147
каратып ерлік көрсетеді. Алынбақ қамалына
таяған жерде демалу
үшін шешініп жатады. Бұлардың бейқам жатқандарын жау біледі
дағы қапыда тұтқындайды.
Үйсін елі мұны естіп кайғырады. Жаудан тұтқындарды кұтқаратын
ешкім шықпайды. Үйсіннің екінші баласы Секрек жастау болады. Ол
ойнап жүргенде екі жетім балаға тілі тиеді. Ол балалар мықты болсаң,
ағанды тұтқыннан азат етсейші дейді. Секрек әкесі Үйсін кожаға келіп
жайды біледі. Аттанбақ бола ды. Әке.шешесі жылап жібермейді. Қыз
айттырып,үйлендіреді. Қалыңдығы да оған: «Жауға аттанба, қасымда
бол», - дейді. Бірақ батыр жарын да тындамайды, ағасын тұтқыннан
азат етуге аттанады. Үш күн, үш түн жүріп, жау қамалына жетеді.
Әуелі жаудың жылқысына тиеді.
Жылқышыларын ұрып жығып,
жылқыны айдап жібереді. Ұйқы басқасын, тұлпар шылбырын беліне
байлайды да ұйықтайды. Гәуірлер бұны біліп, 60 адам келіп қамайды.
Тұлпары жауды сезіп, иесін оятады. Ол
қамалаған жауды қуып,
қамалға қайта тығады. Қайта ұйықтайды. 100 гәуір кайта қамайды.
Қайтадан аты оятады. Алласына сиынған жігіт жауына бөріше тиеді.
Үшінші рет ұйықтайды, бір ретте аты шешіліп кетіп қалады. Жау 300
адам болып шықса да, бата алмайды. Жаулар ақылдасып, тұтқындағы
батырға ағасы Әкіректің өзін жіберуді ұйғарады. Оны алдап, ұры тиді,
соны өлтірсең бостандық аласың дейді. 300 қол қосып береді. Ұйқыда
жатқан жас жігітке Әкірек келіп қараса: Толған айға ұқсаған ғажап
бір жас жігіт шырт ұйқыда, белінде қобызы бар екен. Әкірек қобызды
алып, зарлап қоя береді. Бала оянады.
Екеуі тілдесіп, танысып,
мұңдасады. Гәуірлерді күш қосып, бірнеше күн соғысып, екеулеп
қырады.
Еліне келіп, қуаныш тойын тойлайды. Қорқыт жыр шертеді.
Достарыңызбен бөлісу: