Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет18/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Тəжірибелік сұрақтар: 
1. Қазір Атымтай Жомарттар бар ма? 
2. Егер сен есепсіз бай болсаң, не істер едің? 
Қалыптастырушы бағалау көбінесе сабақ құрылымының «Үйренгенді 
айқындау жəне бағалау, проблема шешімін қолдану» кезеңіне» жоспарланады. 
Ол сабақтың бірінші бөлімі ме, екінші бөлімі ме, əлде үшінші бөлімі ме ол 
сабақ түріне (жаңа сабақ па, бекіту сабақтары ма) байланысты анықталады. 
Мұғалімнің міндеті: Оқушылардың білген мағлұматы бойынша 
ойланып, ол жөнінде пікір алмасуы мен талқылауын ұйымдастыру. 
Оқушының міндеті: 
- Осы сабақта білгендері мен үйренгендерін тұжырымдайды. 
- Олардың қолданысы туралы ойланады, пікірлеседі. 
- Өзінің жаңа біліміне баға береді. 
- Жаңа білімді нақты бір проблеманы шешуге қолданады. 
«Не білдім/ не үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл 
білімді ары қарай қалай дамытамын/ жалғастырамын?», «Тағы да не білгім 
келеді?» деген сұрақтарға жауап іздейді. 
Қалыптастырушы бағалау əр күнгі сабақтың оқу мақсатына сəйкес, 
көлеміне қарай біреу немесе бірнешеу жүргізуге болады. Мұғалім əр 
қалыптастырушы бағалауды ұйымдастырғанда қандай кері байланыс 
жасайтынын нақты білгені яғни жұмысты тыңғылықты жоспарлағаны дұрыс. 
Əр баланың жетістік деңгейі ескеріліп, соған қойылатын сұрақ, берілетін 
тапсырма, нұсқаулық нақты болуға тиіс. 
Қалыптастырушы бағалау тапсырмалары мүмкіндігінше қызықты, əр 
түрлі болып келсе, соғұрлым баланың шығармашылық қабілеті, логикалық 
ойлау жүйесі, өзіне, өзгеге сыни көзқарасы, дүниетанымы, уақытты тиімді 
пайдалану əдеті, түрлі адами құндылықтары дамиды. ҚБ түрлендіріп 
қызықтыра жүргізу мен табанды талаптар баланы өздігінен білім алуға 
ынталандырады. 
Қалыптастырушы бағалау сондай-ақ, мұғалімдерге сыныптағы 
оқушылардың үлгерімін бақылап отыруға мүмкіндік береді, олар: 
Оқушылардың оқудың 
мақсатын білуі жəне түсінуі 
Мақсат кең жəне сұрақ түрінде тұжырымдалуы керек. 
Бала қандай нəтижеге келетінін толық білу керек. 


25


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет