Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»



бет3/9
Дата29.10.2022
өлшемі5.16 Mb.
#463586
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекет ата

Негізгі бөлім
2.1.Бекет атаның ғибратты ғұмыры.
Қасиетті қазақ даласы талай ұлы ғұламаларды дүниеге алып келген.
"... Пендесінің тілегін екі етпеген,
Иман - Рухым, Пір Баба - Бекет деген.
Текті атам - Адай шал жерұйық деп,
Маңғыстауға ұрпағын жетелеген"
Фариза Оңғарсынова
Бекет атамыз жайында бүкіл қазақ жерінде,сонау Орта Азия,Таяу шығыс халықтарының ортасында күні бүгінге дейін сақталған,ұрпақтан-ұрпаққа аңыз боп,жыр боп жеткен әңгімелер қаншама.
Бекет ата Мырзағұлұлы 1750 жылы қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданы, Ақкиізтоғай ауылынан 30 шақырым қашықтықта, Жем бойындағы Ақмешіт деген жерде туған. Бекет ата - қол бастар көсем, елді ұйытар шешен, емші, көріпкел, әулие, ағартушы, рухани ұстаз, сәулетші ғана емес, физика, математика, астрономия заңдылықтарын жақсы білген ғұлама ретінде аты танылған.
Әкесі Мырзағұл дәулетті, барынша мырза, діни сауатты ел ақсақалы болған. Мырзағұл Жаналыұлынан 4 ұл Алдаберген, Алдоңғар, Меңдіқұл,
Бекет және 2 қыз бала Әпуаш, Ақмаңдай дүниеге келген. Анасы - Жәния.
Немересі бес жасқа келгенде атасы Жаналы алғаш өзі оқытып, кейін ауыл молдасына беріп сауатын ашады. Бала Бекет дәріске өте ынталы, зерек болған. Ауыл молдасынан дәріс алған 3 - 4 жылдың ішінде - ақ бала Бекеттің білім дәрежесі, түйсігі ұстазынан кем болмаған. Бекет бабамыз Шерғазы хан салдырған медресені бітірген.Осы оқу орнын түрікмен халқының классик ақыны Мақтымқұлы Пырағи (Азади), қарақалпақ халқының сөз зергері Әжінияз Қосыбайұлы, өзбек ақыны Пахлаван Равнаки сияқты талантты тұлғаларда бітірген. Бұл білім ордасы халық арасында "Маскани Фозилон", басқаша айтқанда "Білімдарлар ордасы" деп аталған. Хорезмдегі "Шерғазы хан" медресесінде Бақырған қажыдан оқып, білім жинаған соң, өз өңіріне қайта келіп, бес мешіт салдырады. Бақырған қажыдан жеті жыл дәріс алып, медресені үздік аяқтап, елге оралады. Маңғыстау, Атырау, Үстірт, Арал аймағында мешіт - медреселер салып, халқын сауаттандыруға көп күш жұмсаған. Сөйтіп, "Тал бесіктен тар лақатқа дейін оқы",- деген имам Ағзам сөзін қабыл алған Бекет ата бүкіл өмірін оқумен және оқытумен өткізген.
Бекет атаның білімдарлық,батырлық,әділдік,еңбексүйгіштік,абыз көріпкелдік қасиеттері өз дәуірінде ерекше танылған.Халық оны айрықша қадірлеп,әулие тұтқан.Адайлардың ұранына айналған.Халық Бекет Атаның өмірін,қысылғанға жар болған ерекше қасиетін,әулиелігін ықыласпен әңгімелеп,ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырған.
Кәрі нағашысы тама Есет батыр Көкіұлы. Кіші жүз ханы Әбілқайырмен қимас дос болған. Орыс патшайымы Анна Иоанновнадан аты - жөні жазылған естелік қанжар мен хан тарапынан "тархан" деген құрметті атақ алған. Тоқсаннан асқан шағында Есет батыр он екі жасар жиені Бекетке:
«Үстіңнен дүбір кетпесін,
Құлағыңнан сыбыр кетпесін.

Ақ пен қараны айырар,
Жауды кері қайырар,
Атың да айтып тұрғандай дүр боларсың.
Елге шуақ шашып нұр боларсың,
Үш жүзге танымал Пір боларсың....»,
- деп бата берген екен делінеді.
Ескі дала үрдісінде қауымға билік жүргізетін хандар мен ғашкерге билік жүргізетін сардарлар ғана сайланып қойылған,ал батырлар мен пірлер аттарына лайық қасиеттерімен қапысыз танылап,жұртты тегіс мойындатқан.Тәуке заманындағы үш ұлыстың үш пірінің жұрт алдына аруақ салыстыруына келсек,ол да,түптеп келгенде,сайлау емес,өз қасиетінің басымдылығын жария мойындатудың жолы болып табылады.Мұны кие,аруақ туралы ғылым-агиологияда «таңғажайып сайыс» деп атайды.Бұл-тек дінге дейінгі нанымдар заманында ғана емес,әлемдік діндер үстемдік құрған тұстарда да орын алған үрдіс.
Бекет ата да Қожа Ахмет Ясауи мектебінің «таңғажайып сынынан» сүрінбей өткен аса талантты шәкірті болғанға ұқсайды.Оны көптеген аңыз-әңгімелерден байқауға болады.
Бекет ата-«сопылық жолын» ұстанып,ондағы ең биік дәреже Пір мәртебесіне жеткен ислам әлеміндегі санаулы тұлғалардың бірі.
Пайғамбарымыздың көзі тірі кезінде оның Мединадағы мешітінің батыс жағында құрма ағаштарынан жасалған көлеңкелік болған.Ол жерге Мединаға ілім алу үшін келген үйі жоқ адамдар тұрақтаған.Көлеңкелік «софы» деп,ал оны мекендеген адамдар «асхаб-и софы» деп аталған.Пайғамбарымыз олардың тұрмыстық қажеттіліктерінің өтелуін қадағалап отырған және ислам дінінің қағидаларынан дәріс берген.Қажетті ілім алғандары пайғамбарымыздың ұйғаруымен дүниенің әр тарапына дін таратуға жіберілген.Сопылардың көпшілігі Алла сыйлаған ерекше қасиеттері бар жандар.Сопылықтың сусындар қайнар бұлағы ислам шариғаты.
Дін зерттеуші ғалымдар сопылық жолдың пірлерінің өз қоныстарын жыл ішінде әлденеше дүркін өзгертіп отыратынын айтады.Тіпті кейбіреулері бір орында 40 күннен артық отырмаған.Дінтанушы ғалымдар бұл қонысаударулар Аллаға сыйынуға қолайлы орындардың жыл ішіндегі ауысып отыруына байланысты дейді.Атамыздың Оғыландыда негізгі мешіті болуы,бірнеше жерден жерасты мешіттерін салуы сондықтан.Себебі пірлердің негізгі қонысында завийа болса,қосалқы қоныстарында оның кішілеу түрі даира салынады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет