Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»



бет6/9
Дата29.10.2022
өлшемі5.16 Mb.
#463586
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекет ата

Оғыландыдағы мешіт
Бекет Ата мешіттерінің ішіндегі өзінің алғашқы қалпын жақсы сақтап қалған Үстірт жазықтығының Маңғыстаудың ойымен қыраттар арқылы ұласар жеріндегі бөлек тұрған шоқыны үңгіп салған ғимараты. Ал, Үстірт-деген көлемі 100 мыңшаршы метрдей жерді алып жатқан дөңес. Бұдан мыңдаған жылдар бұрын Торғай ойпаты арқылы солтүстік мұзды мұхитқа құйған ұлы Сармат теңізінің табаны болған Үстірт қазір Каспий теңізінен 200 метр биіктікте жатқан шөл дала. Алып ғимараттың есік ойығына таудың қалақ тастары мен шегенделіп өрілген жақтау қабырғамен бекітілуі және оның тереңге орналасуы ғимраттың бүгінгі дәуірге дейін жақсы сақталуына себепші болған. Ғимараттың сыртқы шағын есігін ашып, қысыла-қымсына босағасын аттағанда, іші қара көлеңке дөңгелек пішіндегі ауыз үй есебінде бөлмеге кіресіз. Бөлмедегі 3 есік әлі де іште 3 бөлме бар екендігін айқындап тұрғандай әсер етеді. Кіре берістен оң жақтағы бөлмеге бұрын Бекет Ата мүрдесі қойылып, алдыңғы жағынан шымылдық ұсталған екен. Өкінішке орай, бертінде дәлірек айтсақ дінді, әулие-әмбиелерді апиынға теңеген кешегі кеңестік дәуірдегі түрлі келеңсіз жайттарға байланысты, Атаның аян беруін ұрпақтары сол мүрде жатқан бөлменің іргесіне кеулеп ойып, лақат жасапты да мүрдені сонда қойыпты, лақат аузын бекітіп тастаған. Ата мүрдесіне таяу жерде оның шөбере ұрпағы Құлмәмбет ұлы Мұрын жерленген. Екінші бөлмеде Бекет Атаның апасы Әпуа жатыр. Михраб қуысы бар бөлменің кезінде намаз оқитын бөлме болғандығын аңғартады. Ғимараттың құбыла жағындағы таспен бекітілген үшінші есікті шырақшы екінші қабаттағы Бекет Атаның екі қызы мен күйеу балалары жерленген бөлмеге апарады дейді. Ол бөлменің терезесі бұрын ғимарат сыртынан алыстан көрініп тұратын, ал қазір бекітіліп тасталған. Тобықтыдағы мешіт
Тобықтыдағы Бекет ата жер асты мешіті – сәулет өнері ескерткіші. Маңғыстау ауданының аумағында. Тиген елдімекенінің солтүстік батыс жағынан 24 шақырым жерде орналасқан; ол ақбор төбенің шығыс беткейінен ойып салынған. Мешіт 2 бөлмеден тұрады: бөлме қабырғаларының қалыңдығы 1-1,3 метрдей етіп ойып жасалған; қабырға жиектері мүжілген. Атмосфералық әсер ету салдарынан 1-бөлменің төбесі толық бұзылған; қабырғалары мен кіреберісінің жалпы нобайы сақталған. Сопақша етіп тұрғызылған 2-бөлменің (5х3 метр) төбесіндегі жарық түсетін ойықтан оның диаметрі 1,5 метр ағатын ағын-сулардың салдарынан құрылыстың 30 пайызы бұзылған. Бекет Мырзағұлұлының өміріне қатысты осынау тарихи ескерткіш сәулет өнерінің ерекше туындысы болып саналады. Маңғыстау облысы әкімінің шешімімен 2004 жылы жергілікті дәрежедегі мемлекеттік қорғауға алынған. 2005 жылы «Парыз» ЖШС мешітке жөндеу жұмыстарын жүргізіп, толық қалпына келтірді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет