Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет14/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   297
І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Прескриптивті (бұйрық беруші) қоғамдарда керісінше, құн-
ды-лықтар жүйесі мен ағылақтық кодекстер, ұйғарымдар, заңдар, 
нормативтер, бұйрықтар түрінде болады, анықтамалар, түсінді-
рулер, құқықтық нормаларға қандай да бір түсініктер беру салдар-
ларына кепілдік берілмейді, сондықтан, біздің пікірімізше, олардың 
мызғымастығы берік орнығып, нығая алмайды. Құқықтар мен 
заңдардың вербалды нормаларының күші, мысалы, қазақтың әдет 
ғұрпындағы тәрізді, мызғымастығында және бұлжытпай орында-
луында болып отыр. Билер соты жасалған қылмыс үшін ұйғарған 
жаза түрі, ру-тайпалық бірлестіктердің қоғамдық пікірлерінің қысы-
мымен бірден орындалып отырды. 
Дегенмен, әсіресе, әлеуметтік шиеленіскен ахуалдар жағдайын-
да, кейбір қазақ хандары әдетті кодтау үшін іс-шаралар қолданғанды-
ғын атап өту керек. Мәселен, Тәуке хан (1718 жылы қайтыс болды) 
жан-жаққа бытырап кеткен құқықтық әдет нормаларын, бірыңғай 
заңдар жинағына топтастыруды мақсат етті. Бұл заңдар жинағы 
«Жеті Жарғы» деп аталды, бірақ кезінде ол жазбаша емес, негізінен, 
ауызша таралғандықтан, қазіргі күнге дейін толық күйінде жетпеді. 
ХІХ ғасырдың 20-жылдарындағы Г. Сперанскийдің және, әсіресе 
30-жылдардағы А.И. Левшиннің зерттеулерінің нәтижесінде, «Жеті 
Жарғының» алдымен 11 фрагменті, сосын 34 фрагменті қайта өңделіп, 
көпшілік игілігіне айналды. «Жеті Жарғының» заңи нормалары өте 
қатал болды және қалыптасқан әлеуметтік иерархиялық жүйенің 
заңға сәйкес қызмет етуіне бағытталды, олардың барлығы жинақ-
талған күйінде, қоғамдағы әлеуметтік және рухани ахуал және қазақ 
хандығындағы адамдардың тұрмыс-тіршілігін құқықтық ретке келті-
ру тәсілдері туралы дұрыс көзқарас қалыптастыруға мүмкіндік берді.
Қазақстанның мемлекеттік құрылысында хандық билік түрі 
қалыптасуымен бірге, әйгілі жыраулар мен ақындардың жарқын бір 
тобы да бой көрсетті, олар алғашқы күндерден-ақ, ХV–ХVІІІ ғасыр-
ларда орын алған, қазақ қоғамының тұрмыс-тіршілігіндегі шие-
леністі әрі жан күйдірерліктей оқиғалардың иіріміне түсіп, кете 
берді. Бұл оқиғалар қазақ ойшыл-ақындарының шығармаларында 
рухани көрініс тапты және өзіндік идеялық оқылым, анықтамалар 
және түсініктер беру көзіне айналды. 
Қазақ хандығы дәуіріндегі әйгілі ақындар мен жыраулардың 
шығармашылығына арқау болған, қоғамның әлеуметтік және 
рухани-мәдени жағдайларының жалпы көрінісі осындай еді. 
Олардың шығармаларында қазақ халқының дүниекөзқарасы мен 
дүниетүсінігі, сан салалы тыныс-тіршілігі мен рухы жан-жақты 
бейнеленді. 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет