Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет29/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.XX ғасыр басындағы кезең күрделілігіне назар аударыңыздар. Ғасыр басында да қазақ халқының болашағы үшін ең қажетті нәрсе оқу, өнер-білім болып саналды. Осы мәселелердің сол тұстағы қазақ балалар әдебиетінде
көрінуін дәлелдеңіздер.
2.XX ғасыр басында қазақ ақын-жазушыларын толғандырған мәселелерге бүгінгі заман талабы тұрғысынан көңіл аударыңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.ХХ ғасыр басындағы қазақ ақындары.- Алматы: Мектеп, 1982.
2.ХХ ғасырдағы қазақ әдебиеті. - Алматы: Мектеп, 1983.
3.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: Мектеп, 1980.
4.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. – Павлодар: Арман, 2004.

  1. ТАРАУ. ШӘКӘРІМ ҚҰДАЙБЕРДИЕВ



Оқу-білім, өнер тақырыбындағы өлеңдері. Оқу-білім тақырыбындағы өлеңдеріне оның «Жастарға», «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» өлеңдерін жатқызуға болады. «Жастарға» (1879) өлеңінде Шәкәрім халықты бақытқа, жақсы өмірге жеткізудің бірден-бір жолы - ғылым мен өнерде, мәдениет пен еңбекте, адалдық пен әділдікте деген ой айтады және қазақ жастарын соған үндейді. Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Ғылым таппай мақтанба» өлеңдерімен мазмұндас бүл өлең халық ақылшысы, ұлы ұстаз Абай есімімен шебер өрнектелген. Шәкәрім: «Абайдың қадірін жете түсінейік, әйтпегенде сөзімізді ұғар жан жоқ екен деп бізден де үмітін үзер» - дейді. Әкесінен жеті жасында айрылған Шәкәрімді атасы Құнанбай жетімдігін сезінбесін деген оймен бетінен қақпай еркебұла ғып өсірсе керек. Жүйрік ат мініп, құмай тазы ертіп, қыран бүркіт ұстаған Шәкәрім жастық шағының біраз жылын сауық-сайран, саятшылықпен өткізген екен. Оны жөнге келтіріп, ақылға салған сол кездің өзінде ел ақылшысы болып танылған дана-данышпан Абай болатын. Абайдың данышпандығын алғашқылардың бірі болып Шәкәрім «Жастарға» өлеңінде мойындайды:
Кел, жастар, біз бір түрлі жол табалық,
Арам айла, зорлықсыз мал табалық,
Өшпес өмір, таусылмас мал берерлік,
Бір білімді данышпан жан табалық.
Өлең жастарға айтылатын тілек түрінде жазылған. Онда ол «ақылы дария, білімі көл-көсір данышпанның алдына жүгінейік, біз сияқты ауьгл жастарын қолынан түк келмейтін өңкей мылжың деп сөгіп кетпесін, жаздық- жаңылдық, уақытымыздың көбін зая өткізіп алдық десек, мейірімі түсер, білімдінің батасын алайық, білмекке құштар көңілімізді байқап, еңбегім жанатын болды деп бір қуансын» дейді.
Бұл Абай саудагер ғой ақыл сатқан,
Әр түрлі асылы көп өтпей жатқан.
Тегін білсең аласың, бос береді.
Тұстасынан ешкім жоқ мұны тапқан. - деген шумақтарда Шәкәрімнің Абайды ақысыз-пұлсыз ақыл сатқан «саудагер» бейнесінде беруі өте сәтті, нанымды шыққан. Осыншама қымбат дүниені тегін беру - жанашыр, қамқор адамның ғана қолынан келеді деген ой қылаң береді. Шәкәрім Абайдың әділдігіне риза, турашылдығына тәнті, ұлылығына бас иеді. Сөйтсе де, «Дос жылатып айтады, дұшпан күлдіріп айтады» дегендей Абайдың қатты айтқан сөздерін көңіліне ауыр алған сәті де болса керек.
Сөзбен де, өлеңмен де сабақ беріп,
Алсын деп керектісін өзі теріп,
Шиқанымды езгендей шықты жаным,
Айтқанда естігендер үғып келіп.
Шүу дегенде бұл сөзі жанға батты.
Бұрын ондай көргем жоқ жаманатты,
Қайырусыз, қағусыз өскен басым,
Бұлқындым шу асаудай мойны қатты.
Жаны ашып, жақсы соқпақ тазалапты,
Жігерленсін, білсін деп табалапты.
Жоба көрмей, жүгенсіз кетпесін деп,
Қатты сөзбен қайырып қамалапты.
- дей келіп, Абайды шын жанашырым деп ұғады. Шәкәрімнің «Абай марқұм өткен соң өзіме айтқан жырларым» деген өлеңі (1912) элегия сарынында жазылған. Естінің сөзін ұқпас ортада өз жалғыздығын сезінуден, торығудан, Абайды сағынудан туған өлең. Өлеңнен Абайға мұңын шағып, шерін тарқатып тұрған Шәкәрімді көргендей боласың.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет