Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ғылыми қазына» мақсатты бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет29/126
Дата01.11.2023
өлшемі2.92 Mb.
#482164
түріБағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126
4100d37a29d9cd8e6f0c6385f1c84be9

КӨНЕ ТҮРКІ ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШТЕРІ
Қазақстан жеріне алғашқы тайпалық мемлекет соңғы үйсіндер 
дәуірінде (ІІІ-VІ ғ.) құрылды. Атақты ғалым Абел Ремюзенің пікірінше, 
үйсіндер Орхон жазуын пайдалана білген. Үйсіндер кейінгі Түркі қағанаты 
кезінде Орхон жазулары олардың мемлекеттік жазуына айналған. Бұл 
жазумен түркі қағандары Иранға, Византияға, Қытайға елшілік хат 
жазып жіберген, өлген адамдардың басына қойған құлпытасқа жоқтау 
жырларын ойып жазып отырған.
Қазақстандағы жазудың тарихын бір кезде ғалымдар тек ислам 
дінінің тарауымен ғана байланыстыратын еді. Орхон жазуы ашылған соң 
кейінгі зерттеушілер бұл пікірді жеткіліксіз деп тапты. Ғалымдардың 
байқауынша, Орхон жазуын түсіруге тас, түсті металл, былғары, 
ағаш, сүйек, жібек сияқты нәрселер қолданған
39
. Сөйтіп, біздің жазба 
мәдениетіміздің түп тамыры халқымыздың өз жерінде туды. Оның негізі 
– ежелгі ұлыс тайпаларынан алғашқы тайпалық одақ құрылған кезінде 
қаланған. Тұрмыс мұқтаждығы, ел хандық, не тайпа қажеттері жазудың 
тууына негізгі себепкер болды.
Жазудың пайда болуы сауда қатынасының дамуына да тығыз 
байланысты еді. Сауда, айырбас, ақша белгілері мен тауар бағалары да 
жазуға мұқтаждық туғызды. Ал ел аралық, хандықтар мен мемлекет 
аралық қарым-қатынас, дипломатиялық істер жазу мұқтаждығын онда 
әрі арттыра түсті. Тарихтан түркі қағандарының Византия мен Иран 
мемлекеттерімен VІ ғасырда хат жазысып тұрғаны мәлім
40
.
Тегінде Орхон жазуының негізгі түрлері құлпытастарға ойылған 
жазба түрінде сақталған, әсіресе түркі қағандары Білге қаған, Күлтегін, 
Тоныкөк (VІІ-VІІІ ғасырлар) басына қойған құлпытастарға жазылған 
кітап деуге де әбден болады.
Орхон жазуының ең ескі үлгісінің бірі – Талас жазулары V-VІІ 
ғасырлардың мұрасы
41
. Бұл жазуларды көп зерттеген ғалым С.Е.Малов: 
Енисей жазулары қазіргі қазақ сөздерінің ертедегі төркіндерін білу үшін 
де көмек бере алады десе, В.Носиловтың айтуынша: «Түркі тілдерінің 
сөз тізбектері Орхон-Енисей ескерткіштерінде-ақ қалыптасқан»
42
.
Тілдік құрылысы жағынан ескерткіш жазуы ескі қазақ тіліне мүлде 
39
Қараңыз. С.Е.Малов. памятники древнетюркской письменности. М. – л., 1951, стр. 11-60 және 
Т.Стеблева «поэзия тюрков» М., 1965 ж. Стр.22.
40
Қазақ ССр тарихы, І-т., 1967, 110-б.
41
Талас ескерткіштері туралы C.Е.Маловтың жоғарыда аталған кітабының 74-75 беттері және 
«Енисейская писменность тюрковь» кітабы. М. – Л., 1952, 8-б.
42
В.Н.Носилов. «Язык орхон-енисейских памятников». М., 1960 ж. Ол арнайы зерттеп осы 
жазбаларды танытушылар: В.Радлов, 


105
жақын. Сөйлемі мен сөз тіркесі ұғуға жеңіл. «Көрүр көзүм көрмез 
тег, іблер білгім білмөз тег» (көрер көзім көрместей, білгір ақылым 
білместей); «Тәңри йарылқауыз» (тәңірі жарылқасын), т.б.
Бұл сөйлемдер түркі тілдес халықтарға түсінікті және құрылысы 
жағынан көп өзгешелігі жоқ. Қазақтың қазіргі сөйлеу тілінен де алшақ 
емес. Осыдан болса керек: «Менің түсінігімше, – дейді профессор 
С.Аманжолов, – қазіргі дулаттар – Ү–ҮІІІ ғасырлардағы ежелгі Орхон-
Енисей түркілерінің тікелей ұрпақтары»
43
. С.Аманжоловтың айтуынша, 
түркі тайпаларының (қазақтың) ордаға, яғни жүздерге бөлінуі, сөйтіп, 
тайпа одағын құруы өте ерте басталып ұзаққа созылған, VІІ-ХІ ғасырлар 
аралығы түгелдей қамтып жататын ұзақ процесс
44
. Бұл одақтардың 
кейбірінің өзіндік әдеби тілі, жазуы да болды дей келіп, проф. 
С.Аманжолов қазақтың ежелгі руларын мысалға келтірді. Олардың 
ішінде Үйсін, Қаңлы, Керей, Найман, Қыпшақ, Кердері рулары ескі 
мәдениеті бар ерте құрылған мемлекет сипатындағы ірі рулар, хандықтар 
еді деп дәлелдейді. Орта Азиядағы түркі халықтары әдебиетін зерттеуші 
Е.Бертельс те осыған ұқсас пікірлер айтады.
Орта Азия түркі тайпалары руна, ұйғыр әліпбиі негізіндегі таңбалы, 
ескі жазбаларды қолданған, ал араб әліпбиіне кейінірек көшкен. Араб 
әліпбиінің кең тарауы ислам дінінің Орта Азия мен Қазақстанға енуі 
– ұзақ жылдар бойына созылған тарихи құбылыс. Ол әуелі Оңтүстік 
Қазақстанның кейбір тайпаларына VІІІ ғасырда, Жетісу, Орталық 
Қазақстанға Х–ХІ ғасырларда-ақ мешіт, медреселер пайда болады. Одан 
кейін қазақ ұлыс-тайпаларының балалары сол кездің өзінде-ақ медреседе 
оқи бастайды. Ол кезде араб мәдениетінің дәрежесі жоғары еді. Араб 
мәдениетінің Орта Азия халықтарына ықпалы мол болғаны да осыдан.
Демек, Түркі қағанатының кезінен бері қарай сақталып келген әр 
түрлі жазба ескерткіштердің Орта Азия мен Қазақстан халықтарының 
тіл тарихы мен әдебиеті үшін маңызы бар. Жазба ескерткіштерді оқу, 
аудару, жариялау, зерттеу ісімен шұғылданған В.Томсон, В.В.Радлов, 
П.М.Мелиоранский, С.Е.Малов сияқты ғалымдар түркі тектес 
халықтардың мәдениеті тарихында бұл жазбалардың маңызы ерекше 
екенін ескерткен-ді. Әсіресе, «Күлтегін», «Оғыз нама», «Қорқыт ата 
кітабы», «Құтадғу білік», «Кодекс Куманикус» «Диуани луғат ат-
түрік» кітаптарының маңызын атап өту орынды. Бұлар – қазіргі – көп 
халықтарға (өзбек, қазақ, ұйғыр, түркімен, т.б.) ортақ әлемдік маңызы 
бар ескерткіштер.
Аталған ескерткіштерде ауыз әдебиетінің ескі үлгілері көп ұшырайды. 
Тіпті ертедегі өлең, жыр, ертегі, аңыздар, жоқтау, мақал, мәтел 
жұмбақтар Орхон жазуының өзінде аз кездеспейді. Ауыз әдебиетінің 
мұндай түрлерінің ертедегі жазба ескерткіштерден орын алуының өзі бір 
жағынан сол ескерткіштердің әдебиет тарихы үшін қажеттігін ескертсе, 
43
С.А.Аманолов. Вопросы диалектологии и истории казахского языка, Алма-Ата, 1959, стр. 36.
44
Бұл да сонда


106
екінші жағынан, әдебиетпен халық өмірінің байланысы тым әріде 
жатқанын танытады.
Күлтегін мен Білге қаған және Тоныкөк жазбалары. Бұл жазбаларды 
қазір ғалымдар тарихи дастан ретінде бағалап жүр. Мәселен, Т.Стеблева 
өзінің 1965 жылы шыққан «Поэзия тюрков» (VІ-VІІІ) деген кітабында 
осындай ой айтады. Шынында да аталған ескерткіштерде қазақ ұғымына 
жақын жыр жолдары толып жатыр. 
Шешем – қатын, (онон) соңғы аналар, 
Жеңгелерім, келіндерім, ханымдар,
Тірілерің түгел күндікте болар едіңдер,
Өліктерің жұртта, жолда жатар ма едіңдер!
Күлтегін жоқ болса, 
Бәрің де өлмекші едіңдер.
Інім Күлтегін қаза болды.
Өзім қайғырдым.
Көрер көзім көрместей,
Бігір ақылым білместей болды.
Тағдырды тәңірім жазар,
Адам баласы бәрі де өлгелі (өлетін болып) туған.
Қазіргі қазақ өлеңдерінде сақталған адамның әр жастағы ісін, 
қайратын жырлайтын өлең түрін, Күлтегіннің ерлігін сипаттайтын өлең 
жолдарынан да көреміз. Онда Күлтегіннің жеті жаста әкесі өліп, жетім 
қалған кезінен бастап, 47 жасқа жетіп өлген күніне дейін не істегені, әр 
жастағы жетістіктері сатыланып көрсетіледі.
Мысалы:
Әкем қаған өлгенде
Інім Күлтегін жеті жаста қалды.
Умас текті шешем – қатынның бағына,
Он жасында інім Күлтегін ер атағын алды. 
Он алты жасқа келгенде,
Аға қағанның ел-жұртын молайтты...
Жиырма бір жасқа келгенде,
Чача Сеңгумен айқастық...
Күлтегін жиырма алты жасқа келгенде
Қырғызға қарсы аттандық...
Күлтегіннің жиырма жеті жасында
Қарлық халқымен...
Тамға шыңында соғыстық.
Күлтегін отыз жаста еді,
Аз халқы бізге жау болды,
Қара көлде соғыстық.
Күлтегін отыз бір жаста еді,


107
Алып жалды атын мініп,
Шабуылға ұмтылды...
Ескерткіш авторы түркі елінде өткен өмірінде оған дамылсыз 
шабуылдар жасалып тұрғанын, жортуылдарда сан сәтсіздікке – кезігіп, 
қиыншылыққа ұшыраған кездердің де болғанын жасырмайды.
О, қасиетті Өтүген қойнауының халқы
Бірлесе ілгері шаптың,
Бірлесе кері шаптың,
Барған жерде не пайда таптың.
Қаның судай ақты,
Сүйегің таудай болып жатты.
Бек ұлдарың құл болды,
Пәк қыздарың күң болды.
Күлтегіннің басқа елдерге бағынышты болып, құрып кетуге таянған 
түркі елдерін біріктіріп, дегеніне жеткізгені. Жұрты үшін қызмет қылып, 
күні-түні ұйқысын бөліп, ерлік істер көрсеткені мына шумақтардан 
байқалады.
Тәңірі жарылқады...
Өлімші халықты тірілттім.
Жалаңаш халықты,
Кедей халықты бай еттім.
Аз халықты көп қылдым.
Тату етуге жақсылық қылдым,
Төрт бұрыштағы халықты
Бәрін бірдей қылдым...
Ескерткіш сөздерінен кейін Күлтегіннің әмірі жүріп тұрған кезде оның 
мемлекетінің мығым болғаны, ол орнатқан тәртіптің берік екені анықталды.
Түркі, оғыз бектері, халқы тыңдаңдар!
Биіктен тәңірі баспаса,
Төменде жер айналмаса,
Түркі халқы, ел жұртыңды кім қорғайды.
Ескерткіш жазуында түркі қоғамының ерлік күрес дәстүрі үлгі етіледі, 
кейінгі жастарды ерлікке, бірліке шақырады.
Күлтегін ескерткіші түркі елінің бір кездегі тарихын танытарлық 
құнды мұра болуымен қоса, сол халықтың поэзиясынан да мол мәлімет 
беретін көркем туынды. Оны тасқа ойып жазған Иоллығ Тегін – көне 
түркі әдебиетінің аты мәлім алғашқы авторы.


108
Мұнда Күлтегіннің өліміне байланысты жоқтау сөздер беріледі, 
оның алып күшін, жорықтардағы сан батыл істерін де, тұлпар аттарын 
бейнелегенде де талай көркем сөздер, нақышты образдар қолданылады. 
Бұл Күлтегін некрологы сияқты ескерткіштердің соңғы жолдарынан 
айқын көрінеді. Осы ескерткіштің ырғақты нақыл сөз екенін айта келіп, 
Л.Гумилев «Түріктер сөз күшін реалды күшке санағанға ұқсайды. 
Өзінің 2000 жылға созылған тарихында түріктер мифологиялық белден 
өтіп, образды ой түйіндеуден тарихи реалды ойлауға бірте-бірте өсіп 
отырғаны байқалады»
45
, – дейді. Бұл пікірлерді зерттеушінің жайдан 
жай айтпағанына біздің көзіміз осы ескерткішті талдап танығаннан кейін 
әбден жетті.
«Өлімнен ұят күшті» – мақалы «Тоныкөктің» ескерткішінде жүрсе, 
Күлтегіннің «Ақ азбаны», «Ақ қарагері», «Меңсіз ақ», «Алып шалшы 
ақ аты», оның келбетін суреттейтін (арыстан жүрек, ер алып) эпитеттер, 
балама сөздер осы шығарманың тіл көркемдігінің куәсі сияқты. Оның 
үстіне бұл сияқты көріністерді қазақ жырларына жат нәрсе деп ешкім 
айта алмайды. Олай болса, аталған ескерткіштердің оқиғалары да, 
көркемдік тәсілдері де қазаққа тән құбылыстар және ол әдебиетіміздің 
ескі негізі болуға құқылы. И.В.Стеблева 1976 ж. «Советская тюркология» 
журналында (№4) жарияланған өзінің бір мақаласында көне түркі 
әдебиетінің эстетикалық мәнін зерттеудің мақсат-маңызын атап 
көрсетеді. Ол көне түркі әлемінің мәдени-тарихи факторларының бірден 
бір деректі куәсі осы ескерткіштер екенін айтады. Шынында да ескі түркі 
жазба ескерткіштері (Күлтегіннің кіші және үлкен жазбалары) және 
Тоныкөк ескерткіші VІ-VІІ ғасырларда дәуірлеген Түркі қағанатының 
мәдени өміріне тікелей байланысты тарихи, әдеби маңызы зор шығарма.
Күлтегін мен Тоныкөк құлпытастары – VІІІ ғасырдың орта шендеріне 
жататын ескерткіш. Одан сол заманда өмір сүрген түркі ұлыстарының 
дүниетаным түсініктерін, қоғамдық, әлеуметтік нормаларын тануға 
болады. 
Ескерткіштерге тән ерекшеліктер деп мынадай ортақ жайларды 
айтар едік. Ең алдымен, түркі ұлыстарының өмірінің әр түрлі кезеңдері 
ұқсас сипатталады. Оларға: ата жолына берік болу, бабалары жасаған 
ерлік жорықтарды мақтан ету, әрбір келесі жорыққа сәт сапар тілеу тән. 
Екіншіден, қолбасы батырлар немесе ел билеген қағандар тұлғасын 
жасауда ұқсас тәсілдер қолданылады. Олардың дүниеге келгеннен бастап, 
қаған немесе қолбасы болғанға дейінгі өмірі тәңірі тарапынан қолдау 
тауып отырады. Жауға қарсы соғыстарда ерекше ерлігімен, ақылымен 
көзге түседі. Күлтегін ескерткіштеріндегі оқиғаның басталуы, өрістеу, 
аяқталуы Тоныкөк ескерткіштеріндегі оқиға желісіне ұқсас келеді. 
45
Л.Н.Гумилев. Древние тюрки. М., 1967, стр.68.


109
Күлтегін жорықтарының бәрі бас қаһарманның жеңісімен аяқталып 
отырады. Мысалы, оның жас шамасы, астындағы мінген атының түсі, 
тегі суреттеліп, одан кейін ерлік қимылдары, жеңіске жетуі барынша 
мадақ етіледі. Тоныкөкте де оның тәрбие алып оқығаны, білімді болып 
өскені осыған ұқсас суреттеледі. Ол дұшпанының айла-амалын күні 
бұрын сезеді. Ұтымды келіссөз, елшілік істерін жүргізеді. Қауіпті сәттен 
ақыл-айламен құтылады. Ұлы қағанмен келісіп істі сәтті шешіп отырады.
Күлтегін мінсіз қаһарман ретінде сомдалса, Тоныкөк көреген, ақыл 
иесі, білімді басшы болып танылады. Оларды аруақтар қолдайды. Аспан 
тәңірі, қасиетті жер-су, ұмай аруақтары жарылқайды. Көне түркілер 
түсінігінше аспанда тәңір мекен етеді, жердегі адам тәңірдің басқа 
салғанын орындайды.
Оқиғаның бастан аяқ баяндаудан бас тарту, болған құбылыстарды 
тәптіштеп айтудан гөрі, оған өз пікірін білдіріп отыру – ескерткіштің негізгі 
тәсілі. Суреттеу, баяндау тәсілдерінде де дәстүрлі түр, әдіс-амалдары бар. 
Мысалы, әрбір қағанның ата тегін, өмір жолын, жорықтарын суреттеуде 
тұрақты, дәстүрлі тәсілдер қолданылады. Білге қағанды бейнелегенде 
әуелі оның аталары кім болғанын баяндайды. Бумын қаған, Истемис 
қағандар аты аталады. Бұлардың бәрі елге сүйкімді, білікті басшылар. 
Бұлардың тұсында түрік қағанаты біртұтас күшті мемлекет болып, 
әлемге әйгілі жеңімпаз батырлары бар, қайтпас жауынгерлер – ірі әскери 
қолы бар, гүлденген ел болып саналған. Кейінгі қағандар да ата дәстүрін 
берік ұстап, жеңімпаз ақылгөй, түркі ұлыстарың қамын жеген көсемдер 
болып көрінеді. 
Ескерткіште түркілердің жорық жолдары да көрсетіледі. Түркілер 
жорықтарының алғы бағыттары – шығыс, арты – батыс, оң жағы – 
түстік, сол жағы – солтүстік. Күлтегіннің кіші жазуында түркі қағанына 
дүниенің төрт бұрышы түгел бағынышты делінеді. Олар ұрандағанда, 
алға – десе, күннің шыққан жеріне дейін, қидандарға қарай, оңға – десе, 
күн ортасына дейін – табғаштарға қарай, солға – десе, түн ортасына 
дейін – оғыздарға қарай, кейін десе, күннің батысына дейін – курдтарға 
қарайтын жерлерді айтқан (Тоныкөк ескерткіші бойынша)
Ескерткіштердің қазіргі түркі тілдері нормасына енген ұғымдар мен 
жеке сөздерді, эпитет ретіндегі баламаларды көруге болады. Күлтегін 
жазбасында: жоғарыда – көк аспан, төменде – боз жер деген ұғым бар. 
«Жоғарыдан көк аспан баспаса, төменде боз жер жарылмаса. Басы барлар 
басын исін, тізесі барлар тізе бүксін». «Түрік ұлысы үшін түн ұйқы 
көрмедім, күндіз тыным таппадым», «Азды көп еттім, жоқты бар еттім», 
«Аш-арықтарды (адам) тойындырдым, арық өгізді семірттім, жіңішкені 
жуан еттім, жаяуды аттылы, тасты жерді шөпті еттім»... т.б.
Күлтегін ескерткіші – VІІІ ғасыр туындысы.
Бұл ескерткіштер алғаш рет қазақ жұртшылығына 1960 жылдардың 


110
екінші жартысына аударылып таныстырылды. Ғалымдар Ғ.Айдаров, 
М.Томанов, А.Аманжолов, Ә.Құрышжанов VІ-VІІІ ғасырлардағы тас 
жазулары жайында зерттеулер, оқу құралдарын жазды
46
. М.Жолдасбеков 
Күлтегін мен Тоныкөк есімдеріне байланысты тас жазбаларының 
аудармасын жасады және зерттеулер жазды
47
. Қазақстан Ғылым 
академиясының корреспондент мүшесі проф. Ғ.Мұсабаев, кейінірек 
А.Аманжолов, т.б. ғалымдар ескерткіштің кіші жазуының поэтикалық 
аудармасын жасап жариялады
48
. Аталған аудармалар – кейбір 
кемістіктеріне қарамастан мәдениетіміз тарихында елеулі орны бар 
шығармалар.
* * *
Қазақстанда жазу мәдениетінің алғашқы белгілерінің пайда болуын 
тарих ерте кезеңдерге жатқызады. Яғни қазақ біртұтас халық болмай 
тұрып-ақ тайпалар жазуды білген. Кейіннен жазу мәдениеті елдің 
қажеті мен хандық биліктің керегіне байланысты дами түседі. Жазудың 
алғашқы көрінісі – іс қағазы, елшілік қатынас, хандар жарлығы мен 
хаты, грамоталары, ру, ата-баба шежірелері, діни уағыз, өсиет-нақылдар 
кітабы, құлпытасқа түсірген жазу өлеңдері.
Орхон-Енисей-Талас тас жазулары арқылы бізге жеткен түркі 
жазуынан кейін Орта Азияда арамей жазуы негізіндегі тағы бір жаңа жазу 
пайда болған. Оны ІХ–Х ғасырларда Орта Азиядағы түркі тайпаларына 
Сириядан қоныс аударған соғдалар таратқан. Қарахан мемлекеті бұл 
жаңа жазуды араб әліпбимен толықтырып, қолдана бастайды. Бұл – 
көне түркілердің орта ғасырда қолданған ортақ жазбасы, түркі әдеби 
тіліне негіз болған жазу. Оны қазіргі ұйғырлардың ғана ескі жазу үлгісі 
деп түсіну бір жақты болар еді. Себебі «Ұйғыр әліпбиі», «ұйғыр жазуы» 
өзінің ең ескі таң империясына қараған тұстағы қалпында, сол кездегі 
Тұрпан ұйғыры атты кіші-гірім ұлыстар қолданған қытай иероглиф 
негізіндегі жазу емес. Оны қарахандық дәуірінде дамыған қадым 
түркімен шатыстыру жол емес. Түркілердің ортағасырлық жазуының 
бірін «шағатай тілді» деп те атайды. Бұлардың екеуі де бір ғана 
ұйғырдың меншігі емес. Қазіргі көптеген түркі халықтары қолданған 
ортақ жазбалар. Осыған орай ондай түсініктегілер Махмұд Қашқари 
сөздігін де «Оғыз нама», «Махаббат нама» ескерткіштерін, Жүсіп 
Баласағұни дастанын тек бір халыққа – ұйғырларға танғысы келеді. Тек 
ұйғырлық құбылыс деуге дейін барып жүр. Орта Азия түркілердің жазу 
46
Қараңыз: Ежелгі мәдениет куәлары.. Алматы, 1966. Редакциясын ақ. Ә.Марғұлан басқарған. 
47
Қараңыз: Ертедегі қазақ әдебиеті хрестоматиясы. Алматы, 1967, 26-56-бб.
48
Қараңыз: Ғ.Мұсабаев. Көне тілдің көрнекті қазынасы «Жұлдыз» журналы, 1968, №8, 158-
160-бб.


111
тарихын зерттеу, олардың мәдени ескерткіштерінің ортақ негіздердің 
айқындаудың нағыз ғылыми жолын кейінгі түркітанушылар күн санап 
таныту үстінде. Соңғы жылдары одақ көлемінде жарық көріп жатқан 
зерттеулер осының айғағы бола алады.
Жазу мәдениетінің орта ғасырлық ерте үлгілерінің бірі – өсиет, 
нақыл ретінде келетін жазбалар мен атадан балаға қалып отыратын 
тарихи шежіре кітаптары. Мұнда жазбалар ірі ақсүйектердің киелі мүлкі 
саналып, ұрпақтарына мирас болып қалып отырған. Осы шындықты 
академик Ә.Марғұлан өз еңбегінде келтірген деректерінде де растайды. 
Ол – Жетісу тайпаларындағы жазба әдебиет дәстүрі ерте, VІІ ғасырда 
көріне бастады, жұрт қолында әрқашан бірнеше дана тарихи жазбалар 
болды... Нақыл кітаптарын қалдырып отырды, сөйтіп, әдеби білім 
үздіксіз жалғаса берді, – дейді.
Жетісу жерінен табылған Тоқтамыс пен Темірдің «Құтанға 
жарлықтары» да академик В.Радловтың айтуынша ежелгі қазақ 
руларына таныс болған.
«Араб, парсы, түркі әдеби тілдерін (ІХ-Х ғасыр), – деп жазды 
Е.Бертельс, – Орта Азияда бөлек-бөлек жасаған жоқ. Олар, керісінше, 
түркі жүйелі (системалы) тілдерге ортақ біртұтас әдебиет жасады. 
Олардың тілі ғана үш түрлі болған-ды...». Сонымен, Х-ХІІ ғасырлар 
әдебиетін қарастыру бізге Орта Азия елдерінің бір бөлігінде парсы 
тілі әдеби тіл, екіншісіне түркі тілі әдеби тіл болғанын, бұлардың 
шығыс бұтағы қарахандықтар және батыс бұтағы оғыз-қыпшақтар 
екенін айта келіп, ХІ ғасырдан бастап түркі тілінің маңызы артады
49
деп көрсетті.
Біз Е.Бертельс пікірін қостай отырып, ертедегі жазба ескерткіштердің 
бәрі бірдей қазаққа ғана тән туындылар деуден аулақ екенімізді де 
ескертеміз. Оларды біз орта ғасырдағы түркі тектес халықтарға ортақ 
мұра деп танимыз. Сол ескерткіштердің жазба мәдениетіміздің ортақ 
кезіндегі күйін, түпкі төркінін түсінуге көмегі барын ғана айтамыз.
Түркілер жазуының өркендеу жолында, олардың мұсылман дінін 
қабылдаулары, мұсылман мәдениетіне көшуі үлкен әсер еткен. Х-ХІІ 
ғасырлардан кейінгі түркі жазбалары, барлық сана-сезім дүниедегі 
ислам діні қағидаларына тікелей байланысты дамиды.
Ғалымдар діни оқу алғаш пайда болған тұсында заманымыздың 
озбырлық пен тағылыққа қарсы құралы болғанын, адам баласының бірі 
мен бірі ағайындас дос, тату-тәтті өмір сүру үшін зұлымдыққа ізгілікті 
қарсы қойып, моральдық уағыздар таратқанын, ал кейін үстем тап қоғам 
дінді, өздерінің жеке мақсаттары үшін пайдаланып, қанау құралына, 
надандық торына айналдырғанын әр тұста көрсетіп келгені мәлім.
49
Е.Бертельс. Литература народов Средней Азии. Журнал «Новый мир». 1939, №7, стр. 264-
265.


112
Аталмыш шындықты әрбір көпке мәлім дін жүйелері мен оның 
қалыптасу, өсу жолдары айқын танытады. Жер жүзі халықтарына 
ең көп тараған христиан, будда діндері немесе олардан кейінгі 
ислам діні өздерінің басынан осындай қалыптасу, даму кезеңдерін 
өткенді. Олар әрбір тарихи кезеңде қайта қаралып, жаңа жағдайға 
сай өзгеріп, ескірген ұғымдары алынып тасталып, жаңа уағыздармен 
толықтырылып отырды. Кейіннен субъективтік идеялары басым 
рөл атқара бастады. Сөйтіп, дін бертіндеп өзінің ілкі адамгершілік 
түсініктерінен айрылып, құрғақ схолостикаға, соқыр табынушылық 
құралына айнала бастады. Бұл жағдай бізде, әсіресе тоталитарлық 
тәртіп кезінде өріс алды.
Діни оқулардың негізін қалаушы пайғамбарлар мен оны ілгері 
дамытушылар өз ережелерін сол кездегі адамдардың дүниетаным 
көзқарастарына сүйене отырып жазған. Олар халық даналықтарын, 
ой-қиял, сана-сезім жетістіктерін сергек пайдаланған. Фольклорлық 
табыстар – мифтік, ертегілік образдар, шебер тіркес, шешендік 
сөз афоризмдер, тосын оқиғалы сюжеттер, асқақ аллегроиялар кең 
қолданылған.
Діни кітаптардың ең ескі түрлерінің өзі осындай қасиеттермен 
ерекшеленеді. Бұл оның оқушылары мен тыңдаушыларының әсерін 
күшейтіп, жан дүниесін, сезім жүйесін дүр сілкінтіп билеп алар қуат 
берген. Оқуға, ұғуға, жаттауға да жеңілдік жасаған. Яғни, жай сөздер 
жиынтығы болмай, ең әсерлі, қуатты, айшықты сөздермен баяндалып, 
көркем туынды дәрежесіне көтерілген. Сондықтан болса керек, кейінгі 
көптеген зерттеулерде әрбір діннің негізі есепті кітаптарды жартылай не 
түгелдей көркем шығармалар деген қорытындылар ұсынылып жүр. Бұл 
салада жазылған кітаптар да көп. Христосқа таңылатын «Евангелия» 
туралы жазған ғалымдардың көбі оны өз заманының көркем туындысы 
деп санайды. Сондай-ақ көптеген Еуропа араб танушылары Мұхаммед 
(с.ғ.с.) пайғамбардан қалған «Құранға» да осылайша баға береді. 
Мысалы үшін ағылшын араб танушысы Гиббтің «Арабтың классикалық 
әдебиеті» деген (М., 1958) кітабын атауға болар еді. Ол «Құранды» 
тек дін кітабы ғана емес, соған қоса, тарих, этнография, фольклор, 
философия, жағрапия, экология салаларын қамтитын өз дәуірінің ең 
көркем туындысы деп атайды.
Ал, Иран әдебиет тарихын зерттеуші И.С.Брагинский парсы 
халықтарының көне әдебиеті деп, олардың алғашқы діни кітаптарын 
талдайды. Ғалым біздің жыл санауымызға дейін жүйеленген «Авеста» 
дін кітабының 17 аяты – йасындары (бөлімдері) түгел дерлік өлең 
өлшеміндегі көркем сөз ең ескі жазба әдебиетінің туындылары екенін 
анықтаған. Авеста аяттарын Заратуштре (Зороастр) пайғамбар жазған. 
Оның мазмұны – өз кезінің адамдарын зұлымдыққа қарсы ізгілік 


113
жолында тәрбиелейтін шешен новелла, асқақ эпос, жан-жүйеңді 
толқытар нәзік лирикаға толы.
Бұл кітапта табиғат, жан-жануар тршілігі, жер мен аспан иелігі, 
адам мен жаратушы арақатынасы туралы аңыздар, арнайы болжамдар 
берілген. Адам жаратушының ең сүйікті құлы екенін, оның бойындағы 
мүмкіншіліктер – ақыл-ойы, өсуі, өзгеруі, еңбектенуі, табысқа жетуі т.б. 
жайлары табиғи болмыста жырланады. Мұнда әділ патша билігін аңсау, 
жақсы өмір, тату-тәтті қарым-қатынас орнату, ақылмен адал іс қылып, 
өз еңбегімен күн көру, барлар жоқ-жітікке қарасып қайырымдылық 
көрсетсе деген сияқты ізгі пікірлер жинақталған. Діни мифтердің 
қаһармандары көбіне әулие, әмбие, пірлері қолданған ерекше күш 
иелері, сол сияқты періште, шайтан, жауыздық пен ізгілікті рухтар. 
Олардың адам мен жаратушы арасындағы әрекеттері...
Сонымен ғалымдардың пікірінше «Авеста» діни уағыз ғана емес, 
халықтың мифология, моральдық философиясы көркем сөз жинағы 
да екен. Бір кезде Гегель, Авеста дін уағыздарының маңызын көрсете 
келіп, оның қарама-қарсы екі күшті – зұлымдық пен ізгілік арасындағы 
келіспес күресті көрсетуін жоғары бағалаған. Ал Гете өзінің «Западно-
восточный диван кітабында Авестаның поэтикасын терең танытады. 
Адамзат дүниетанымы тарихында ерекше рөл атқарған құдіретті 
шығарма деген ой айтады. «Жарық» пен «Қараңғылық», «Зұлымдық» 
пен «Ізгіліктің» мәңгі күресте келе жатқанын, бұл күрестің еш 
үзілмейтіндігін дәлелдеп берген ең алғашқы туынды екенін атап 
көрсетеді.
Ізгілікті әділет жолдарын, адамгершілік пікірлерді жүйелеп, 
бұлардың озбырлық атаулыны жеңетіндігіне сендіруге күш салған, 
адам баласының өсу жолында оның өз күшіне сеніммен қарауына жол 
ашқан жарқын пікірлер болды. Аталмыш ізгі пікірлерді іске асыру үшін 
адам баласының ғасырлар бойғы күрестері оны жеңіске жеткізіп, талай 
өрлеу, өсу кезеңдерін бастан кешуге душар етті.
Діни мифтердің образдары да өзгереді. Олар аждаһа, шайтандарды 
жеңетін алып ел, отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын көзсіз 
алып батыр – ізгілікті жақтаушылар, мінсіз бейнелер, әділет күрескерлері 
болады. Көне діни әдебиеттің кейбір новеллаларында қозғалатын тарихи 
сюжеттер (тарихи адамдар жорықтарына байланысты), мифологиялық 
қаһармандар жорықтарын (жеті қабат жер асты тұңғиық теңіз түбі 
патшалықтарына) баяндау, алты қат аспан дүниесін Алланың рақымына 
ие болып жұмақтың жаннатында жан рақатын тапқан күнәсіздер, т.б. 
ғажайып оқиғалар келешек керегіне, шығармашылық ойдың өсуіне 
жағдай жасайды.
Түр, форма жағынан да діни әдебиеттің кейін дамыған жазба 
әдебиетке ықпалы тиеді. Фольклорда қалыптасқан формаларды діни 


114
әдебиет шығармаларының да қабылдағаны мәлім. Олар халықтық 
сатираны, мысқылды, дидактикалық стильді қалыптастырады. Ерлік 
аңыздардан дін үшін күрескерлер бейнесін жасау ниетіндегі дастандар 
пайда болды. Жеке «әулие» адамдарды мақтау арқылы мадақ жырлары, 
әулие-әмбиелердің қазасына байланысты жоқтау жырлары, т.б. 
дамыды. Әулие де адам болғасын, оның өмірін де сүю, күю дегендер 
болмай қалмайды. Сондықтан поэзияға махаббат лирикалары да 
келмекші. Алып батыр, қаһарлы хан, аяулы ару – бәрі де сүйіктісімен 
кезігіп, өмір қажетін өтейді. Адам ата Хауанадан басталатын екі жыныс 
көркем шығарма атаулыға жан бітіріп, көрік беріп отырады. Адамның 
іс-әрекеттерін әулие-әмбие, тіпті Алла тағаланың бойына да таңған 
пайғамбар авторлар діни еңбектерінде табиғатты, хайуанаттар дүниесін 
де аттап өтпейді.
Аңыз, ертегі мифтер – халық шығармашылығының байырғы 
жанрлары. Оның қаһармандары халықтың ең күшті поэтикасы арқылы 
бейнеленеді. Әрбір алып ер, мифтік қаһармандар, мінсіз бейнелер 
поэтикалық тілдің ең шұрайлы үлгілері арқылы суреттеліп, халықтық 
тілдің дамуына жағдай жасады. Сөз болып отырған діни кітаптар да 
өзінің поэтикасымен кейінгі көркем әдебиетке әсерін тигізеді.
Діни әдебиеттерде баяндалатын ұлы армандар – мифтік әлемге тән, 
ешкімнің қол жетпейтін утопия. Мифтік өмір мен халықтың ақиқат 
тұрмысының арасы жер мен көктей алшақ. Дін кітаптары уағыздайтын 
ізгілік атаулының бәрі орындалмас қиял екенін де қалың жұрт санасы өсе 
келе түсуіне бастайды. Жұртшылық пікірі ақиқат өмір мен күнделікті 
тұрмыс тәжірибесіне сүйенеді. Адамгершіл идеялар тұйыққа тіреліп, 
әдебиетте сенімсіздік – пессимизм идеясы көріне бастайды.
Жоғарыда баяндалған «Авеста» қағидаларына, Иранның көне 
әдебиетінің дамуына тән сипаттар басқа да шығыс халықтары 
поэзиясының қалыптасу заңдылықтарына ортақ. Бұл орайда Орта Азия 
түркілерінің діни мистикалық әдебиет өкілдері шығармаларындағы 
кейбір сарындар негізін танып, дұрыс бағасын беруде жоғарыдағы 
жайларды ескеру қажет. Әсіресе, ІХ–ХІІ ғасырлардағы көне әдеби 
ескерткіштердегі кейбір діни мотивтердің түп-тамырын айқындау үшін 
мұның маңызы ерекше демекпіз.
Өмірде бірі мен бірі байланыссыз жаралған ешнәрсе жоқ екенін 
ескерттік. Өнер саласындағы даму заңдылықтары да осындай, өйткені 
өткені мен жаңасы жалғаса, бірі мен екіншісі ұштасып, өседі, өзгереді, 
дамиды. Кейін біз сөз етіп талдағалы отырған орта ғасыр ескерткіштеріне 
тән құбылыстардың кейбір халық шығармашылығындағы сюжет пен 
көркемдік әдіс-тәсілдеріне сүйенеді, ілкі әдеби туындыларын ілгері 
жетілдіруге күш салады. Заман ұсынған әлемдік табыстарды игереді. 
Оны өз халқының игілігіне айналдырады. Елдер, халықтар арасындағы 


115
әр түрлі қарым-қатынас олардың жан-жақты дамуына, әсерлі болуына, 
байланыстар жүйесіне негіз жасайды. Өнер-білім атаулының дамуына 
да ықпалы болады. 
ХІІ ғасырларда әдебиет пен білім әр түрлі салада өркендеді. Әдебиет, 
тіл, астрономия, арифметика, тарих және басқа ғылым өнер-білім 
салаларының осы кездегі туындылары – бұған айғақ. Мысалы, орта 
ғасырларда Мұхамед ибн Муса әл–Хорезми, Әбунасыр әл-Фараби, Ибн 
Сина, Әбу Райхан әл-Бируни және басқа көптеген жан-жақты білімдар 
ғалымдар шыққан. «Китоб-маориф», «Китоб-үш-Шеһр» еңбектерімен 
мәлім болған Абдулла ибн Мусалим Марвази, «Зайнул ахборымен» 
аты шыққан Әбусаид, көп томды кітап авторы Әбульфазыл Байхаки, 
«Бұхара тарихын» жазған Наршахи, «Түркістан мемлекетінің тарихын» 
берген Мажиддин Мухамед сияқты тарихшылардың да осы тұсы даңқы 
тарап, мәлім болған.
Қазақ мәдениетінің тарихы үшін, әсіресе, «Қорқыт ата кітабы» 
мен Әбу Насыр әл-Фарабидің орны бөлек. Бұл сияқты оғыз-қыпшақ 
мәдениетінің өрлеу дәуірінің тамаша куәларын жалпы шығыс 
ренессансы кемеңгерлеріне ұштастыра қарастыру орынды. Әсіресе, 
Жүсіп Баласағұни мен Махмұд Қашқари есімдері әл-Фарабиді 
жалғастырып жатқан тарихи тұлғалар. Аталмыш авторлардың жазба 
мәдениетіміздің дамуына қосқан үлестері де орасан.


116
«ДИУАНИ ЛҰҒАТ АТ-ТҮРІК» - КӨНЕ ТҮРКІ ПОЭЗИЯСЫНЫҢ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   126




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет