Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»



бет5/9
Дата29.10.2022
өлшемі5.16 Mb.
#463586
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекет ата

Жем бойындағы мешіт.
Біз ауызекі тілде «жерасты мешіті» дей береміз.Шындығында ол-Аллаға сыйынуға ең қолайлы делінетін жерлерде салынатын,өте қасиетті,береке бастауы саналады.
Маңғыстаулық шежіреші Тасқара Қаратайұлы айтқан деректерге қарағанда, Бекет Ата 14 жасында әкесі Мырзағұлдың рұқсатымен білім қуып, Өзбекстаның қазіргі Хорезм облысының аймағына кіретін Хиуа шаһарына ауылдасы Қырымқұлекеуі аттанады. Хиуа медресесінде 7 жыл оқып, 21 жасында елге, туған топырағы қазіргі Атырау облысының Жылыой ауданындағы Ақмешіт елді мекеніне оралады. Елге оралған соң 21-24 жастар аралығында ауыл балаларының басын қосып, діни сауаттарын ашады. Әрі ғылыми экспедиция мүшесі А.Дюгамель суреттеп жазғандай, болашақта осы өңір балаларын бір орталықтан оқыту мақсатын көздеп, ақбор төбенің батыс жағындағы баурайынан дөңгелек пішіндес екі бөлмелі мешіт салдыра бастайды. Ол ғимаратта Бекет Атаның ауылдасы Соқырша деген жігіт басшылық жасап, үш жаз бойы еңбектеніп шамамен 1771-1774 жылдар аралығында салып бітіреді. Мешіт үйімен қанаттас Бекет Атаның ата-анасы Мырзағұл мен Жәния, баласы Тоғай және мешіт ішіне кәрі әкесі Қосқұлақұлы Жаналы жерленген.
Бұл мекеннің Ақмешіт атауына ие болуы осы мешіт үйі салынып біткеннен кейін болған көрінеді. Себебі ақбор төбе де, мешіт ғимараты да алыстан күнге шағылысып ағараңдап көрініп тұрса керек. Ақмешіт Құлсары қаласынан солтүстік-шығыста, 66 шақырым қашықтықта, Жем өзенінің оңтүстік бетінде өзен жағасына таяу орналасқан. Құлсарыдан Ақмешітке дейін өзен жағасына таяу Ақкиізтоғай, Жыңғылтоғай ауылдары бой көтерген болса, Ақмешіттен өрге қарай Қырықмылтық Бақы қорымы, Үйтас, Қазбек ауылы, одан әрі Ақтөбе облысы бар.
Ескі Бейнеудегі мешіт
Бекет Атаның ескі Бейнеудегі мешіті Маңғыстау облысындағы Бейнеу ауданының орталығы- Бейнеу кентінің оңтүстігінде, 20 шақырымдай жерде айналасы қоршалған үлкен қорымның шығыс жақ ернеуіндегі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатқан ескі терең өзек бойына орналасқан.
Мешіттің шығыс жағынан 2 шақырымдай жерден Ақтау – Атырау қатқыл жолы мен темір жол өтеді. Жол жиегіне таяу ұлутас карьері, одан әріректе темір жол бекеті бар. Мешіт үйі тұрған өзектің шығыс жағы жазықтықпен астасып жатады. Осы жазықтықта өзек бойлай тұрғын үйлер салынған. Бұл ескі мекен тоғыз жолдың торабына орналасқандықтан, кеңес үкіметі тұсында, тіпті одан бұрынғы
кезеңдерде де көшпелі халқымыздың жолай ат басын тіреп, тынығып өтер бекеті, яғни елді мекен болғанға ұқсайды. Бекет Ата мешітіне зиярат жасауға баратындар алдымен қорымның шығыс жағындағы қақпадан кіріп, баспалдақтар арқылы төмен түсіп аяқ көпірден өтіп барады. Бұл жерде атаның ағасы Меңдіқұл,шөбересі Самалық жерленген.Қақпадан кіре берістегі шағын алаңның оң жақ қапталына ұлутасқа төрт бұрышты темір тұғыр-тақтатас орнатылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет