «Күн болған», «Күн қайда?» атты өлеңдерінің бар екендігін еске ала отырып, Баубектің алғашында «Күн туған» аталып, кейін «О, ерлер-ау, ерлер- ау!» деп өзгертілген өлеңі «Жүріп келе жатырмын» туындысына қарағанда өз ұлтының азаттығын көксеген ақын ағасының көңіл-күйімен анағұрлым орайлас, жақын үндестікте туған деп айтамыз.
Екі ақын да арыстандай айбатты ерлерімен мақтанады. Махамбет Исатайдай ерден айрылған халқы үшін қапалы. Баубек Исатайға ұқсас арыстандай айбатты ерлері бар халқы үшін қуанышты. Махамбеттің «Күн болғанында» өткен күннің азалы бейнесі елес берсе, «Күн қайда?» өлеңінде халық үшін қайта айналып келер шуақты күн жырланады. Махамбет ақын сол бір өткен күндерді аңсайды. Өлең жолдарынан ақынның халқына, туған жеріне деген ыстық махаббаты, атадан балаға жалғасқан салт- дәстүрге деген құрметі сезіледі. Шалғынға байланған бие, балдай тәтті қымыз - дәстүр айшықтары десек те болғандай. Ақын салған осынау көркем сурет көз алдыңнан тізбектеліп өтіп, көңілге оптимизм ұялатады.
Оптимистік көңіл-күйге Баубектің «Жүріп келе жатырмын» өлеңі де жетелейді. Өлеңдегі «жағаласып жауменен алысып кетіп барамын», «ерегісте, ұрыста», «қайыспастай туған ер» сөз қолданыстары жыраулық поэзиямен сусындаған Махамбеттің отты өлеңдерін бірден еске салады. Тіпті 7-8 буынды өлең түрінде болып келуімен де туыстас. Жыраулық және жауынгерлік поэзияны дамытқан Махамбет жырларының игі ықпалы, әсіресе, «О, ерлер-ау, ерлер-ау!» өлеңінен анық байқалады. «Еділге бүгін жау шапты», «Еділ бетін боятты», «күн туды ер басына», «күн туды ат басына», «арғымаққа ер батты», «бекінейік сертпенен жағасында Еділдің», «арыстаным, айбаттым» дегендеріндегі сөз айшықтары мен тіркестері - бізге Махамбет жырлары бойынша көзтаныс. Баубек бұларды өз заманының келбетін танытуда қолданды, оларға жаңа мазмұн, өзгеше өң берді. Баубек «ежелгі ерке, ер Еділ» дей отырып Махамбет жырлаған Еділ жайында әңгіме етіп отырғандығын байқатқысы келгендей. «Ежелгі дұшпанның ел болмайтындығын» еске түсіретін бұндағы «ежелгі» сөзін ол жаңаша қолданады. Демек, Б.Бұлқышев өзі егжей- тегжейін таныс білетін оқиғаны әсерлі бейнелеу мақсатында Махамбеттің тіл қазынасынан өзінің идеялық-әстетикалық көзқарасына сай келетін сөз қатарын асқан талғампаздықпен іріктеп алып, еркін пайдаланған. Қайткен күнде де Б.Бұлқышевтің қарастырылған бұл екі өлеңінің Махамбеттің қай толғауымен болсын үндес жатқандығын аңғару қиын емес. Екі суреткер өлеңдеріндегі стильдік тұрғыдағы туыстық нышан айқын. Махамбет шығармаларынан байқалатын көтеріңкі пафос, асқақ арман Баубек өлеңдерінде де бар. Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық пафос ұлт-азаттық көтерілісі мақсатымен ұштасып жатса, Баубек өлеңдерінде ол Отан қорғау мақсаттарына байланысты туған.
Бергенінен берері көп жасқа келіп жеткенде қыршынынан қиылған Баубек қазақ балалар әдебиетінің даму тарихында жеткіншектер әдебиетін дамытуға бағытталған шығармашылық еңбегімен өз ізін мәңгілікке қалдырып кетті.
Достарыңызбен бөлісу: |