Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет7/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73
Rustemov okulik 00

Қазақ балалар әдебиетінің 70-жылдардан кейін зерттелуі. Балалар әдебиеті саласында ойлы пікір айтқан ғалымдар мен қаламгерлер қатарын кейінірек Б.Ысқақов Қ.Мырзалиев, Ә.Табылдиев, З.Серікқалиев, Е.Елубаев, С.Қалиев, Қ.Ергөбек, Б.Сарбалаев, Б.Ыбырайым, Ә.Бөпежанова және т.б. құрады. 70-80 жылдары С.Әскенбаевтың «Қазақ балалар прозасының даму тенденциялары» (1970), Г.Нұғыбаеваның «Детская литература Казахстана 1970-80-е годы (развитие, нравственность, проблематика)» (1984) тақырыптарында кандидаттық диссертациялары қорғалды. 90-шы жылдары К.Матыжанов «Қазақтың фольклорлық балалар поэзиясы» (1990), Ә.Әтегенова «Жанрово-художественные особенности современного казахского детского рассказа (70-80-е годы)» (1990) тақырыптарында кандидаттық, Б.Ыбырайым «Қазіргі қазақ балалар повесінің көркемдік ерекшеліктері» (1990) атты тақырыпта кандидаттық және «Қазіргі қазақ балалар прозасы және рухани әстетикалық даму мәселелері» тақырыбында докторлық (1998) диссертацияларын қорғады. 2000 жылдардың ішінде қорғалған зерттеу жұмыстары ретінде Б.Қапасованың «Қазіргі қазак балалар лирикасы» (2001), А.Ақтанованың «Қазіргі қазақ балалар драматургиясы» (2003), Ж.А.Рүстемованың «Қазақ балалар прозалық әдеби ертегісі» (2004), Б.Ақыштың «Балалар прозасындағы жеткіншектер бейнесінің жасалуы (рухани әлем және адамгершілік мұрат)» (2006), Г.Қажыбаеваның «Қазіргі қазақ балалар поэмасы (1960-90)» (2006), Ә.Жәкімнің «Қазақ балалар поэзиясы және Мұзафар Әлімбаевтың көркемдік тағылымы» (2006), Ш.Жанаеваның «1960-80 жылдардағы қазақ балалар поэзиясы және Қ.Мырза Әли шығармашылығы» (2007) такырыптарында қорғалған кандидаттық диссертацияларын атауға болады. Қазақ балалар әдебиетінің дамуына айтарлықтай үлес қосқан ақын-жазушылардың жекелей өмірі мен шығармашылығына қатысты қорғалған Е.Құлымбетовтың «Өтебай Тұрманжановтың ақындығы» (1974), Б.Баткееваның «Мұзафар Әлімбаевтың лирикасы»(1999), Ж.Бұлтанованың «Қабдыкәрім Ыдырысовтың шығармашылық мұрасы» (2007) атты кандидаттық диссертацияларын да атаған жөн. Қ.Мырзалиевтің «Сөз сиқыры» (1982), Б.Ыбырайымовтың «Көркемдік көкжиегі» (1991), К.Ісләмжанұлының «Рухани уыз» (1995), Қ.Ергөбектің «Мейірім шуағы» (1985), «Өтебай Тұрманжанов» (1992), «Арыстар мен ағыстар» (1 том, 2003) кітаптарында қазақ балалар әдебиеті мәселелері сөз болады. Қ.Ергөбектің құрастыруымен жарыққа шыққан «Сөзстан» (1983), «Қазақ совет балалар жазушылары» (1987) жинақтарында балалар ақын-жазушыларының шығармашылық өмірбаяндары жайында мол мағұлмат беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет