86
Келтірілген кестеден Орхон ескерткіштерінде жеті-сегіз буынды жыр
жолдарының (оларды қосып есептегенде бүкіл ескерткіштердің 30,3
процентін қамтиды) басымырақ екенін байқаймыз.
Мұның өзі Орхон
ескерткіштерін құрылысы жағынан қазақ жырларына тағы да жақындата
түседі.
Тегінде Орхон жырларында өте жиі ұшырасатын: іші-тысы, (ічін-
ташын), ел-жұрты (ел-төрүсі), жылаған-сықтаған (йұғчы — сығытчы),
інілі-ағалы (інілі-ечілі), бейнет-күші (ісіг-күчіг), ата-баба (ечүм-апам),
ілгері-кейін (ілгері-кұрығару), атақ-даңқы (аты-күчі), от-су (от-суб),
ойда-қырда (йер-сайу), өлім-жітім (өлү-йітү), жаяу-жалпы (йодағын-
йалаңын), жер-көк (теңірі-йір), қасы-көзі (көзі-қашы), ою-өрнек (барқ-
бедіз), күні-түні (күн йеме-түн йеме), қыз-қырқын (қыз-қыдыз) тәрізді
тұрақты-мағыналық бірлікті білдіретін қос сөзді егіз тіркестер мен
ыңғайлас мәндес синонимді сөздер тізбегі өлең жасаудың ең әдепкі
тәсілдері болғанға ұқсайды.
Ондай қос сөзді тіркестердің өзі кейде бір жағы мәнді, бір жағы мәнсіз
(қыз-қырқын, жылаған-сықтаған, өлім-жітім тәрізді); кейде екі сыңары
да мағыналы (қасы-көзі, ойда-қырда, ата-баба) болып келеді.
Енді ыңғайлас мәндестерге мысал келтірейік: Тәтті сөз, асыл
қазынасы, сүчіг сабын, йымшақ ағын;
Ақылды кісілерді, батыл кісілерді — Едгү
білге кісіг, едгү алп кісіг;
Жоқ, кедей халық
Иоқ, чығай будун;
Қалыптастырғам, иелік еткен
—
тұта бірміс, іті бірміс
Қырылайық, жойылайық
Өлүрейін, урығсырайун;
Бейшара, мүсәпір халық
Иабыз, йаблақ будун;
Бағынды, жүгінді
Ічікді, йукүнті т. с. с.
Кейде осы тәрізді ыңғайлас сөздердің бір ғана қатар емес, екі тармақ
құрап, өлеңге өте ұқсас болып келетін түрлері де ұшырасады.
Елсіз қалған,
хансыз қалған халықты,—Елсіреміс, қағансырамыс
будунуғ,
Күң болған, құлданған халықты, Күндеміс, құледміс будунуғ,
Ата-баба мекеніне қайта орнатқан, Ечүм-апам төрүсүнче йаратмыс,
болғұрмыс.
Білместігі үшін,
Білмедүкін үчүн,
Бізге жауыздығы үшін
Бізіңе йаңлұқын үчүн
Ханы өлді.
Қағаны елті
Көтерген тәңірі,
Көтүрміс теңрі,
Ел
берген тәңірі,
Ел бірігме теңрі.
Іші —ассыз,
Ічре ашсыз,
87
Тысы — тонсыз
Ташра тонсыз,
Ханы алып екен,
Қағаны алп ерміс,
Ақылгөйі дапышпан екен.
Айғұчусу, білге ерміс т. с. с.
Мұндағы бірде қатарласа, қабаттаса келетін, бірде ыңғайласа келетін
сөздер тіркесі мен тізбегі белгілі бір ойды күшейтіп, әсерлі жеткізу
үшін қолданылған. Бұлар сөз жоқ, халқымыздың бейнелі ой, кестелі сөз
жасаудағы әдепкі адымын танытады.
Біз жоғарыда Орхон ескерткіштерінің
әлденеше тармақты
шумақтардан тұратынын, түрліше ұйқасқа құрылатындығын ескерткен
едік. Бұл бір.
Екіншіден, егер өлеңде буын саны, ұйқасы нақпа-нақ, дәл келіп отыру
бұлжымас заң болатын болса, мұнда біз ондай қасиетті көрмейміз.
Ескерткіштегі тізбектердің өлшемі де, ұйқасы да түрліше болып, кейде
ұйқаспай жатады. Күлтегінге, Тоныкөкке арналған жазуларды жырға
жатқызуымыздың басты себептерінің бірі осында. Өйткені,
профессор
Б. Кенжебаев айтқандай: «Жырда өлеңдегідей өлшемнің, ұйқастың мәні
соншалықты күшті емес. Жыр көп ретте сөз буынына, сөз ұйқасына емес,
ой түйдегіне, ой ұйқасына қарай қиыстырылады. Көп жерлері, тіпті,
ұйқассыз да келеді» (Б. Кенжебаев. Қазақ өлеңінің құрылысы туралы,
Алматы, 1955, 21-бет).
Ескерткіштердегі
үш тармақты сыңар (ааб яки бба ұйқасты жыр
үлгілері төмендегіше болып келеді:
Құтым бар үчүн(а)
Бағым
болғандықтан,
Үлігім бар үчүн(а)
Сәті түскендіктен,
Өлтечі будунуг тірігрү ігітім(б).
Өлімші халықты тірілттім.
Түрк будун үчүн(а)
Түрк халқы үшін
Түн удымадым(б)
Түнде ұйықтамадым,
Күнтүз олурмадым(б)
Күндіз отырмадым.
Үш тармақты жыр үлгілері үнемі дәл осылай бола бермейді екен.
Аракідік олардың әрбір жолы бір ғана сөзден тұратын шумақтары да
кездеседі.
Мысалы:
Сүңүсдіміз(а)
Соғыстық,
Санчыдымыз(а)
Шаныштық,
Қанун өлтүртіміз(а)
Ханын өлтірдік.
Біз келтіріп отырған шумақтардың бүгінгі поэзия тұрғысынан
қарағанда тіпті өлеңге ұқсамауы да мүмкін, бірақ аталған ескерткіштің
88
осыдан бір мың екі жүз жылдан астам уақыт бұрын жазылғандығын
ескеруіміз керек.
Достарыңызбен бөлісу: