ТҮРІК ӘДЕБИЕТІНДЕГІ ОЯНУШЫЛЫҚ
ЖӘНЕ НӘЗИРА ДӘСТҮРІНІҢ ТУУЫ
Х ғасырдан бері қарай түрік әдебиетін ислам мәдениетінен бөліп қарау
мүмкін емес. Өйткені, Египеттен – Ұлы Қорғанға дейінгі аралықта билік
құрған Араб халифатының қол астына қараған елдер Ислам мәдениеті
атты өркениеттің ортақ ошағын тұтатқан еді.
Әл-Фараби – ежелгі грек оқымыстылары Платон, Аристотель,
Пифагор, Евклид, Птоломей еңбектерін түгелдей меңгеріп, араб тіліне
аударып, оны дамытқан адам. Грек ойшылдарының еңбегін кейінгі шығыс
ғалымдары әл-Фарабидің түсініктемелері арқылы оқыған. Еуропа елдері
философия, математика, астрономия, медицинаны ислам өркениеті
арқылы білді. Көне антикалық мәдениет дәстүрі мен шығыс дүниесін
біріктіру арқылы Еуропалық Оянушылыққа жол салды деп ойлаймыз. Әл-
Фарабидің: «Адамзат өз мекенінде тәртіппен, жарастықты жәрдеммен,
үнемділік өлшеммен, ынсаппен өмір сүру керек», – дейтін пәлсафалық
түйіні (Машанов А., 1994) түрік әдебиетінің негізгі ойларымен қабысты.
Ислам мәдениеті ғылым, поэзия, өнер, т.б. салаларда өзіндік өркениет
деңгейіне жетті (Фильштинский И.М., 1971-10).
Ислам дінінің негізін қалаған Мұхаммед пайғамбарымыздың (570-
632) өсиет-өнегелері, өмірбаяны, оның сахабалар, әулиелер жайындағы
әңгімелері бүкіл ислам әдебиетінің негізгі тақырыптарының бірі болды.
«Бұл дүниеде жаңа дін жасаймын, немесе дін жолына өзгеріс енгіземін»,
– деп талаптанғандар аз емес. Оған қолы жетіп, тарихта аты қалғандар да,
жетпегендер де бар. Мұхаммед пайғамбар адамгершілікке, әділеттілікке
негізделген жаңа дінінің негізін қалады... «Құдайды сүйгеннен кейінгі
басты парыз – бір-біріңді сүю», – деп үйретті (Мұхаммед... 1994-132).
«Ата-анаға Құдайдың нұры жаусын... Егер олардың бірі не екеуі
бірдей жер таянып, қартайып қалса, сырт беруге тиісті емессің. Ұрыспа,
дауыс көтеріп, қатты сөз айтушы болма. Мейілінше рақымды бол».
«Пақырға қол ұшын, жоқ-жітікке қайыр-садақа бермеген адам Алла
Тағаланың өсиетін аяқ асты етіп бұзған адам»... Осындай имандылық
жолына салатын қағидалар мен хадистер түрік әдебиетінің де негізгі
идеялық-көркемдік межесіне айналды. Дүниетаным, адамгершілік
мұраттар бірлігінің түпқазығы болды.
Араб мәдениеті Еуропаға Х ғасырлардың маңайында белгілі болған.
Араб ғылымын Еуропаға таратушылардың бірі Испанияға келіп, араб
ғылымын оқыған франциялық Герберт деген кісі, кейін Сильвестр ІІ
деген атпен Рим Папасы болған. Ол кезде Испанияның бір бөлігі Араб
халифатының қол астына қараған еді. «Абай жолында» Е.П.Михайлов:
294
«Ендеше мен сізге айтайын, ислам тарихы – білім, ол үлкен білім!
... Ислам, араб өнері, жалпы дүние жүзінің ғылым, сана табысына
көп ғасырлар бойында аса зор жемістер берген. Ескі антик өнері мен
Еуропаның бәрі де келіп шыққан Ояну дәуірінің арасында жатқан
бірнеше жүз жылдар меңіреулігі бар. Сондағы көп ғасырдың қараңғылық
заманына сәуле беретін, тек араб мәдениеті екенін айтып өтті. Арыдағы
Сократ, Платон, Аристотель мирастарының бүгінгі өнерлі». Халықтар
қауымына өзінше кеп жеткізушілер шығыстан шыққан данышпандар
болғанын ескертті (Әуезов М., 1989-42 б.).
Мұхаммад пайғамбар негізін салған діннің жиынтық ойлары
Құранда жинақталды, ол арқылы бүкіл ислам елдеріне тарады.
Әбубәкір халифаның тұсында (632-634 хатқа түсе бастаған Құран
кітабы үшінші халиф Османның кезінде (644-656) беделі өңдеуден
өткізіліп, жүйеленді (Пиотровский М.Б.). Кейінгі қисса-дастандарға
сюжет болған Нұх, Мұса, Ибраһим, Исмайыл, Дәуіт, Сүлеймен,
Жақып, Иса, Ғайса пайғамбарлар оқиғасы, олардың өмірінен алынған
дидактикалық әңгімелер Құран арқылы кең тарады. Құранның
түсіндіме-тәфсірлері қарапайым оқырмандардың ислам әңгімелерін
білуге деген тілегін қанағаттанырды. Пайғамбарлар өмірінен алынып
жазылған «Қисас-ул әнбиәның» арабша, парсыша нұсқасы шықты,
түрік тілінде де жазылды. Ватикандағы «Афина» мектебі деп аталатын
алып фрескада Рафаэль көне дүние ойшылдарын бейнелеген. Одан
Италия Оянушылығы өзінің дамуында көне антика дүниесі мен грек
ойшылдарына қарыздар екенін көруге болады: ортада – Платон мен
Аристотель, оған таяу басқышта – Диоген, сол жақтағы жоғарғы топта
пікір таластырып тұрған Сократ, оң жақта – Пифагор және басқа
астроном, математик, суретшілер салынған. Платон мен Аристотельдің
ортадан орын алуынан Италия Оянушылығы үшін олардың аса қадірлі
тұлғалар болғанын байқаймыз. Көне грек ойшылдарын Х ғасырдағы
ислам мәдениетінде жаңғыртқан әл-Фараби екенін мақтаныш етеміз.
Ислам мәдениетінің қазақ жеріндегі ірі ошақтары – Баласағұн, Талас,
Сыр бойы, Сайрам, Түркістан (Иасы) қалалары болды. Одан жүздеген
ақын-жыраулар (Дербісәлиев Ә. 1995), Ақсақ Темір көргендей әскер
басылар шықты. Исламдағы сопылық ағын өкілдері Ахмет Йассауи,
Ахмет Жүйнеки, Сүлеймен Бақырғани сынды ғұламал ақындар болды
(Сүйіншәлиев Х., 1989). «Исламият әлеміндегі «әл инсан әл-кәміл»
мәселесін мораль философиясы негізінде қалыптастырған әрі осы білім
саласын ғасырлар бойы насихаттап-дамытушылар» сопылық әдебиет
өкілдері еді (Мырхазметов М., 1996).
Кеңес дәуірінде бір дүниені ашып айта алмай келген, тарих, археология
ескерткіштерінің жүздеген дәлелдері, Орта ғасырда Қазақстан жерінде
үлкен мәдениеттің өркен жайғандығы туралы зерттеулер жоғарыдағы
сөзімізге негіз болмақ.
«Мұсылмандық табынушылыққа құлай берілгендер Жетісу мен
295
оңтүстік Қазақстанды 766 жылы жаулап алып, онда саяси билігін жүргізіп
тұрған қарлұқтар болды. Олар мұсылман дінін сонау Мехди Халиф (775-
785) кезінде қабылдады деген пікір бар. Х ғасырдың басында ислам дінін
Қараханидтер әулетінің ру басы Сатұқ қабылдады, ал оның ұлы Боғра
хан Мұса 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялады.
Археологтар тапқан ІХ-ХІІІ ғасырлардың қазба ескерткіштері осы
өлкеде қалалық мұсылмандық мәдениет қалыптасқанын дәлелей түседі
(Байпақов К., 1992-41).
Ислам мәдениетінің қан тамырлары ретінде Ұлы Жібек жолының
Батыс пен Шығыстық мәдени байланыстарды нығайтуда орасан зор
маңызы болды. Х-ХІІ ғасырлар арасында Ұлы Жібек жолының бойында
бұрынғы кенттерден басқа тағы 5-6 қала болғаны анықталған (Маданов
Х., 1994-34).
Оның айғағы – Қарахан мәдениетінің алып тұлғалары Баласағұн
қаласында туып-өскен әйгілі ақын Жүсіп Баласағұни мен Махмұд
Қашқари еңбектері. Бұл дүниежүзілік мәдениетке айтарлықтай үлес
қосқан тұлғалар.
Қарахан мемлекетінің тұсында қала мәдениеті жоғарғы деңгейде
дамыды. Сауда, дін, ғылым, әдебиеттің орталығына айналды. Суяб,
Тараз, Отырар, Йасы (Түкістан), Испиджап, Сығанақ, Мерке, Барысхан,
Баласағұн сияқты ірі сауда қалалары тұрды. Олардың ішінде Отырар
қаласы, араб-парсы жазбаларында – Фараб, одан бұрынғы деректерде
Тарбан, өз кезінде аса бай кітапханасы бар мәдени ірі орталық болған.
Орхон ескерткіштерінде «қаңлылар мекені – Тарбан қаласын» атайды.
Тараз қаласы 6 ғасырда мәлім. Оның төңірегінде Барысхан, Құлан, Мерке,
Аспара, Баласағұн сияқты қалалар орналасқан. Ал, Іле жағында Қойлық,
Екіөгіз, Талхиз қалалары болған. Сондай-ақ, Қарашоқы, Қарнақ, Ашнас,
Баршынкент туралы да деректер бар. Бұл қалалардың экономикалық
өмірінде Шығыс Түркістан мен Батыс елдерін жалғастырып жатқан Ұлы
Жібек жолының аса маңызды рөлі болды. Бұл жол бірнеше тарамдалып,
мемлекеттің өз ішінде де байланыстырып жатты. Ташкенттен – Таразға,
Тараздан Шығыс Түркістанға барса, енді бір жол Испиджабтан Ертіске
қарай беттеді. Қазіргі Қазақстаннан қазба жұмыстары кезінде табылған
Қытайдың жібек, форфоры, Византияда жасалған дүниелер – соның
айғағы.
М.Қашқари «Сөздігінде» Баласағұн қаласу туралы «Шу – Баласағұнға
жақын шаһар» , – деген деректер бар.
«Сағұн» – қарлұқ тайпасының үлкендеріне берілетін атақ. Түріктің
тәуіптерін Атасағұн деп атайды», – дейді (Түбі бір... 1993-14-28). Ендеше
Баласағұн қаласы бір заманда бала тәуіптің мекені болуы мүмкін.
Осы қалада туып-өскен Жүсіп Баласағұни «Құтадғу білік» атты
кітабымен әлемге әйгілі болды (Баласағұни Ж., 1986). Қарахан
мемлекетінің тағы бір мәдени ошағы – Қашқар қаласында Махмұт
296
Қашқари атты филолог өмір үрді. Ол да үш кітаптан тұратын «Түрік
сөздерінің жинағын» жазып, өрелі еңбек жасады (Түбі бір... 1993).
«Еуропадан Азияға дейін және оған керісінше бағытта созылып жатқан
сауда жолдарына сипаттама бере отырып, сондай-ақ сол жолдармен
ағылған сан алуан таңсық тауарлар, ежелгі өнер мен дін жолдары
туралы әңгімелей келіп, орта ғасырлық тарих пен рухани өмірдің аса
күрделі болғанын атап айтпасқа болмайды. Шығыс пен Батыс, Азия мен
Еуропа тоғысқан Қазақстан қалаларында бір-біріне мүлдем ұқсамайтын
мәдениеттердің өзара кірігіп, бір-бірін байыта түсулеріне аса қолайлы
жағдай, ахуал туды. Өзара қарым-қатынас жасау нәтижесінде отырықшы
қалалар мен көшпенді тайпалар адамзаттың ежелгі мәдениеті арқасында
маржандай жарқыраған таңқаларлық мәдениет жасайды» (Маданов Х.,
1994-43).
Бұл үзіндіні ұзағырақ алу себебіміз мәдениет дамуының
алғышарты ретінде қалалық өмірдің, ел мен ел, мемлекет пен мемлекет
байланыстарының деңгейін тарихшылар көзқарасымен парықтау болып
отыр.
Осылайша араб, парсы, қытай, үнді, бұлғар бойы, Кіші Азия, Орта Азия,
Еуропа елдерінің бір-бірімен араласуында кіндік Азия – Қазақстанның
айырықша рөлі болды. Қазақстан байыта отырып байыды. Тамыры
терең түрік әдебиетінің ескерткіштері «Орхон жазулары», «Қорқыт ата»,
«Оғыз қағанды» туғызған халық ежелгі Құран, Таурат, Інжіл, «Рамаяна»,
«Панчатандра», «Шаһнама» миф-аңыздарымен салалана түседі. Діни
дидактика жанры туды.
Осы мәдени үрдіс моңғол жаугершілігі тұсында да толастаған жоқ.
Қираған қалалар қайтадан еңсесін көтере бастады. Мысалы, «Шыңғысхан
өлгеннен кейінгі бұлыңғыр-бұлдыр жылдарда бұл қала қайтадан
Сырдария бойындағы мән-маңызы зор саяси және экономикалық
орталық болды. Үргеніштен шыққан жол сол арқылы – Алмалыққа, одан
әрі кетті. Отырар Орта Азия мен Қазақстанның оңтүстігінде кең тараған
теңгелердің – шек орталығы ретінде де белгілі. Қалада ХІІІ-ХІҮ ғасырда
ірі қоғамдық ғимараттар салу ісі қолға алынды» (Байпаков К., 1992-70).
Осы кезде Ақсақ Темір державасының мәдени жағынан жоғарғы
деңгейге көтерілгенін Ахмет Йассауи, Арыстан баба кесенелері көрсетеді.
Сондай-ақ, Сарай, Сарайшық қалалары да осы дәуірдегі өзіндік
өркениеттің белгілеріне жатады. «Өркениет» деген сөзді біз тек Еуропа
елдеріне, оның қазіргі қалпына қарай отырып айтуға үйренгенбіз,
ал негізінде, өткен тарихи жағдайлар тұрғысынан қарасақ, Х-ХІҮ
ғасырлардағы Қазақстан мәдениеті өзіне тән өркениет дәуірін кешті деп
айтсақ, әбестік болмас. Қала мәдениетінің дамуы, әдебиет пен ғылымдағы
ұлы тұлғалар Фараби, Йассауи, Баласағұни, Қашқарилердің, Әли,
Рабғұзи, Құтб, Хұсам Кәтиб, Хорезмилердің шығармашылығы, Х-ХІҮ
297
ғасырлардағы әдебиетте жан-жақты өсу үрдісінің болғандығын көрсетеді
деген ойдамыз. Осындай даму үрдісі өз ішінде түрік Оянушылығын
туғызды.
Әдебиеттегі түрік Оянушылығының белгілері, біздіңше, екі үлкен
жаугершіліктен кейін көрініп отырады. Х-ХІІ ғасырда Баласағұни
«Құтты білікте» державалық түрік мемлекетінің төрт құбыласы тең
үлгісін жасағанда, «Өтүкен бектері», «Білге қаған», Күлтегін, Тоныкөктер
құрған ұлы Түрік қағанатын елестете отырып жазса, Махмұт Қашқари
түрік елінің бай мәдениетін, тілін жан-жақты сипаттап, түрік рухын
ірілендіре түсті. Яғни, түрік әдебиетіндегі Оянушылықтың (Ренессанс)
бастамалары да осы туындыгерлерде жатыр деп білеміз.
Түрік Оянушылығының екінші бір көтеріле түсу тұсы ХІІІ-ХІҮ ғасыр
әдебиетінде көрінді. Орта Азияда Науаи, әл-Фараби шығармашылығында
Оянушылық көріністері бар екенін В.М.Жирмунский (Литература эпохи...
1967-460-472) еңбегіне сүйеніп, қазақ әдебиеттануында алғаш сөз еткен
ғалым Әуелбек Қоңыратбаев болған (1994), И.В.Боролина (1970-2-376)
«Түрік әдебиетіндегі Оянушылықтың пайда болуы олардың өзін-өзі тани
бастауынан және Ренессанс мәдениетінің ошағы болған көрші Иран
әсерінен», – деп біледі. Ренессансы да шамалас, ХІІ ғасырда басталып,
ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда аяқталған. И.С.Брагинский Ренессанстың негізгі
шарты орта ғасыр жағдайындағы қала мәдениетінің дамуы, қолөнер,
сәулет өнері, сауданың дамуы деп біледі (1974-174-177). Осы алғы
шарттардың Х-ХІҮ ғасырлардағы Қазақстанда толығымен болғандығын
тарих зерттеулеріне сүйене отырып, жоғарыда айтып өттік.
Жетпісінші жылдарға таяу, алпысыншы жылдардың аяғында бүкіл
түрік әдебиетінің тарихына қатысы бар, Орта Азия Ренессансы туралы
В.М.Жирмунскийдің мақаласына ілесе, түрік әдебиетіндегі Ренессанс
белгілері туралы ойды татар ғалымдары қозғаған болатын (Хисамов
Н.Ш., 1979-184). Армиян, грузин, иран, қытай, араб т.б. шығыс халықтары
әдебиетінде жалғастық тауып, Италияда аяқталғаны туралы біршама
еңбектер жазылған (Конрад Н.И., 1967). Бұл мәселе қазақ әдебиетінде әлі
де арнайы зерттелген емес.
Бізді толғандыратыны, әл-Фарабидің ғылымдағы тұлғасының
Леонардо да Винчимен ұқсастығы, Жүсіп Баласағұнидің көне антика
әдебиетінің принциптеріне сүйенетіні, ежелгі грек ойшылдарын дәріптеуі;
Йассауи және оның ізіне ерген Иүгнеки, Бақырғани, Хакім аталардың
гуманизм идеяларын ту етуі; Нәзира дәстүріндегі қиссалардың ежелгі
сюжеттерді қайталай жаза отырып, адамгершілік, түріктік мәселелерді
көтеруі; Ақындардың шығарманы ана тілі – түрік тілінде жазуы. Сөйтіп,
түрік тілінің мәртебесін көтеруі. Осылар түрік Оянушылығы жөнінде
тілге тиек болады.
Бұл көне дәстүр араб тіліндегі әдеби үрдіс ретінде тарап, араб
298
халифаты қарамағынан шығып, Саманид патшалығы құрыла бастаған
парсы әдебиетінде қайта жаңғырды. Ал, түрік-қазақ әдебиетінде
Алтын Орда мемлекетінің кезінде негізгі әдеби үрдіске айналды.
Нәзираның негізгі тақырыптары әлі қол үзіп кетпеген араб сюжеттері
және оны жаңғыртқан парсы қисса-хикаялары болғанымен, ол түрік
Оянушылығымен астарласып кетті. Ақындар ежелгі мифтерден «әділ
патша» және «адамгершілік» желілерін алып дамытты.
Х-ХІҮ ғасырдағы түрік ақындарының Баласағұниден – Әлиге дейін
ел тәуелсіздігі мен бірлігін ұстай білетін «әділ де айбарлы патша»
бейнесін жасауға тырысуы: араб және монғол шапқыншылықтарынан
кейінгі түрік мемлекетінің іргесін Түрік қағанаты тұсындағыдай нығайту
қажеттілігінен туса керек. Ол: Баласағұниде – Күнтуды Еліг пен Айтолды
уәзір. «Қисса-Жүсіптегі» – Жүсіп патша, «Жұмжұмадағы» – Жұмжұма
сұлтан т.б. әкімдер мен хакімдер.
Нәзиралық әдебиет, қисса-дастан жанрының түрік әдебиетінде
дамуына көрші жатқан Иранмен әдеби байланыстар зор әсер етті.
Сондықтан оның жайын бір-екі ауыз еске алмай кетуге болмайды.
И.С.Брагинскийдің айтуынша (1972-35-40), парсы әдебиетінде ҮІІІ-
ХІ ғасырдың бас кезінде классикалық даму үрдісі болды. Араб тілді
әдебиеттің аясында мұсылмандық дәуірге дейінгі парсы мәдениетінің
культтеріне деген қызығушылық, оны жаңғыртушылық басталды. Оның
жарқын өкілдері – Абдаллах ибн ул-Мукаффа (724-759), Башшар ибн
Бурд «шубияшылдар» дейтін оппозиция өкілдері шығармаларын ана
тілінде жазып, Иран тілінің мұраты үшін күрескен. Өз өлеңдерінде
тәуелсіз Иран мемлекетін құру идеясын ұсынған. Иран Оянушылығының
бастамасында осындай көңіл-күйдің ықпалы болған.
Х ғасырдың бас кезінде Саманидтер мемлекеті болып Араб
халифатынан бөлінген кезде парсы тілді иран әдебиеті жаңа
қарқынмен дамыды. Оның орталығы болған Бұхара бүкіл Иран мен
Орта Азия елдерінің мәдени кіндігінің бірі болды. Парсы әдеби
мектебі қалыптасты. Осы дәуірде Рудакидің соңын ала елуден
астам (Брагинский И.С., 1972) екі тілде бірдей жазатын ақындар
пайда болды. Оның ішінде «Патшалар кітабын» жазған Даники, осы
дастанды жетілдіріп, құлпыртқан Фирдоусилар («Шаһнама») бар. Бұл
дәуірдегі парсы әдебиеті елдік рухты көтерді. Ө.Күмісбаев: «Қайта
өрлеу дәуірінің гуманизмі, адамға деген ілтипат. Оның Құдайға
көзқарасы Фирдоуси фундаментін берік қалап тастады», – дейді
(1995-22). Нәзиралық шығармалар туды.
Парсы тіліндегі сопылық поэзия мен прозаның бастапқы тұлғаларының
бірі – Абдаллах Ансари (1006-1086). Поэмадағы гуманистік бағытты
дамытқан ақындар Омар Хайам (1040-1131) мен Низами (1141-1203)
болды. Бұлардың ішінде Ансари мен Низами түрік нәзирашыларының
299
алдында ғана өмір сүрген немесе замандастары еді. Олардың түрік
ақындарына тиген шығармашылық әсері мол.
Түрік әдебиетіндегі «Қисса» жанрының дамуы тікелей осы нәзира
дәстүрімен байланысты болды. Нәзиралық әдіспен жазылған шығармалар
«қисса» деп аталады. Қиссаның тамаша үлгілері ХІІІ-ХҮІ ғасырлардағы
түрік әдебиетінде туды. Олар: Әлидің «Қисса-Жүсібі», Хұсам Кәтибтің
«Жұмжұмасы», Құтбтың «Хұсрау-Шырыны», Рабғузидің қиссалары
(Рабғұзи туралы бұрын жазғандықтан, бұл жұмысымызда қайталамаймыз.
1988).
Аңыз бойынша, Мұхаммед пайғамбардан бір қызық қисса (әңгіме,
баяндау) айтып беруді сұрағанда, ол өсиет-өнегеге толы әдемі бір
әңгіме айтты дейді. Пайғамбардың бұл әңгімесі «Қисса Жүсіп» болатын
(Пиотровский М.Б., 1991-90). Түрік әдебиетіндегі қисса жанрының басы
– «Қисса-Жүсіптен» басталатын себебін осы аңыздан іздегеніміз жөн
сияқты. Жалпы, нәзира жанрын «қисса» деп атау да осыған байланысты
шықса керек.
ХІІІ-ХІҮ ғасырлардағы түрік қисса-дастандары ХІХ-ХХ ғасырдың
басы кезіндегі қазақ әдебиетінде өз алдына бір сала болып жалғасты.
Достарыңызбен бөлісу: |