106
– Бағалау жүріп жатқан кезде білім алушылардың жұмысты өз бетінше
орындап жатқанына көз жеткізеді. Олар
бір-бірімен сөйлеспеуі қажет, бір-
бірінен көшіруіне болмайды.
– Білім алушылардың тапсырманы орындау кезінде көмек болатын
қосымша құралдарды қолданбағанына көз жеткізеді, мысалы, сөздіктер
немесе калькуляторлар (егер аталған заттар тоқсандық жиынтық бағалаудың
спецификациясында қарастырылмаған болса).
– Білім алушыларға «Математика», «Жаратылыстану»
сияқты
пəндерден шешу жолдарын көрсетіп, содан соң ғана жауап жазу бағанына тек
нақты жауапты жазу қажеттігін түсіндіреді.
– Бағалау өтіп жатқан кезде мұғалім нұсқауға немесе жұмысты орындау
уақытына қатысты сұрақтарға жауап береді. Мұғалім білім алушылардың
жазуына, сұрақты өзгертіп айтуға көмектесуіне немесе ақпарат беруіне
болмайды.
– Білім алушылардың келген, келмегенін белгілеп алу қажет.
Білім
алушылардың жас ерекшелігіне қарай анықталған уақыт аралығы, яғни
жұмысты орындауға неше уақыт қалғаны туралы ақпарат беру маңызды.
Бағалау жұмысын аяқтауға 5 минут қалғанын білім алушыларға əрқашан
ескертіп отыру қажет.
– Егер кейбір білім алушылар жиынтық бағалау жұмысын белгіленген
уақыттан бұрын орындайтын болса, өз жауаптарын қайта қарап шығуын
өтінеді. Жиынтық бағалау жұмысын орындау
уақыты аяқталған соң білім
алушылардан жұмысты орындауды тоқтатуын жəне қалам/ қарындаштарын
үстел үстіне қоюын өтінеді. Барлық жұмыс жиналып біткенше білім
алушылардың бір-бірімен сөйлеспеуі жəне тыныш отыруы өте маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: