81
Мен өзім қаған болып отырғанда,
Әр жерде босыған халық өліп-жітіп,
Жаяу-жалпы келіп жатты. (КТү)
немесе
Күлтегін
Байырқылық ақ айғырына мініп
Шабуылға ұмтылды,
Бір ерін оққа ұшырды,
Екі ерін найзаға ілді.
Сол шабуылда байырқылық ақ айғырдың белі мертікті:
Қырғыз қағанын өлтірдік,
Елін алдық. (КТү)
Алғашқы келтірілген мысалдарымыздан жер-жерден, жан-жақтан,
жаяу-жалпы келіп жатқан босқын халықтың титықтаған мүшкіл халін
автор кеңінен сипаттап, суреттеп жатқан жоқ.
Сол сияқты, екінші үзіндіден Күлтегіннің ақ айғырға мініп шабуылға
ұмтылғанын, бір батырын оққа ұшырып, екі ерін найзамен түйрегенін,
астына мінген атының белі мертіккенін, қырғыз қағанының өлгенін,
халқының жеңілгенін білеміз. Ал,
шындығында, ойға шомып, көзге
елестетіп байқаса, осы аз ғана жолдарда қаншама оқиға, қаншама
қантөгіс бар?
Біз бұдан бергі эпостарымыздағы жойқын жорық суреттерін, қанды
майдан көріністерін, жеңілген халықтың басына туған ауыр күндерді көз
алдымызға елестетеміз. Басқасын былай қойғанда, бір ғана Тайбурылдың
шабысының өзі «Қобыланды» жырының үлкен бөлігін құрамаушы ма
еді?
Ендеше, соншалықты қырғын жасап, қырғидай тиіп жүрген
Күлтегіннің айқас үстіндегі сұсты кейпін, қайтпас қаһарын, үрдіс
қимылдарын бір ғана жолға сыйғызу мүмкін бе? Бұл сауалдар: «Егер
мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жасалса, сол
жырлардың ауызша айтылып, таралған әрі
бұдан да толық нұсқалары
болмауы мүмкін бе?» (Уақыт және әдебиет. 243-бет) деген Мұхтар
Әуезовтің тамаша сөзін еріксіз еске түсіре береді.
Шынында да, М. Әуезов айтқандай, тасқа қашалған осы бір
жырлардың ел ішінде кеңінен жайылған ұзақ жыр нұсқалары болмауы
мүмкін емес. Өкінішке орай, қазіргі кезде мұны анықтау өте қиын.
2. Орхон жырларында батырдың жорықтары, шайқастары, соғыс,
нәтижесі біркелкі ұқсас болып келеді де, үнемі қайталанып отырады.
Әдетте жау жеңіліп, олардың ханы өлтіріледі. Түрк
халқының батыры
жеңіске жетеді; оның үстіне батырдың астындағы ат өледі, не белі
мертігеді. Мысалы:
82
Ізгіл халқымен соғыстық,
Күлтегін алып Шалшы атын мініп,
Шабуылға ұмтылды.
Ол ат сонда құлады,
Ізгіл халқы қырылды (КТү).
яки, Күлтегін Байырқының Ақ айғырын мініп, шабуылға шықты. Сол
айқаста Байырқылық Ақ айғырдың белі мертікті. Қырғыз қағанын
өлтірдік, елін алдық.
Тағы бір мысал:
Соғыстық.
Талқандадық.
Ханын өлтірдік.
Сол сияқты, Күлтегіннің жау батырларын жеңу әдісі де бір сарындас
болып келеді.
Бірнеше мысал келтірейік:
Бір ерін оққа ұшырды,
Екі ерін найзаға ілді.
Қос
батырын найзамен шанышты,
Қарлықтарды қырдық, алдық.
Алты ерін шанышты,
Жетінші ерін қылыштады.
Бұл келтірілген үзінділер Орхон жырларында қайталаудың жиі
кездесетіндігіне көз жеткізеді.
3. Орхон ескерткіштерінде жоғарыда айтқанымыздай, қара сөз
араласып отырады. Ондай жолдардың өзі қазақ эпостарында кездесетін
прозалық үлгілердей, мейлінше, көркем болып келеді, кейде ұйқасып
жатады.
Мысалы, «Беглері, будуны
түзсіз үчін, табғач будун теблігін
күрліг
үчүн,
армақчусун үчүн,
іні-ечілі кіншір-түкін үчүн, беглі-бурунлығ
йоншуртікін үчүн түрк будун ілледүк ілін
учғуну ыдмыс, қазғанладуқ
қағанун йітірү ыдмыс». (КТҮ).
Жаңашасы: «Бектерінің, халқының ымырасыздығынан, табғаш
халқының алдауына
сенгендігінен, арбауына
көнгендігінен, інілі-ағаның
дауласқандығынан, бекті – халқының
жауласқандығынан түрк халқы
елдігін жойды, хандығынан айырылды».
Дәл осындай көркем әрі ішкі ұйқасқа құрылған қара сөзді «Алпамыс»
жырынан да оқимыз: «Сол кезде жа сы үш жүзге
жеткен, ыстық ішкен,
сұйық
тышқан, көрінгенмен
ұрысқан, қабағы қатып
тырысқан, дамбалы
83
бұтына
қатқан, өзін туғаннан құдай
атқан; бір кез ширек
бойы бар,
адам таппас
ойы бар; тізесіне шекпен
жетпеген, басынан жаманшылық
кетпеген; басы
мүйіз, арты
киіз бір мыстан кемпір келеді»
(Қазақ эпосы,
269-бет).
Асты
сызылған
сөздер
көнгендігінен,
сенгендігінен,
дауласқандығынан-жауласқандығынан;
ұрысқан-тырысқан, жетпеген-
кетпеген, мүйіз-киіз деп, өлең тәрізді ұйқасып тұр.
4. Орхон жырлары риторикалы сұрақтарға толы болып келеді. Олар
шығармаға ерекше әуез, көтеріңкі леп беріп, жырдан асқақ ерлік сазын
танытады.
Елліг будун ертім,
Елім амты қаны,
Кемке еліг қазғанүрмен?—
тір ерміс.
Қағынлығ буду ертім,
Қағаным қаны,
Но қағанқа ісіг-күчіг бірурмен?—
тір ермес
Жаңашасы:
Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Кімге ел-жұрт іздермін?
десті.
Қағанды халық едім,
Қағаным қайда,
Қандай қағанға күш-қуатым берермін?—
десті.
Немесе,
Азу бу сабымды ігіц барғу?
Турк беглер, будун, буны есідің?
Жаңашасы:
Осы сөзімде өтірік бар ма?
Түрк бектері, халқы, бұны тыңдаңдар!
Бұл жырлардың риторикаға құрылғанына анық көз жеткізу үшін
Қ.Мырзалиев аударған «Күлтегін» жырына тағы бір зер салса да
жеткілікті.
84
* * *
Ескерткіштердің құрылысы да назар аударуды қажет етеді.
Орхон
жазуларын пәлендей тарауларға бөлу қиын-ақ. Дегенмен, олардағы
оқиғаның баяндалуына қарай төмендегідей шағын бөліктерден тұрады
дер едік.
К ү л т е г і н (к і ш і ж а з у):
1. Қарамағындағы халыққа үндеуі;
2. Түрк қағанатының суреттелуі;
3. Әскери жорықтар;
4. Табғаш халқының араға іріткі салу әрекеттері;
5. Түрк халқының өзіне тағылар кінәлары;
6. Ескерткіштің қойылу себебі;
К ү л т е г і н (ү л к е н ж а з у):
1. Түрк халқының ата-тегі жайындағы әңгіме;
2. Табғаштардың түрктерді
жаулап алуы;
3. Елтеріс ханның тұсында ел тұрмысының қайта ерлеуі;
4. Қапаған, Білге қағандар жайындағы әңгіме;
5. Күлтегіннің жорықтары.
Ескерте кететін бір нәрсе, үлкен жазудағы оқиғалар кіші жазудағыдан
гөрі әлдеқайда кең, серпінді баяндалған. Айырмашылығы осында ғана.
Ал Тоныкөк құрметіне арналған жырдан аз да болса желілік айырым
тауып, ажырату өте қиын. Мұнда Тоныкөктің жақсылықтары мен әр
елге жасаған жорықтары үнемі қайталанып отырады. Сондықдан,
бірінен-бірінің айырмашылығы шамалы, белгілі бір тақырыпшаларға
топтастыруға келмейтін оқиға желістерін бөліп жатуды тиімді деп
таппадық.
Достарыңызбен бөлісу: