Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



бет40/73
Дата22.08.2023
өлшемі0.56 Mb.
#476180
түріОқулық
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73
Rustemov okulik 00

Сұрақтар мен тапсырмалар
1.М.Жұмабаевтың балаларға арналған өлеңдерінің көркемдік ерекшеліктеріне талдау жасаңыздар, тәрбиелік мәніне тоқталыңыздар.
2.XX ғасырдың бас кезіндегі әдебиеттің дамуына тарихи-әлеуметтік жағдайлардың ықпалы жөнінде М.Жұмабаевтың «Жүсіп хан (Шын ертек)», «Өтірік ертек» поэмалары негізінде түсіндіріңіздер.


Оқуға ұсынылатын кітаптар
1.М.Жұмабаев. Шығармалары. - Алматы: Жазушы, 1991.
2.Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2- кітап. – Павлодар: Арман, 2004.
3.Қазақ балалар поэмасының антологиясы. - Алматы: Арда, 2005.

  1. тарау. ЖҮСІПБЕК АЙМАУЫТОВ



Өлеңдері. Ж.Аймауытовтың «Қыс» өлеңінің басты тақырыбы қыс болғанымен, идеясы оқуға шақыру болып табылады. Автор қыс келбетін ел тірлігімен байланыстыра суреттейді. Бұл байланыс, әсіресе, өлеңнің құрылымдық жүйесінен анық байқалады. Өлең кіріспе, негізгі екі бөлім, қорытынды бөліктен тұрғандай әсер береді.
Жалп-жалп, жалп-жалп жауды қар,
Тон киіндік, тоңды мал.
Кіріспе негізгі бөлімде не жайында айтылатындығына оқырманды дайындау мақсатын көздейтін сияқты. Қар жауды, демек, қыс түсті. Түскен қыс өзімен суығын бірге ала келді. Адамдардың жылы киінуі, малдың тоңуы қыс ызғарына байланысты болып отыр. Өлеңнің бірінші бөлімінде алғашқы жолдағы ой жалғаса түскен, яғни, қыс мінезі тағы көрінеді:
Бұрқ-бұрқ, бұрқ-бұрқ боран бар,
Боран жоқта тұман бар.
Қызыл шұнақ қызыл бар.
Суда айна тас мүсін бар.
Қылаулатқан қырау бар.
Екінші бөлімде екінші жолдағы харакетке ұқсас тірлік молынан баяндалады:
Боғы қатқан бұзау бар.
Үйіп алған отын бар.
Қалтыраған қатын бар.
Бүрсеңдеген лақ бар.
Сүмеңдеген қонақ бар.
Қыздар қылған шұжық бар.
Қонақ айтар қызық бар.
Соңғы бөлім негізгі бөлімдерде айтылған ойдың түйіні іспеттес қабылданады.
Ай, балалар, балалар!
Күнде оқуға жүрелік,
Үйренелік, білелік!
Қыс ызғарына қарамай, күнделікті атқарылатын шаруаларға қарайламай оқуға бару керектігі жайындағы ой айтылады. 7 буынды өлшем балаларға арнау түрінде жазылған бұл өлеңге ойнақылық сипат дарытқан. Жауған қар мен соққан боранның еліктеуіш сөздермен бейнеленуі де белгілі дәрежеде өлең ойнақылығын арттыра түскен.
Жапалақ, жапалақ қар жауар,
Жамбасыңа мұз тоңар.
Лақ, тоқты қашады,
Қойшы талқан асады. - деп келетін халық өлеңінің авторлық олеңге ықпалы айқын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет