Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ



бет2/6
Дата01.06.2022
өлшемі1.43 Mb.
#458894
1   2   3   4   5   6
УМКД ЖН 1к 2сем

Автотрофтық - автотрофизм. Өсімдіктердің фотосинтез немесе хемосинтез арқылы ауадағы, топырақтағы және судағы анорганикалық заттармен қоректенуі.
Анатомия - организмнің ішкі және сыртқы құрылысын зерттейтін ғылым.
Астрономия – (грек тілінде astronomia, астро және номос - заң) аспан денелері мен әлемнің құрылысы және олардың дамуы жөніндегі ғылым.
Бейімделу - организмнің құрлысы мен атқаратын қызметінің тіршілік жағдайларына бейімделуі, сыртқы жағдайларының өзгеруіне организмнің бейімделуін қамтамасыз ететін жауаптардың жиынтығы.
Биология – ( грек тілінде «биос» - тіршілік, «логос» - ғылым, ілім) тірі табиғатты зерттейтін биология ғылымы.
Биогеография – организмдердің орта жағдайларына байланысты жер бетінде таралу заңдылықтарын қарастырады.
Гольджи аппараты - аппарат Гольджи. Клетканың өте майда құрылымдық бөлшегі. Жайпақ ыдыс немесе табақша тәрізді қысыңқы көпіршіктерден құрылған. Жан-жағынан одан да майда көпіршіктер созылып жатады.
Гемоглобин - құрамында темір бар белок тектес зат.
Генетика – ( грек тілінде «генезис» - шыққан тегі) организмдердің тұқым қууы мен өзгергіштік заңдылықтарын зерттейтін ғылым.
Зоология – (грек тілінде «зоон» жануар, логос - ілім) жануарлар туралы ғылым.
Иммунитет - деп иммунды жүйенің денеден бөгде заттарды шығарып тастау қасиетін айтады.
Клетка - жануарлар мен өсімдіктерді тіршіліксіз жүйелерден ерекшелейтін, морфологиялық және физиологиялық сұрыпталған құрылыстық бірлік. Қарапайым тірі жүйе бола тұрып, клетка өзін-өзі жаңартуға, өндіруге және реттеуге қабілетті. Клетканың негізгі құрамы - ішінде органоидтар мен басқа кіріспелер орналасқан цитоплазма, ядро, вакуоль. Олардың барлығы клетка қабығымсен қоршалған.
Клетканың бөлінуі - физиологиялық дербес бір ядролы клетканың тепе-тең екіге бөлінуі. Олардың әрқайсысы плазмадағы негізгі заттардың, ең алдымен, ядроның жартысы енеді.
Қоректік заттар - құрамында өсімдіктерге қажетті қоректік элементтері бар қосындылары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет