Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет11/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

Шұбар Төліс басқарған он оқ ордасына қарсы көтеріліске ұласады. 
Шұбар Төліс хан төңірегіндегі достарымен қашып, Ферғанаға жетіп, 639 
жылы дүние салады. Ал жауласқан екі жақ бітім жасап, Іле өзенінің екі 
бетін бекініс етеді.
Іле өзенінен бастап Сібір тайгасына дейінгі аралықты жайлаған батыс 
түрк руларының басына 641 жылы Үкі шад таққа отырады. Олардың 
құрамына Жоңғариядағы басмалдар, Алтайдағы қыпшақтар, Минусинск 
ойпатындағы қырғыздар, Енисей, Тарбағатайдағы басқа да көптеген 
тайпалар енеді.
Үкі шад Жетісудың оңтүстігінде дулаттармен жойқын соғыс жасайды. 
Бірақ дулаттардан жеңілген ол қашып Байшынху (ертеректе Исфиджаб, 
бертінде Сайрам аталған қала, Шымкенттің шығысында) каласына 
жасырынады. Бұл жерден қол жинап, қайта шабуыл жа сайды. Бірақ 
жауынгерлікпен атағы шыққан дулаттар батыс ашын руларының бірінен 
шыққан Халлығты (лақап аты, оның шын аты тарихта сақталмаған) хан 
көтеріп, Үкі шадтың қолын қайта талқандайды. Сөйтіп, Халлығ соғыстан 
әбден шағылған, қалжыраған он оқ халқына көп жылдар бойы олардың 
аңсаған бейбітшілігін қамтамасыз етеді. Дулаттарға—«Чур» (Шора), 
нушебилерге — «иегін» атағын беріп, өзіне және өзінің сарбаздарына 
арнап Мыңбұлақ (қазіргі Жамбыл қаласының маңында) алқабында қамал 
салдырады. Өзінің ұлына «Багадүр жабғы» деген дәреже тағып, оны 
өзінен соңғы Батыс қағанаттың әміршісі етіп сайлайды.
20
Қазақ арасында халықтың құрамын білдіретін буын, бау, сан деген сөздер де кездеседі. 
Мәселен, «Тоқсан баулы қыпшақ», «Он санды оймауыт, тоғыз санды торғауыт» дейді. Мұның 
өзі бір ғана қыпшақтың тоқсан тараудан, оймауыттың—он, торғауыттың — тоғыз тармақтан 
тұратындығын білдіреді. 


38
656 жылдың қақаған қысын пайдаланып, Қытай империясы Батыс 
қағанатқа төтеннен шабуыл жасайды. Тұтқиылдан лап берген есепсіз 
күшке төтеп бере алмаған нушебилер, дулаттар бірінен соң бірі жеңіліп, 
олардың басшысы Халлығ қалған қолымен Іле өзеніне шегінеді. Сөйтіп, 
он оқ халқынан бүтіндей қол үзген ол шегінгеннен шегініп, ақыры Шу 
өзенінде тізе бүгеді.
Бірақ Халлығ соңына баласын ертіп, аздаған атты әскерімен жауды 
адастырып, оңтүстікке қашып кетеді. Шаш (Ташкент) қаласына 
жақындағанда әбден титық тап, болдырған аттары төрт аяқтап табандап 
тұрып алыпты. Шаш қаласының тарханы бұларды ұстап, қол-аяғын 
байлап, қуғыншылардың қолына берген екен. Сөйтіп, Халлығ 659 жылы 
зындан түбінде азап шегіп, жалғыздықтың тақсыретінен дүние салады.
Ал, көп жылдар өктемдік еткен қытайлар 692 жылға дейін дулаттар 
мен нушебилердің 60—70 мыңдаған кісісін қырып тынады. Осыдан 
бастап Түрк қағанаты күйреді деп есептеледі.
Әбден қорлық көрген түрктер VII ғасырдың аяғында Қытай 
империясына қарсы көтеріліске шығады. Әдепкіде біраз табысқа 
жеткенмен, Қытайдан жаңа күш келіп, Қарақұмға шегінген көтерілісшілер 
ақырында, аштыққа ұрынады.
Бірақ түрк халқы бұл жолы жеңілгенмен, тойтарыс алдық деп босқа 
қарап отырмаған. Бір жылдан соң Гудулу (Құтлығ) басқарған түрк 
халқының жаңа толқыны қайта өршиді. Құтлығ — әскери білімі бар
айла-тәсілге жетік кісі болса керек. Ол тоз-тоз болған түрк халқын қайта 
жиып, дана Тоныкөкті соңына ертіп, 683 жылы Қытай басқыншыларынан 
түрк жерін азат етеді. Осы әрекеті үшін халық Құтлығты Елтеріс (елді 
теруші, жинаушы мағынасында) хан деп атап кетеді.
Түрк халқын құрап іргелі ел еткен Елтеріс 693 жы лы дүние салады. 
Соңында әлі де балағатқа жетпеген, әжетке жарай қоймаған екі ұлы 
қалады. Сондықтан да таққа оның інісі-Мочур (Қапаған) отырады. 
Қапаған тым арманшыл, қиялшыл, қатал кісі болыпты. Ол бір кезде 
даңқы жайылған Түрк қағанатындай мемлекет орнатуды арман етеді. 
Оның тым әсіре қаталдығы халық наразылығын күшейтіп, ақыры 
Қапаған 716 жылы көтерілісшілердің қолынан қаза табады.
Бұл жағдай Елтеріс ханның буыны бекіп, бұғанасы қатайған заңды екі 
мұрагері — Білге мен Күлтегінді таққа әкеледі.
Кішісі — Күлтегін өте ер болған. Қарлұқтармен арада болған соғыста 
(711—715) даңқы жайылған жас ба тыр бұрыннан келе жатқан ата дәстүрін 
бұзбай, «Білге хан» деген ат беріп, таққа өзінің ағасын отырғызады. Ал, 
Білге хан болса, інісі Күлтегінді әскер басы етіп сайлайды. Басқаша 
айтқанда, бұл шын мәніндегі Қаға нат иесі деген сөз еді.
Билікті түгел қолдарына алған Елтеріс (Құтлығ) Қағанның үйелмелі-
сүйелмелі екі ұлы (Білге мен Күлтегін) саясатты әуелі ағасы Қапағанмен 


39
сыбайлас болған ақсақалдарды жоюдан бастайды. Бұрын-соңды соғысқа 
араласып жүрген кәрі тарландардан Елтерістің тұсында да көрегендігімен 
көзге түскен, Қапағанға да кеңесші болған Тоныкөкті ғана ақылшы 
етіп қалдырып, оған Баға Тархан (мемлекеттік кеңесші) атағын береді. 
Қарт данышпан бұл кезде 70 жаста еді. Көп кешікпей айлакер Тоныкөк 
өз қызын Білге Қағанға қосады. Сөйтіп, осы үшеуінің тұсында түрк 
халқының даңқы қайта жер жарады.
731 жылы Күлтегін қайтыс болады. Батырдың азасына ат қойып ел-
елден келген көңіл айтушыларда есеп болмаған. Батырлығының куәсі 
ретінде оның басына мәңгілік ғажап ескерткіш орнатылды.
Көп кешікпей, 734 жылы дүниеден Білге Қаған да өтеді. Оны 
сатқындар у беріп өлтіреді.
Таққа отырған Иоллығ-тегін әкесі Білге ханның ба сына зәулім 
ескерткіш орнатады. Сөйтіп, ағасына да, әкесіне де арнап тасқа қашап 
олардың ерліктерін дәріптеген жоқтау-мадақ жырын жазады.
Иоллығ-тегін ақын әрі тарихта болған адам. Ол 739 жылы өз ажалынан 
қайтыс болады.
Міне, Түрк халықтарының тарихына қатысты және біз осы кітапта 
жариялап отырған Орхон жырларында (Күлтегін, Тоныкөк ескерткіштері) 
бейнеленген тарихи оқиғалардың желісі осындай. Біз мұны негізінен 
Н. Я. Бичуриннің «Собрание сведений Азии в древние времена (М.—I 
т, 1950—1953), А. Н. Бернштамның «Собрание сведений о народах 
обитавших в Средней Азии в древ ние времена» (Москва, т. I—III, 1950—
1953); Л. Н. Гумилевтің «Древние тюрки» (Москва, 1967) деп аталатын 
еңбектеріне сүйеніп жаздық.
Түрк қағанатының құрамына енген, бертінде түрк халықтарына 
ұйытқы болған және Орхон ескерткіштерінде аталатын рулар, тайпалар 
өте көп. Олардың басты-бастылары жайында қысқаша мынаны айтуға 
бола ды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет