36
бірлестік-мемлекеттердің негізінде түрк халқы қоғамдасып,
соның
негізінде Түрк қағанаты орнады. Бүгінде түрк халықтары деп аталатын
қазіргі әзербайжан, түркмен, қырғыз, қазақ, өзбек, қарақалпақ, башқұрт,
татар, алтай, хақас, ұйғыр, чуваш, ойрат, тува халықтары осы Түрк
кағанатына топтасқан ру-тайпалар негізінде қалыптасқан.
Түрк халқын әдетте хан басқарған. Ханның Ордасы болған. Ордада
ханмен бірге әр уақытта ақылшы жырау тұрған. Ханнан кейінгі басшыны
— жабғы (бас уәзір), ханның өз мұрагерін — тегін деп атаған. Ал
дулаттар (дулу) билеген Батыс Қағанатында ханнан кейінгі дәреже жора
деп аталған.
Әскери демократияға негізделген түрк коғамында халық: бек
(ақсүйек),қара будун (бұқара),құл, күң деп жіктелген.
Күші жағынан да, мекені жағынан да заманының іргелі мемлекеті
болған Түрк қағанатының тарихы V ғасырда Хундардан қашып шығып,
Алтай тауының түстігіне қоныс тепкен Ашындардан басталады.
Тарихи
деректерге қарағанда, Ашындар көшіп келген Алтай тауын
ол кезде өздерін түркпіз деп есептеген қаңлылар, қыпшақтар, телістер,
қырғыздар, байырқылар, басмалдар, құрықандар, отыз татарлар, ізгілдер,
едіздер, қарлұқтар, кеңгерестер, дулаттар, үйсіндер, сол сияқты бертінде
түрк халықтарының негізін кұрған басқа да көптеген дала тайпалары
мекендеген.
V ғасырдан бастап осы аталған рулардың бәріне түсінікті, ортақ түрк
тілі қалыптаса бастайды.
Бүкіл Сібірді, қазіргі Қазақстан мен Орта Азияны түгел
жайлаған
«ұзын найзалы, жарау атты» түрктер үш ғасыр (VI—VII—VIII ғ.ғ.) бойы
кең далада адам айтқысыз алапат, жойқын соғыстарды басынан кешкен.
Түрк халықтарының бірлесуін тарихшылар Бумын қаған үстемдік
еткен 545 жылдан санайды.
Бумын — саясатқа мықты, айлакер адам болса керек. 551 жылы өзімен
көршілес жужандарды талқандап, көшпелілердің арасында даңқы асқан
ол Елханы деген атқа ие болады. Бумын қайтыс болған соң, таққа бірінен
кейін бірі қатарынан оның үш ұлы отырады. Солардың ішінен тарихта
Муганханның есімі ерекше аталады. Ол өзімен көршілес жужандарды,
татабыларды, қидандарды түгел бағындырды.
Түрктердің жойқын соғыстарының біразы Бумын ханның інісі Естеми
(Есті-ми, ақылды деген мағынада) ханның атымен сабақтасады. Ол —
Бумынның тірісінде-ақ қол басқарып көзге түскен,
ханның жабғысы
(уәзірі) болған адам. Естеми Батыс жорықтарын басқарған. 555 жылы
Шаш (Ташкент) қаласын, Жейхун (Амудария), Інжу (Сырдария)
өзендерін қаратып, Арал теңізіне дейін жеткен. Осымен Естеми жорығы
тәмамдалады.
VI ғасырдың 80 жылдары хан тұқымдарының арасында дау-
37
жанжал өршіп, соның салдарынан Түрк қағанаты Батыс және Шығыс
қағанаты болып екіге бөлінеді.
Жетісу өңіріндегі, Шу бойындағы,
Еділдің төменгі, Ертіс, Есіл өзендерінің жоғарғы сағасындағы
өзара жауласып, әбден титықтаған түрк
рулары Батыс қағанаттың
құрамына енеді.
Батыс қағанаттың құрамына енген рулардың ішіндегі ең бастылары
Дулу (дулаттар) одағы мен Шу, Та лас, Ыстықкөл маңындағы нушебилер
(үйсіндер) еді. Дулаттар мен нушебилердің әрқайсысы дербес бес рудан
тұрса керек. Батыс қағанатын кейде «он ру» немесе «он оқ»
20
халқы деп
атайтыны да сондықтан.
604 жылы Батыс қағанат құлайды. 635 жылы дулаттың бес руы,
нушебидің бес руы бөлініп, өз араларынан бек сайлап, биліктің белгісі
ретінде оларға оқ береді. «Он оқ түрк» деген сөз содан қалған. Дулаттар
мен нушебилердің шекарасы ретінде Шу өзені белгіленеді.
Қолдарына билік тимеген қарлық, яғма, қыпшақ,
басмал тәрізді ру
басылары жаңа тәртіпке көне қоймайды да, өршіген наразылық ақыры
Достарыңызбен бөлісу: