Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет44/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1. С.Сейфуллиннің «Маузер», «Бұлшық ет», «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап», «Бандыны қуған Хамит» шығармаларына бүгінгі күн тұрғысынан баға беріңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар

  1. Сейфуллин С. Өлеңдер мен поэмалар. - Алматы: Мектеп, 1988.

  2. Талжанов С. Сейфулланың Сәкені. -Алматы: Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасы, 1959.

  3. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. Алматы:Мектеп, 1980.

  4. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. – Павлодар: Арман, 2004.


  1. тарау. Б.МАЙЛИН



Өлеңдері. Халықтың бесік жыры, тұсау кесу жырлары дәстүрінде жазылған «Әлди»(Ана жыры)(1923), «Тәй, тәй... қаз,қаз...»(1923) өлеңдерінің мазмұны жас балаға тілек тілеу сипатында болғанымен, негізінен, ел өмірінің келеңсіз көріністерімен таныстырады, қазақ әйелінің мұң-шеріне ортақ етеді. Б.Майлиннің «Тәй, тәй...қаз, қаз...» өлеңінің дәстурлі фольклорлық тұсау кесу жырынан айырмашылығы, бұнда тілек шеше атынан айтылады. Халық бесік жырына ұқсайтын тұстары да бар. Мәселен, баланың жарқын болашағына құрылған ақ тілекпен бірге, «ел сүймесе, сүймесін, өзім сүйген бөпешім» дегенге ұқсас тіркестер де ұшырасады.
Көз нұрым, көңілімнің қуанышы,
Кейпіңді жаман дейді қандай кісі...
Өзімнен басқа жері айныған жоқ,
Мұрнының әкесіне тартқан ұшы...
Халық бесік жырының дәстүрлі және суырып салма деген түрлері бар. Суырып салма бесік жырында от басы, ошақ қасындағы әйелдің күйініш-сүйініші, мұң-тілегі айтылатыны белгілі. Б.Майлин өлеңінде де шешенің бала күтудегі бейнеті, мұң-зары айтылады.
Шаршаймын, белім талып, әсіресе,
Ойнатып жетелеумен жүрсем біраз.
Қаншама көрдім, қалқам, бейнетіңді,
Төрт бөліп, бір сен үшін түнгі ұйқымды.
«Құдайға» жатсам-тұрсам зар етемін.
Ы.Алтынсарин өлеңінде ананың балаға деген қамқорлығы үшінші жақтан айтылса, Б.Майлин өлеңінде бірінші жақтан, ана атынан айтылады. Ана тілегінің бөлекше көрінетін жері де бар. Қосағының жәбіріне баласы үшін көнеді. Баласы өскенде есе қайтарына үмітті.
Қайтейін бір сен үшін жүрмін көніп,
Осыған жігіт болсаң, қүдай беріп,
Шырадай сорлы көзім бір ашылар
Әкеңді билеп-төстеп алсаң ерік.
XX ғасыр басындағы, 20-30 жылдардағы авторлық бесік жырларының, тұсау кесу жырларының ерекшелігі, білімді азамат, дөкей қызметкер болуды тілек етуінде.
Молдаға оқытармын тілің шықса,
Шығарсың білікті боп оқу жұқса,
Дабылың ақырғанда жерді жарып,
Дұшпаның айбатыңнан басып ықса....
Өлеңде «тәй, тәй, тәй, қаз, қаз, қаз» деген қайталаулар орын алған. Қайталаулар 1 шумақта, 4 шумақта және 9 шумақта айтылады. Бірінші және төртінші шумақтағы «Тәй, тәй, тәй, қаз, қаз, қаз, Аяғын апыл-тапыл басқанға мәз» қайталаулары баланың қадамын қызықтауға қатысты қолданылған. Тоғызыншы шумақтағы қайталаулар болашақта жүзеге асатын шеше тілегіне байланысты төмендегіде өзгеріске түскен:
Тәй, тәй... тәй... Қаз, қаз,.. қаз,
Қуанып әжең сонда болмай ма мәз.
Әлдилеп немеремді алдыма алып,
Отырсам келін жұмсап, оқып намаз...
Б.Майлиннің «Әлди(Ана жыры)» деп аталатын өлеңі де халықтың дәстүрлі бесік жырынан мүлде өзгеше. Мұнда фольклорлық суырып салма бесік жырындағы сарын бар. Бесік тербетіп отырған ана бөпесіне мұңын шағады, зарын айтады, қорқынышы мен үрейін білдіреді. Өлеңде әлеуметтік теңсіздік мәселесі бой көтереді.
Әлди, әлди әуп бөпем, әлди-ай,
Сорлы әкеңді малайлыққа салды бай.
Жарық сәуле көрсетпедің өмірге,
Қандай өшің болды бізде, әй, құдай.
Өлең кейіпкері құдайға реніш білдіреді. Сонымен бірге тағдырға бойұсынады. «Өмірімде бір бүтін көйлек кимедім» деп өз-өзін аяйды. «Сорлы жүдеп жүрген шығар ыстықта» деп күйеуін еске алады.
Әлди, әлди
Күюін-ай етінің,
Мына жері ісік пе, ойбай бетінің,
Тезек тер деп тағы мазаны алады,
Шырылдатып қиын тастап кетуім...

  • деп балаға да жаны ашиды. Бірақ бай мен бәйбіше алдындағы қорқыныш сезімі бұлардан үстем. «Әне, ойбай, дауысыңды бай есітті», «Келіп қалып ұрсар ма екен бәйбіше...» деп үрейленеді. Ендігі бір сәт «Қойшы, қалқам, емші мына мамаңды, сен де аяшы сорлы болған анаңды» - деп жалынады.

Айқай дәурен.
Билік болса басыңда,
«Әй!..» деп жұмсап ер отырса қасыңда,
Өсірмес пе ек қолдан бір кез түсірмей,
Қалқатайды сылап, сипап жасында...
Балаға күтім керек. Оны сылап-сипап өсіру керек. Бар гәп биліктің жоқтығында болып тұр. Билік болғанда, баланы мәпелеп өсіретін жағдай да болған болар еді.
«Қағынғыр»(Ананың ашуы)(1926) өлеңінде анасының баласына деген ашуын жыр тілімен өрнектейді. Бала тірлігіндегі кейбір көріністер «Ойынға, екіншідей баршы, кәне, төмпештеп әкелейін, төбеңді ойып!» деп келетін шеше сөзімен, оның ой-сезім, түсінігімен әдіптеліп беріледі де, бала өмірінен гөрі ересек адамның(әйелдің) харакеті мен ауыр тұрмыс жағдайынан сыр суыртпақталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет