43
Қол астына жиылып,
Қол астынан тарасқан.
Олар салған дүбірден
Қаптап
жатқан қалың жау
Шыбын жаннан түңілген.
Дырдай болып келгенмен,
Бордай болып үгілген.
Басы барлар иіліп,
Тізесі бар бүгілген.
21
Тастың бетіне қашалған тарихи жыр осылай басталады...
Содан бері мың екі жүз елу бес жыл өтті. Тарихтың беті сан өзгеріске
ұшырады.
Жылдар жылжып, ғасырлар алмасып жатты. Жер жаңарып,
қоныс өзгеріп жатты. Бірақ Орхон өзенінін бойындағы қас батырдың
ерлігіндей тәкаппар, сұсты, маңғаз тас ескерткіш он екі ғасырдан аттап,
өз
заманының шындығын, қайғы-қасіретін, амал-әрекетін арқалап, сол
күйінде бұзылмай, бүлінбей бүгінгі күнге аман жетті. Ол ескерткіштер
кімдікі, қалай табылды, кім ашты, кім аударды, кім зерттеді; жазбалардың
мазмұны, жанры қандай — міне, ендігі әңгіме сол туралы.
Достарыңызбен бөлісу: