Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет148/297
Дата19.05.2022
өлшемі1.97 Mb.
#457501
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   297
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Қ. Халид Әсет ақыннан жазып алған, сол кезеңдегі кең тараған 
той жырларының («Беташар», «Жар-жар») бүкіл циклын келтіреді. 
Тойды суреттегеннен кейін ол үйленген балаларына енші беру және 
тұрмысқа шыққан қыздарына төсек-орын беру туралы, кенже ұлы 
ие болып қалатын туған үйінің маңызы, келіннің жанұядағы хал-
жағдайы туралы әңгімелейді.
Құрбанғали жерлеудің, қаралы жылдың және ас берудің күрделі 
жобаларын үлкен шеберлікпен суреттейді. Бұл салт-жораларды 
көптеген авторлардың суреттегеніне қарамастан, Қ. Халид материал-
дарының жан-жақтылығы, мазмұндылығы және терең талдануы 
тек қазақ көркем әдебиетіндегі ғажайып суреттемелерден ғана кем 
түседі деуге болады. Құрбанғали салтанатты ас беру дәстүрінің өте 
ертеден келе жатқанын атап өтеді. Ол осы дәстүрдің пайда болу 
себебін түсіндіргісі келеді. Ас беру қайтыс болған адамның және 
оның балаларының байлығының көрсеткіші екенін айта келіп, оның 
балалары мен туыстарына үлкен шығын әкелетінін көрсетеді. Автор 
бай және атақты адамдарға ас берудің ажырамас және ең қымбат 
бөлігі, бәйгелеріне тым қымбат заттар тігілетін ат жарыстарын толық 
суреттейді. «Көп жағдайда, – дейді автор, – бәйге тоғыз бөліктен 
тұрады... Егер тоғыздың басы күміс жамбы немесе түйе болса, онда 
оған тағы сегіз бас мал не сегіз зат қосады».
Ас беру дәстүрінің дамуына көз жібере отыра, Қ. Халид бұл 
қазақтардағы қатаң сақталатын және үлкен дайындықпен өткізілетін 
ежелгі салт деп көрсетеді. Бұл дәстүр хиджраның 1200 жылына дейін 
және онан кейін де (1785–1786 ж.ж.) әсіресе 1280–1300 ж.ж. (1863–1882 
ж.ж.) ынтамен орындалып отырған. Алайда, ғасырдың соңына қарай 
ас беру бірте-бірте сирей бастады. Оның себебін Қ. Халид қоғамдық 
өмірдегі жағдайлардың өзгеруіне байланысты (билік үшін талас, яғни 
болыстыққа талас және қарсылас партиялардың пайда болуы) адамдар 
арасындағы қатынастың нашарлауынан деп есептейді. Екінші себебін 
ол молдалардың әсерінің күшеюінен, яғни «байлыққа құмартып, олар 
ас берудің дұрыс еместігі туралы шешімдерін кең таратып, әр түрлі 
теңеу пікірлерімен халықтың құлағын сарсытты» – деп көрсетеді.
Көшпелі мал шаруашылығымен тығыз байланысты қазақтың 
халық календарына автор өзінің кітабының 13 бетін арнаған. Ол 
ай санауды және әр айдағы шаруашылыққа маңызды және тиімсіз 
күндердің бар екендігін, оның айдың тоғам шоқ жұлдызымен тұстас 
келуінен және т. б. құбылыстарға байланысты екендігін толықтай 
түсіндіреді. Қазақ календарын Қ. Халид басқа халықтардың халық 
календарымен салыстырып, қазақ және парсы тілдеріндегі ай санауға 
қатысы бар мәселелерді, нақыл сөздерді келтіреді.


 
151


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   297




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет