227
Әлқисса алып сыйлау ақырында,
Құтылып қайтты осы дабырықтан.
Тұрмағамбеттің Рабғузидан алып жазған екінші өлеңі: «Ата мен
бала»
121
. Мұнда жас та болса, ақылымен әкесінен асқан баланың оқиғасы
былай баяндалған. Бір байдың бір қора қойы егіншінің егініне түсіп жеп
кетеді. Екеуі арызданып Дәуітке келеді. Сонда Сүлеймен былай болсын
дейді:
Сонан соң Сүлеймен айтты қой иесіне:
–
Үзбесін егісінен ол да үмітін.
Абзалдап атыз-жабын, жаздай күтіп,
Қалдырмай қырмандап бер ішетінін.
Қойыңның соған дейін сүтін ішіп,
Қайтарсын қырқар кезде жүн-түбітін.
Қой иесі, Сүлейменнің сөзіне риза болады. Тұрмағамбет ақын
әңгіменің тәлім-тәрбиелік жағын аша түсіп, оны үлгі, ақыл-кеңес беретін
жолдармен аяқтайды:
Бек тұтып «бала» демей білім бар-ды,
Ағартқан ақымақтар көп алқым, ұртын.
Оларды төрге отыртып төре еткенмен,
Көрсетер кеміс ойлар ақыры бетін.
Келмесе орынға ісің, өкінішпен,
Көрерсің бұл жаһанның ақыретін.
Нендей бір тартып қасірет, шегіп жапа,
Жағарсың ақылды ердің ақыры отын.
«Жас демей, ақылы барды аға тұт», –
деп,
Данышпан айтқаи Лұқпан, Аплатон.
Бұл келтірілген мысалдардан мыналарды аңғарамыз: Рабғузи кітабы
сонау ескі заманда, ескі түркі тілінде жазылса да, кейінгі қазақ арасында
түгелдей жат сарын, түсініксіз, бөтен дүние саналмай, ертеден-ақ белгілі
болған, көп таралған.
121
Тұрмағамбет Ізтілеуов
. Назым. Алматы, 1972, 118-119-беттер.