Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет38/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.М.Дулатов өлеңдері мен әңгімелерінің идеялық-тақырыптық және көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар.
2.Ы.Алтынсарин туындыларымен салыстырыңыздар.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.М.Дулатов. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991.
2.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. – Павлодар: Арман, 2004.

  1. ТАРАУ. МАҒЖАН ЖҰМАБАЕВ



Өлеңдері. Балаларды оқуға шақыратын келесі бір өлеңнің авторы - М.Жұмабаев. Арнау түріндегі «Қарағым» атты өлеңде үгіт-насихат басым. Өлең 1912 жылы шыққан «Шолпан» жинағына енген болатын.
Қарағым, оқу оқы, босқа жүрме!
Ойынға құр қаларсың, көңіл берме.
Оқымай ойын қуған балаларға
Жолама, шақырса да қасына ерме! -дейді ақын. Абайдың «ондай болмақ қайда деп, айтпа, ғылым сүйсеңіз» дегенін Мағжан «қарманған қарап қалмас!» - деген рас сөз, тоқтамай істе болсаң батып терге» деп жалғастырады. Ыбырайдың «мал - дәулеттің байлығы, бір жұтасаң жоқ болар» десе, Мағжан ақын «Тер ағызып, өліп-талып табылған ата дәулет быт-шыт болып тозады» дейді. М.Жұмабаевтың «Қарағым» өлеңі С.Көбеевтің «Мектепке шақыру», А.Байтұрсыновтың «Оқуға шақыру», М.Дулатовтың «Мектепке» өлеңдерімен үндес. Ең алдымен, үшеуі де арнау түрінде келеді. Екіншіден, өлең шумақтарында ой ұқсастығын туғызған сөз қолданыстары бар. Салыстырып көрейік:
Балалар, жиналыңыз мектепке ерте,
Мәз болмай деген сөзге, мырза ерке,
Бұл кезде өнерлі адам өрге шықты,
Зат емес, надан кісі алар текке.
(С.Көбеев)


Балалар!
Оқуға бар!
Жатпа қарап!
Жуынып, киініңдер шапшаңырақ!
Шақырды тауық мана әлдеқашан,
Қарап тұр терезеден күн жылтырап.
(А.Байтұрсынов)

Жатырсыңдар неге ұйықтап?


Күн шығып қалды, балалар.
Таңертеңгі аязбен
Мектебіңе жөнел бар.
(М.Дулатов)
Шумақтардағы «Балалар, жиналыңыз мектепке ерте», «Жатырсыңдар неге ұйықтап?» пен «жатпа қарап», «күн шығып қалды» мен «қарап тұр терезеден күн жылтырап», «мектебіңе жөнел бар» мен «оқуға бар» дегендердің ара-жігі ажырағысыз. Мағжан, Спандияр, Ахмет өлеңдері 11 буынды болып келуімен де ұқсас. Міржақып ақын өлеңіне 7 буынды өлшем ойнақылық сипат дарытса, 11 буынды өлшем үлкен салмақ жүгін көтеріп тұр. Мағжан, Ахмет, Спандияр өлеңдерінен авторлардың басты мәселеге тереңдеп бару талабы байқалады. Үшіншіден, төртеуінде де Абай, Ыбырайдан келе жатқан дәстүр, идея сақталған. Ол үлгі М.Дулатовтың екі өлеңі («Мектепке», «Мектептен») түрінде берілсе, Мағжанның «Қарағым», Ахметтің «Оқуға шақыру», С.Көбеевтің «Мектепке шақыру» өлеңдерінен жеке-жеке көрініс береді. 1924 жылы «Ақжол» газетінің нөмірлерінде жарияланған «Әже», «Немере мен әжесі» өлеңдері әже мен немере арасындағы диалогқа құрылғанымен, кезең суретін, от басында ұршық айналдырып, жүн түткен, арасында ертек айтқан әже мен ертек тыңдап ақырында сілекейі ағып, шаршап ұйықтаған немересінің тірлігін, немересінің көп сұрағына жауап бере алмай қиналған әженің ақыр соңында «тек! - деп ем ғой, - тентек, тентек, мұны айтатын мектеп, мектеп!» деп тығырықтан шығу қарекеті кезең суреттері фонында берілуімен өзгеше. Балаларға саналы түрде арнап жазған өлеңдері «Балаларға тарту» жинағына (1927) топтастырьшған. «Ақ қала», «Ата, бата», «Ана», «Сылдырмақ», «Сал, сал білек», «Бөбектің тілегі», «Сұр құлын» өзіндік ерекшеліктері жеке-жеке тоқталғанда білінеді. «Ақ қала» өлеңінде ақ қардан ақ қала тұрғызған балалардың көңіл-күйін автор шебер жеткізген. Шеберлік кілті - бала қам-қарекетінің дәл бейнеленуінде. Өлеңде іске деген құлшыныс («топырлап, шулап, соқтыға, тоғытқан бейне тоқтыдай, жапырласты шөпірлеп»), негізгі іске талас («мен оям! - деп біреуі, «мен қоям!» деп біреуі терезеге таласты»), істің нәтижелі бітуі («Күліп жүріп көп бала, салып қойды ақ қала») бар. «Ата, бата» өлеңінде атасының немересіне беретін батасы екі дара тілектен тұрады.
Атасы:
«Құлыным бата дейді ғой!»
«Бата десең, қарт атаң
Айналсын сендей ботасын!
Оқы, құлыным, әлім бол,
Атаң берді батасын!»
Ауыз әдебиеті дәстүрінде жазылған «Ана», «Сылдырмақ», «Сал-сал білек, сал білек», «Бөбектің тілегі», «Сұр құлын» өлеңдерінде айшықты тіл, кестелі сөз өрнегі мол. Әлпештеу поэзиясының бесік жыры, уату-алдарқату жыры, мәпелеу жырлары, балалар тақпағын еске салады. «Ана» өлеңінде ана монологы жоқ, сырқат бөбегінің жанындағы қасірет шеккен ана кейпі сипатталады. Баяндау арқылы ананың балаға деген махаббатының өлшеусіздігін көрсеткен ақын. «Сылдырмақ» - бала мінезіне құрылған өлең. Бөбек пен оның ағасы Әлімжан мінезі шағын өлең ішіне сыйып кете берген.
Бөбектің егер қолынан
Түсе қалса сылдырмақ,
Әлімжан аға болмысы
Сылдырмақты сыйдырмақ,
Ең болмаса «байқаусыз»
Басып кетіп сындырмақ.
Тағы да бөбектің мектепке баруын, білім алып, әлім болуын тіліген тілек «Сал, сал білек, сал білек» өлеңінен көрінеді. Халық өз өлеңінде «ал, білек, ал, білек, атаң тілін ал білек, мал ішіне бар білек» десе, ақын «Сал, білек, сал, білек, балдан тәтті бал білек, мектепке бар бір мезгіл, әжеңнің тілін ал, білек» дейді. «Атаның көңілі балада, баланың көңілі далада» демекші, «Бөбектің тілегі» өлеңінде малжанды бөбек қозы, лақ, құлыншақты өзінің тілек тілеу объектісіне айналдырады. Тоқтышақтың тоғыз, саулық қойдың сегіз, құла биенің құнан табуын тілейді. Бөкен жүнді бөрте ешкінің төрт айда төрт ешкі болуын, әукесінің алты рет бұзаулауын өтінген бөбек тілегі бар. «Сұр қүлын» өлеңінде шағын сюжет сілемі бар. Сүліктей сұлу сұр құлынын жаз бойы Әлжан сылап-сипап қызықтайды. Қыс түсіп, арада біраз уақыт өтеді. Әлжан құлыншағын көруге келеді.
Сұр құлын жоқ алдында
Жалбыраған жабағы:
Томпиды аузы Әлжанның
Салбырады қабағы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет