Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы


Блум таксономиясы бойынша сұрақтар типологиясы



Pdf көрінісі
бет78/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

 
Блум таксономиясы бойынша сұрақтар типологиясы 
Блум 
ойлау 
деңгейі 
Оқу 
мақсаттар
ы 
Дағды 
Сұрақтар, тапсырмалар. 
Білу 
Терминдер
ді қайталау 
Ақпаратты 
қайталау 
немесе тану 
Бұл не…. 
Тану 
Қашан болды…
Қалай жазылады… 
Еске 
түсіру 
Қайда орналасқан….
Қайда болып жатыр… 
Формуланы жазыңыз …
Атап көрсетіңіз … 
Түсіну 
Интерпрет
ация 
Ақпараттық 
материалда
рдың 
Салыстыру….
Неге…. 
Не білдіңіз …
Өзара байланысын түсіндіріңіз … 


103
Трансфор
мация 
мағынасын 
алу (түсіну) 
Өз сөзімен айту…
Сөйлемді түрлендіріңіз … 
Терминологины өз сөзіңізбен түсіндіріңіз…. 
Нені білдіреді…. 
Фразаны аяқтаңыз … 
Анықтау 
Анықтаңыз, неге….. 
Мысалдар 
келтіру 
Қалай дəлелдей аласыз….. 
Қолдану 
Мəселені 
шешу 
Қалыпты 
жағдайда 
қолдану 
Картадан көрсету…
Неге…. 
Кестені құрыңыз….
Қолдану 
мақсатын 
түсіндіріңіз …..
Үй жұмысын бірнеше тəсілмен түсіндіріңіз
Берілген 
мəселені 
қандай 
теориямен 
түсіндіресіз...
Ұсынылған болжамды тексеріңіз …Түйін 
Талдау 
Мəнін 
анықтау 
Бөлімдерін 
жəне 
құрылымын 
анықтау 
Арасындағы айырмашылықты көрсетіңіз….. 
Бастағанын аяқтаңыз…. 
Құрылымы қандай …
Жіктеу … 
Салыстырыңыз … 
Тақырыпш
аны 
шығару 
Қалай түсіндіре аласыз….
Салдары не болып табылады … 
Мотиваци
я 
Себебін түсіндіріңіз…..
Себебін талдаңыз … 
Жинақтау 
Шығарма
шылық 
жанры 
Білімдерді 
жаңаша 
біріктіру 
Кластерлерді құру Сызбаларды құру 
Жоспар 
құру 
Алгоритмді ұсыныңыз… 
Нəтижесі 
Жүйелеңіз …
Құрылымдалған болжам.. 
Егер осылай болса ше... 
Өз 
шешіміңізді 
табыңыз …..
Айтқанды тарату…
Баламаны 
табыңыз 

Өзгерістер қандай болуы мүмкін … 
Зерттеңіз … 
Бағалау 
Идеяны 
ұсыну 
Негіздеу 
«+» неде 
немесе «-» 
ненің 
Критерийле
р негізінде 
мағынасын 
бағалау 
«Келісемін» жəне «қарсы» дəлелдер 
Логиканы 
бағалаңыз…
Абзалдықты суретте …
Критерийлерді ерекшелеңіз … Сəйкес пе …
Ол 
туралы 
не 
ойлайсыз 

Нəтиже шығарыңыз … 
 
4-қосымша 
Қалыптастырушы бағалау тəсілдері 
1. «Бұрыштар» тəсілі: Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады жəне 
мүмкін төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады. Оқушылар 


104
өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады, таңдаған жауаптарын 
топтық жұмыста тұжырымдайды жəне өздерінің көз қарастарын дəлелдейді.
2. «Ойлан-жұптас-бөліс». Берілген тапсырма (сұрақ) бойынша əрбір 
оқушы жеке жұмыс жасау арқылы өз ойын қорытып, жұп болып пікірлерімен 
бөліседі; бұл бүкіл топтық талқылауға ұласады.
3. «Stop-кадр». Stop-кадр — видеофильмнің бір сəтімен (кадр) жұмыс. 
Кадрды экранда тоқтатып қойып, сұрақтар қою арқылы оқушыларды диалогқа 
тартуға болады. Сыныпта жұптық жұмыс ұйымдастыруға да болады: 
оқушылардың біреуіне кадрды көрсетіп, екіншісіне осы көріністі толықтай 
сипаттап беруін тапсыруға болады, екінші оқушы оған нақтылау сұрақтарын 
беру арқылы көмектесуіне болады.
4. «Дыбыстау». Фильмнен өткен тақырыпқа байланысты немесе 
оқушылардың деңгейіне сəйкес келетін үзіндіні дыбыссыз көрсетіп, 
оқушылардың рөлге еніп, дыбыстауын тапсыруға болады. Алдымен үзіндіні 
дыбысымен көрсетсе де болады. Дайындалуға оқушыларға жеткілікті уақыт 
беру қажет.
5. «Серпілген сауал». Тақырыптың түсіну деңгейін арттыруға жəне 
талқылау дағдыларын дамытуға қол жеткізу үшін сыныптағы оқушылардың 
арасында бірінен-біріне сұрақтарды «лақтыру»: мысалы, «Асан, Айнаның 
пікіріне қосыласын ба?», «Айна, Асанның жауабын тағы қалай толықтыруға 
болады?», «Асан, айтылған пікірлерді бір сөзбен қалай тұжырымдауға 
болады?»
6. «Сұрақты қағып ал». Мұғалім сұрақ қойған кезде оқушыларға 
бұршақ салынған қапшықты лақтырады. Бұл сұрау үдерісіне кинестикалық 
сипат береді жəне оқушыларды өз еркімен жауап беруге итермелейді. Оқушы 
жауапты білмеген жағдайда сұрақты басқа оқушыға лақтыруына мүмкіндік 
беріледі. Сұрақтардың қиындығына қарай оның басиапқы салмағын 
белгілеуге (ұпай арқылы) болады. Мысалы, қағып алған оқушы жауабын 
білмей, қапшықты басқа оқушыға лақтырса, сұрақтың құны 1 ұпайға кемиді. 
Бұл тапсырманы шағын топтардың арасында да қолдануға болады; мұнда 
мұғалім қапшықты кезекпен топтарға лақтырады.
7. «Допты лақтыру» Мұғалім доп лақтырып сұрақ қояды. Допты қағып 
алған оқушы сұраққа жауап беріп, өзінің сұрағын қояды. Егер оқушы сұраққа 
жауап бере алмаса, допты басқа оқушыға береді. Бұл əдіс теориялық 
сұрақтарды бағалауға, тілдік мақсаттардың орындалуына көмек береді.
8. «Сөзді тап». Қобдишаға тақырыпқа қатысты түйінді сөздер жазылған 
қағаз қиындылары салынады. Бір оқушы қобдишадан қиынды қағазды алып, 1 
минутта ондағы сөздің өзін атамай сипаттап түсіндіруі керек. Сөзді тапқан 
оқушы келесі сөзді алып түсіндіруді жалғастырады. 
9. «Конверттегі сұрақ». Əрбір оқушыға арнап конверт дайындаңыз 
жəне оқу мақсатына сəйкес 2-3 сұрақ жазып, конвертке салыңыз. Конвертті 
оқушыларға таратып 2 минут уақыт беріңіз: оқушы стикерде өз атын, 
сұрақтардың жауабын жазып конвертке салады жəне конвертті келесі оқушыға 
жібереді. Барлық оқушылар жауап бергенше конверттермен алмасады. 


105
Соңында стикерлерді жинап, бірнеше жауапты дауыстап оқыңыз (аттарын 
атамастан); сынып жауаптардың қаншалықты дұрыс болғанын талқылайды
10. «Пікір алмасу» (Showdown). Əрбір топ тақырыпқа қатысты 5 сұрақ 
дайындайды. Əрбір сұрақты стикердің бірінші жағына, ал жауабын екінші 
жағына жазып, келесі топпен стикерлерін ауыстырады. Топ басшысы 
стикердегі сұрақтарды оқиды, топ мүшелері жауаптарын жазып дайындайды. 
Көшбасшы белгі бергенде, барлығы өз жауабын ашады жəне жауаптарды 
талқылап, дұрыс жауаппен салыстырады.
11. «Элективті тест» Мұғалім алдын ала əрбір оқушыға A, В, С, D, Е 
арқылы белгіленген түстері сəйкес ақ, сары, көк, қызыл, жасыл стикерді 
таратады. Əрбір сұрақты қойғаннан кейін 20 секунд кідіріп, сыныптан тест 
жауабына сəйкес əріпті көтерулерін сұрайды. Өзін-өзі жəне бірін-бірі 
бағалауды жүзеге асыру үшін дұрыс немесе дұрыс емес жауаптарды диалог 
құру арқылы талқылайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет