Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


«Көркемтай» әңгімесі (1924)



бет33/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73
Rustemov okulik 00

«Көркемтай» әңгімесі (1924). «Прозалық шығармаларының ішінде идеалы-көркемдік жағынан елеулісі - «Көркемтай» әңгімесі. Бұл Сәбиттің 1916 жылы жазатын «Өгей ұл» атты сюжетті өлеңімен тақырыптас, үндес сияқты. Осы кезде жазылған (1924ж.) Мұхтар Әуезовтың «Жетім» атты әңгімесімен де ұқсастығы жоқ емес. Бәрінде де жетім балалар дүниеқоңыз жауыз ағайындарының қорлығын көріп, аянышты тұрмысты басынан кешіп, ақыры өледі» - дейді Е.Исмаилов Сәбит Дөнентаевтың 1957 жылы жарық көрген кітабының алғысөзінде. «Әгей ұл» өлеңінің (1916) сюжеті төмендегідей: Бір байдың інісі өліп, келініне әмеңгерлік дәстүрмен некеленеді. Інісінен жалғыз ұл қалады. Бала ер жетеді. Бай жалшыны алыстан іздемейді. Жетім ұл күн-түн демей байға қызмет етеді, малын бағады. «Қыз айттырсын» деген сөзін шаруаның көптігін сылтау қылып бай елең қылмайды. Күндердің күнінде жас бала боранда қалады, суық тиіп аурулы болады. Содан оңалмайды. О дүниеге бет бұрған балаға бай кенеттен «жалаға қалмалық!» деп қыз айттырмақ болады. Біреумен құда болып балаға кеп естіртеді. Тілсіз қалған бала қолын сермейді.
Атқарылып қарыздан,
Мойнындағы парыздан,
Жағасы жайлау бай қалды.
Ырзалық деп қол сермеу,
Сол ма, жоқ па ол сермеу
Кім тексерсін жәй-халді?
«Көркемтай» әңгімесі Орынбор қаласында шығып тұрған «Жас қазақ» журналының № 4, № 5, № 6 сандарында 1924 жылы басылған. Әңгіме аяғына «Жетім» деп қол қойылған. Әңгіме «Көркемтайдың шын аты - Көркемәлі, кішкене кезінде балалармен ойнағанда тілі келмеген балалар «Көркемтай» деуші еді. Шешесі де еркелетіп сүйгенде «Көкемайым-Көркемтайым» деп әдеттеніп, содан «Көркемтай» атанып кеткен» деп басталады. Автор әңгіме басынан-ақ Көркемтайдың ана махаббатына бөленіп өсіп келе жатқан жеткіншек екендігін байқатады. Жазушының Көркемтай өмірінде болатын кейінгі келеңсіз жайттарды тағдырдың қатал соққысы ретінде сипаттайды. Көркемтай қайырымсыздық құрбаны. Әмеңгерлікпен Көркемтайдың шешесін әйелдікке алған Ысқақ - мейірімсіздік дәнін егуші басты адам. «Қасындағы ағайын көршілерінің балалары Көркемтайдың жақсы жүргендігін күндеп көре алмайтын. Көркемтай үйіне барса, Ысқақтың үйінің ішімен жабыла ұрсып әлденемелер айтып, баланың тауын шағып жіберетін:
-Сен, жалмауыз обыр, әкеңді жұтып, енді қарайған малыңды жұттың. Бүкіл бір үйдің малы сенің киімің мен тамағыңнан артылмайды. Шешең мен екеуің әкеңнің дүниесін құрттыңдар, - деп балағаттап, Көркемтайды жылатып жіберетін. Оны шешесі есіткенде, Ысқақтың үйімен ұрсып: - Менің жалғызымда нелерің бар! - деп, баласы үшін әлденеше рет таяқ жеп, басы жарылған күндер де болған». Шеше шарасыздығы Көркемтай басында ауыртпалықтың болмай қоймайтындығын аңғартады. Ысқақтың тепкісінен көз ашпаған Көркемтай шешесінің өлімі бұл ауыртпалықтың келуін тездетеді. Күзгі ауылдың көңілсіз күйі шешесінен айрылғалы жылға жақындаған Көркемтай көңіл-күйімен ұштастырылады. Ысқақтың шешесі жататын кереуеттің аяқ жағында ескі көрпеге оранып, басын бүркеп, домаланып жатқан Көркемтай жатысы оның шешесі өлгеннен кейінгі сүреңсіз, сұрқай өмірін көрсетеді. Бір үйлі жанның ішіндегі қайрымдысы - Ысқақтың келіні Нағима. «Көркемтайдың Нағимаға бауыр басушылығының себебі Нағиманың өзі бір түрлі жұмсақ жүректі, жылы жүзді, кісіге жақындығы бар әйел еді. Біреудің зорлауымен Ысқақтың баласына тиген».
Бірақ Ысқақтардан қаймығатын жас келін Нағиманың жан жылуы Көркемтай үшін білте шамның жарығындай-ақ. Көркемтай үйінің қораларын Ысқақтың бұзуы, тайынан үйреткен көк бестісін алып қоюы - жетім бала қайғысын қалыңдата түседі. Білте шамның соңғы жарығы Нағиманың Ысқақ үйінен кетуімен бірге өшеді. «Нағима кеткеннің артынан Көркемтайдың қайғысы бұрынғысының үстіне екі есе болып жамалды, бұрынғыдан да жаман хияли болды. Күн-түн демей беті ауған жаққа кетіп қалған күндері болды. Қыстың қақап тұрған аязды кештерінде талай рет ауыл адамдары далада қаңғып жүргеннен алып келіп үйіне қондырып жіберіп жүрді. Кейде жұмсақ көңілді біреулері Ысқақтың үйіне ұрысып тапсырып кетуші еді». Қайғы, бірінші жағынан, қысқы суық, екінші жағынан, Көркемтайды дертті етті. Көктемгі мамыр айының көркем күні тек Көркемтайға ғана қуаныш сыйламады. Дерт қысқан Көркемтай көк моланың бір бұрышында бүктүсіп жата берді. «Анадайдан өткір көзімен қарап құйрығын қыймылдатып, аштық жылы аштан өліп қалған адамдардың етін жеп дәндеген байғұтандар отыр». Автор бұл жерде ашаршылық жылдардың қасіретті шындығын ашып отыр. Батқан күнмен бірге Көркемтайдың да демі үзіле берді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет