Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет27/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

сүчіг, ағысы йымшақ, ерміс (Алтынды, күмісті, дақылды, жібекті 
соншама шексіз беріп жатқан табғаш халқынын, сөзі — тәтті, бұйымы 
жұмсақ еді).
3. Бірікі будуннығ от-суб қылмадым.— Біріккен халықты от су 
қылмадым.
4. Тулуг, сабуғ алу олур тіді — Тіл, сөз алып отыр деді.
Міне, бұл келтірілген мысалдардың қайсысында да заттың не 
құбылыстың қасиет-белгісі тура өз мағынасында емес, басқа бір 
мағынамен алмастырылып алынған.
Осының бәрі-дағы — жырды әр жағынан безендіру, көркемдеу үшін 
алынған бейнелеу құралдары.
Ескерткіштердің әсерлі, тартымды болуының өзі осыларға 
байланысты. 
4. Күлтегін мен Тоныкөкке арналған жырларда мақал-мәтелді еске 
салатын әсем қиюласқан өнегелі-өсиетті жолдар бар:
1. Едгүті есід
1. Мұқият тыңда,
Қатығды тыңла 
Терең ұқ
2. Ырақ ерсер йаблақ ағы 
2. Жырақ тұрғанға — жаман
бірүр сыйлық,
Иағуқ ерсер едгү ағы бірүр Жақын тұрғанға — жақсы сыйлық.
3. Ачсық тосық емезсен 
3. Аштықта тоқтықты білмейсің.
Бір тодар ачсық емезсен 
Бір тойсаң аштықты білмейсің.
4.Өд төңіре йасар 
4. Тағдырды тәңірі жасар,
Кісі оғлу көп өлгелі төрүміс Адам баласы бәрі өлгелі жаралған.
5. Келүр ерсер күч үкүлүр 5. Қол қосылса, күш өсер. 


94
6. Аруғ обкту иіг 
6. Өлімнен ұят күшті. 
7. Иуйқа ерікліг топлағалу
7. Жұқаны топтау – оңай, 
учүз 
8. Иінчге ерікліг үзгелі үчүз
8. Жіңішкені үзу – оңай.
Талай тәжірибе негізінде қалыптасып барып тұрақты көркем сөз 
тіркесіне айналған бұл секілді мақал -мәтелдерден өмірдің өзінен туған 
ойлы тұжырымдарды, терең пайымдауды аңғарамыз.
Задында, мұндай өсиет-нақыл сөздер ертедегі жырларымызға рең, 
көрік, әр берген ең басты құралдардың бірі болса керек.
Мақал-мәтелдің бірер жылда ғана туа салмайтындығын, талай 
ғасырларды аттап барып бұлжымас қағидаға айналатындығын ескерсек, 
қазақтың: «Табы бірдің тәңірісі бар», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы 
бітпес», «Отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге таралар», «Ұлың-ұрымға, 
қызың-Қырымға», «Барар жерің Бал қан тау, ол да біздің барған тау», 
«Күштіде тәңірі жоқ», «Жазған құлда шаршау бар ма» тәрізді мақал-
мәтелдерін түрк дәуірінен келе жатқан көне мұралар деп есептейміз.
Тағы бір ерекше көңіл аударатын жәйт: сол ертеде туған мақал-
мәтелдер дами келе бертінде ойы жағынан да, тіркесі жағынан да өзінің 
жетілген үлгілерін туғызғанға ұқсайды.
Мәселен, «Ашта жеген құйқаны тоқта ұмытпа», «Тоқтың жоқтығы 
бар, аштың тоқтығы бар», «Аш бала тоқ баламен ойнамайды» немесе 
«Ат қадірін жоқ білмес, ас қадірін тоқ білмес» тәрізді қазақ халқының 
мақалдары Орхон жырларынан өзіміз келтірген «Аштықта тоқтықты 
білмейсің, бір тойсаң аштықты білмейсің» деген секілді мақалды 
тіркестің дамыған, жетілген түрліше үлгілері деп білеміз.
Сол сияқты, түрк ескерткіштеріндегі «жырақ тұрғанға — жаман 
сыйлық, жақын тұрғанға — жақсы сый лық» тіркесі қазақтың «Алыстан 
арбалағанша, жақыннан дорбала» дейтін мәтеліне көбірек ұқсайды.
Бір ғана мақал-мәтел емес, басқа да кейбір лепті, өлеңді тіркестердің 
өткірленген, ықшамдалған ұтымды түрлерін кездестіруге болады. 
Мысалы, Орхон жазуларындағы «Іші-ассыз, сырты-тонсыз»—дейтініміз 
дами келе бүгінде «аш-жалаңаш», «Түнде ұйықтамадым, күндіз 
отырмадым» тіркесі «Түнде ұйқы, күндіз тыным» яки «түн ұйқысын төрт 
бөліп» болып өзгерген.
Немесе, ол кезде «күн ортасы, түн ортасы, күн батысы, күн шығысы» 
деп сөйлейтін болса, бүгінде олар қысқартылып: түстік, терістік, батыс, 
шығыс деп қана айтылады.
Осы айтылғандардың бәрі де халық ойының, сөз саптау, тіл 
ұстартудың, сөйлеу мәдениетінің жетілуін, дамуын дәлелдейтін бағалы, 
деректі дүниелер.
Халықтың азаматтық тарихы, оның рухани байлық қоры бірден 


95
жасалмайды. Қазақ халқы мен оның қазіргі мәдениеті өзінің даму 
барысында сан ғасырларды, бірнеше дәуірлерді өткерген. Әрбір дәуірдің 
өзіне лайықты мәдениеті, салт-дәстүрі, ұғым-нанымы, әдебиеті болған 
еді.
Әдетте ертеде жасалған ежелгі мұраларда тарих, мәдениет, 
әдебиет белгілерінің араласа жүретіні анық. Сондықтан да байырғы 
ескерткіштерді тек тарих мұрасы, яки әдебиет үлгісі ретінде ғана танып 
бағалау дұрыс болмайды.
Сіз танысқан Орхон ескерткіштері сондай мұрамыз. Онда халық 
тарихының көптеген құнды деректері де, халықтың сол кездегі ұғым-
нанымының, салт-дәстүрінің көріністері де, ежелгі әдебиет белгілері 
де аралас. Оның үстіне аталған ескерткіштер тіл тарихының аса бағалы 
мұрасы болып есептеледі.
Әрбір елдің тарихы, оның мәдениет, әдебиетінің шежіресі жалаң 
ойдан жасалмайды, осындай ежелгі жазба мұраларға, шежірелерге 
сүйеніп жасалады.
Орхон жазбаларын оқи отырып түрк халықтарының алғаш қалыптасу 
процесін; өлең жасаудың, ақындық тәсілдің әдепкі адымдарын, бұл 
ескерткіштерді жасаған қауымның ой-дәрежесін анық байқауға болады. 
Тасқа басылып, еш өзгеріссіз жеткен Орхон жазуларының осындай 
деректік мәні өте-мөте күшті-ақ.
Ата-бабадан ұрпаққа мирас болып келе жатқан қазақ сөз өнерінің үлкен 
мектебі бар. Бірі — өмір жайында терең толғанатын шежіре-шешендік, 
философиялық, данышпандық мектеп. Мұның аты сақталып бізге жеткен 
түпкі атасы Асанқайғы, одан бұл өнер ғасырлар аттап кешегі біздің ұлы 
Абайдың қолына тиді. Екіншісі — өле-өлгенше көмейі күмбірлеп, жағы 
сембеген дәрия-даңғыл жыраулар мектебі. Мұның әзірге жұрт білетін 
түпкі арнасы Сыпыра жырау. Оған іліктес Қазтуған, Шалкиіз, Бұқар, 
Майкөт жыраулар аталады. Сондай ұлықты жыраулардың ең соңғы үздігі 
Жамбыл мен Нұрпейіс еді.
Ал, Асанқайғы, Сыпыра жыраулардан да бұрын талай-талай 
ойшылдардың ақын-жыраулардың өткендігі даусыз.
Мәселен, біз сөз еткен Орхон жазуларында, немесе одан беріректегі 
(ІХ ғасыр) «Оғыз-нама», «Қорқыт» тәрізді түрк дәуірінің әр циклды 
тарихи-шежіре, ерлік жырларында әлі де қалыптасып бітпеген, 
дараланбаған ойшылдардың, ақын-жыраулардың аттары аталады. Орхон 
ескерткіштеріндегі Иоллығ-тегін мен Тоныкөк (VIII ғасыр), «Оғыз-
намадағы» Ұлық Түрк (IX ғасыр), «Қорқыт» аңыз жырларындағы дана 
Қорқыт —(ІX ғасыр) осы ойымыздың айқын дәлелі бола алады.
Орхон ескерткіштеріндегі Тоныкөк талай ханға ақылшы болған 
Күлтегіннің жорықтарына дем берген қарт данышпан ретінде көрінеді. 
Демек, жыраулардың ақындық өнері, ойшылдығы оларды сол тайпалық 


96
дәуірдің өзінде-ақ ел құрметіне бөлеп, ру-тайпаның ақсақалы, ақылгөйі 
дәрежесіне дейін көтерген. Ол дәуірдің бектері мен хандары алдағыны 
сол жырауларға болжатып отырған. Осы дәстүрді тіпті беріде (XVIII 
ғасыр) емір сүрген Бұқар жыраудан да анық көреміз. Жорыққа шығар 
алдында Абылай үнемі алдағыны Бұқарға жорытқан. Ол Абылайдың 
түсін жорып, алдағы істі көбіне дәл болжап отырған.
Тоныкөкке, дана Қорқытқа жуық бейнені «Оғыз-намеден» де 
көреміз. Ол — Ұлық Түрк. Ұлық Түрк те көп жасап, көпті көрген көне 
көз ақылшы, батыр бастаған жорық-сапарлардың айнымас серігі. Жас 
шағында аттанып, жорықтан еліне қартайған шағында оралған Оғыз 
батырдың түсін жорып, Оғыздың тақтан тайып, тұғырдан түсетін 
мезгілінің жеткенін де болжайтын сол — Ұлық Түрк.
Егер, аты бізге жеткен ежелгі қазақ жырауларының бәрі шетінен 
батыр болғандығын ескерсек, онда тапқырлығымен, болжампаздығымен, 
шешендігімен дараланатын Ұлық Түрк «Оғыз-наманы» тудырушы 
жыраудың өзі болуға тиіс.
Задында Тоныкөк пен Асан қайғы, Сыпыра жыраулардың екі 
аралығындағы жеті-сегіз ғасырдай уақыт мөлшерінде де сөз өнерін 
дамытуға ықпал жасаған басқа да көптеген ақын-жыраулар өткендігі 
даусыз. Өкініші — солар әлі күнге дейін анықталмай отыр. Қазір әбден 
толысқан, ең озық идеялармен қаруланған бүгінгі ғылымымыздың 
бұрынғы өткен ойшылдарды, ақын-жырауларды анықтап, олардың 
творчествосын шынайы бағалауға мүмкіндігі толық жетеді.
Орхон жазбалары, «Оғыз-нама», «Қорқыт» тәрізді ескерткіштерден 
бөлек советтік тюркология ілімі «Құтадғу-біліг» (XI ғасыр); Ахмет 
Яссауи, Ахмет Югнаки, Сүлеймен Бақырғани (XII ғасыр); «Мұхаббат-
наме», «Жүсіп-Зылиқа», «Гүлстан» (XIV ғ.) тәрізді түркі халықтарына 
ортақ мәдени мұраларды, ақындарды атайды. Бұларды да арнайы зерттеу 
– кезектегі міндет. 
Орхон ескерткіштерін оқудан, танудан, зерттеуден туған ойлар, міне, 
осындай. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет