Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «халықаралық экология, инженерия және педагогика ғылымдар академиясы»



бет2/9
Дата29.10.2022
өлшемі5.16 Mb.
#463586
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Бекет ата

Зерттеудің негізгі мақсаты:Жас ұрпақтың санасына Бекет атаның қасиеті,жан-жақтылығы туралы сіңіру.
Зерттеудің міндеттері:
а)Тұлғалар мәдени мұрасын зерттеген еңбектерді оқып, талдау.
ә)Тарихи тұлғалар ескерткіштерінің тұрған жерін, орнын анықтау, салыну ерекшелігіне мән беру.
Зерттеудің нысаны:Бекет атаның мешіттері
Зерттеудің ғылыми жаңалығы:


Кіріспе
Ескерткіш - кең мағынасында - елдің, халықтың мәдени мұрасының жалпылама атауы. Тарих және мәдениет ескерткіштерінің жиынтығы мұражайлық, көрмелік маңызы бар заттар мен жылжымайтын ескерткіштерді (құрылыс, ғимарат, т. б.) қамтиды.
Ортақ типологиялық белгілері бойынша ескерткіштерді негізгі 4 түрге бөледі: археологиялық, тарихи, сәулет өнері және монументтік (мүсін) өнері. Сондай - ақ, ескерткіштерге тарихи - танымдық немесе тарихи - көркем құндылығы бар жазбаларды да жатқызуға болады.
Қазір Қазақстанда 25 мыңға жуық тарихи ескерткіштер бар. Олардың бәрі мемлекеттің қорғауына алынған.
ҚР Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаев "Мәдени мұра" бағдарламасын іске асыру жөніндегі мәжілісте: "... Адамзат тарихының күретамыры – мәдениет, ал мәдениеттің күретамыры – адамзаттың ақыл - ойы мен іс - әрекетін дүниеге әкелген материалдық құндылықтар болып табылады. Бұл бәрімізге белгілі ақиқат. Қай халықтың болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс - бітімін даралап, өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – мәдениеті. Мәдениет - ұлттың бет - бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл - ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді - кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады.... Ең алдымен, білім беру саласын дамыту, халқымыздың тарихына қатысты мәдени мұрамызды сақтауды қамтамасыз ету, алыс - жақын шет жұрттағы жәдігерлеріміз бен мұрағаттарымызды іздестіріп, жинақтау керектігі міндеттелді.... Ал рухани - мәдени таным арқылы, тарихи сана негізінде патриоттық сезім, отаншылдық рух қалыптасатыны белгілі. Әсіресе бүгінгі жастарды отаншылдық рухта тәрбиелеу – мемлекеттік идеологияның темірқазығы болуы тиіс.
... Келешекте мектеп, орта арнаулы және жоғары оқу орындарының бағдарламаларын осы «Мәдени мұра» кітаптары негізінде қайта қарап, толықтыру мәселесі де ойластырылуы қажет."- деген болатын.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет