Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет116/401
Дата08.12.2023
өлшемі1.5 Mb.
#485985
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   401
treatise187525

ВОЛЬТЕР (Франсуа Мари Аруэ, 21.11.1694, Париж, – 30.05.1778, сонда) – француз философы, жазушы және публицист. XVIII ғ. француз ағартушыларының бірі. В. өзінің «Философиялық хаттарында» ағылшын философы Дж. Локктың сенсуализмін ұстанды, француз материализміне, әсіресе, Гольбахқа қарсы шықты. Өзінің басты философиялық мақала- ларын «Энциклопедияда» басты. В. табиғи құқық мектебінің өкілі ретінде әр индивидтің бостандығы, жеке меншігі, қауіпсіздігі, теңдігі идеяларын


155

мойындады. Шығармаларының көпшілігі діни соқыр-сенімге, қанаушы- лыққа, клерикалды изуверлікке, деспотизмге қарсы бағытталған. Өзінің публицистік памфлеттерінде («Діни төзімдік туралы трактат», 1763), көркем шығармаларында (мысалы, «Гебры» трагедиясы) діни төзімділік идеясын уағыздады. Шіркеуге, дінге қарсы шыға отырып, ол атеизмнің жауы болды, оған арнайы памфлетті («Homélie sur I’athéisme») арнады. XVIII ғ. ағылшын буржуазыиялық еркін ойлаушылары сияқты деизмді ұстанды, әлемді жаратушы құдайдың бар екендігін мойындағанмен, оның әлемдегі заңдылықтарға араласпайтындығын «космологиялық» («Атеизмге қарсы»), «телеологиялық» («Le philosophe ignorant») және «моральдық» («Энциклопедиядағы» «Құдай» мақаласы) дәлелдермен тұжырымдады. Абсолютизмге қарсы шыға отырып, ол өмірінің ақырына дейін монархист болып қалды, яғни қоғамның «білімді бөлігі», интеллигенция,


«философтарға» сүйенетін, ағартушылық монархизм идеясын ұстанды. Білімді монарх – оның саяси идеалы («Генриада» поэмасы, «Минос заңдары» трагедиясы). 28 классикалық трагедия жазды, бастылары: «Эдип» (1718), «Брут» (1730), «Заира» (1732), «Цезарь» (1735), «Магомет» (1741),
«Меропа» (1743), «Семирамида» (1748), «Құтқарылған Рим» (1752),
«Қытайлық жетім» (1755), «Танкред» (1760). Философиялық романдары:
«Видение Бабука», «Задиг немесе тағдыр», «Микромегас», «Кандид»,
«Вавилондық ханша туралы ертегі», «Scarmentado» және т. б.
Әдебиет: Вольтер. Статьи и материалы. – М – Л ., 1948; Соколов В.В. Вольтер. – М., 1956; Кузнецов В.Н. Вольтер и философия французского просвещения 18 в. – М., 1965.
Г ГАДАМЕР Ганс Георг (1900 ж. т.) – неміс философы, филолог, өнертанушы, герменевтиканың негізін салушылардың бірі. Негізгі еңбегі –
«Ақиқат және метод». Герменевтика философиясының негізгі белгілері» (1960). Хайдеггердің ізімен Г. түсіндіруді логикалық құрал түрінде емес, адамдық болмыс тәсілі ретінде қабылдайды. Герменевтика Шляейрмахердегідей мәнді ашу да, Дильтейдегідей таным әдісі де емес. Г. дүниені түсіндіруде «ақылға дейінгі» (дәстүр мен бедел тәрізді) құры- лымдардың маңыздылығын атап өтеді. Мәтінді түсіну үшін, дейді ол, біз оның жеке бөліктерінің мағынасын білуге ұмтыламыз, бірақ, бұл үшін тұтастықты алдын ала білуіміз қажет. Г. түсінудің диалогтық табиғатын атап өтеді. Түсіну – сұрақ-жауаптық құрылымға негізделген: мәтінді түсіну үшін, онда қойылған сұрақтарды біліп, бөтен сұрақтар қоймау қажет. Сұрақты тек өзімізге қоя білсек қана түсіне аламыз. Г. тіл мәселелеріне үлкен көңіл бөліп, Хайдеггер тәрізді, оны болмысты тану дәнекері ретінде алады. Медиум ретіндегі тілдің әмбебаптылығы герменевтиканың әмбебаптылығын дәлелдейді. Герменевтиканы тәжірибе түрінде алған Г.


156

практик түсіндірмеші ретінде философия тарихынан (Платон, Аристотель, Гегель,Гуссерль, Хайдеггер) және әдебиет тарихынан (Гете, Рильке, Гельдерлин, Паул Целан) көптеген мысалдар келтіреді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   401




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет