Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Кəсіпқор» Холдингі коммерциялық емес акционерлік қоғамы



Pdf көрінісі
бет17/85
Дата05.06.2022
өлшемі1.55 Mb.
#458973
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85
Критериалды бағалау технологиясы

Атымтай Жомарт
Нақты сұрақтар: 
1. Атымтай Жомарт мəтіні қайдан алынған? 
2. Бұл мəтінде есепсіз бай кім? 
3. Атымтай Жомарт өлеңінің авторы кім? 
4. Жомарт халыққа неше түрлі себеп айтты? 
5. Астындағы пырағын түсіп берген кім? 
6. Сараңдықты айып көрген кім? 
7. Жалғыз қойын қонаққа сойып беген кім? 
8. Жомарттың артында мал қалмады? 
9. Жомарттың артында қандай ат қалды? 
Анықтаушы (нақтылау) сұрақтары : 
1. Менің түсінігімше Атымтай Жомарт бай болған, ал Сіз оның байлығы 
туралы қандай пікір айта аласыз? 
2. Жомарт жұмыс істегенді ұнатады, сонда қандай жұмыстар істеген? 
3. Көршілері таңқалыстарын Жомартқа қалай жеткізе білді? 
4. Жомарт өзінің айтқан 4 түрлі себебін атап берді. Менің түсінігмше 
соның біріншісінде үлкен қорқыныш бар сияқты , ол қандай қорқыныш деп 
ойлайсыз? 
5. Екінші себебінде кейінгілер əбірет (үлгі) алсын деді. Ол қандай үлгі 
екенін түсіндіріп бере аласыз ба? 
6. Жұмыс істесем тамағым бойыма жақсы сіңеді деп рахаттанатынын 
түсіндім. Не үшін тамағы бойына жақсы сіңетінін түсіндіріп бере аласыз ба? 
7. Жұмыс істемесем құдайға бекер күнəлі болармын деген қорқынышын 
қалай түсіндіңіз? 
Интерпретациялық (логикалық ой қорытындылау) сұрақтары:
1. Атымтай Жомарт туралы əңгіме бізге не үшін керек? 
2. Сен өзіңе қандай үлгі алдың, қандай ой түйдің? 
3. «Жомарт» сөзінің мағынасын қалай түсінесің? 
Бағалау сұрақтары: 
1. Жомарт сияқты барыңды сұраған, қажет еткен біреуге бере салуға 
қалай қарайсың, сеніңше ол дұрыс па? 
2. Жомарттың бай бола тұра аянбай еңбек еткенін оқығанда не сезіндің? 
3. Жомарттың негізгі мақсаты не еді? 


24
4. Атымтай Жомартты Ұлы адамдар қатарына жатқыза аласың ба ?
Шығармашылық сұрақтар: 
1. Егер Жомарт байлығына сүйеніп жұмыс істемесе не болар еді? 
2. Егер Жомарттың бұл əрекетін байқамағанда не болар еді? 
3. Егер бұл мəтін бізге берілмесе біз қандай құнды дүниеден құр қалар 
едік? 
4. Егер өмірде Атымтайдай жомарт жан болмаса не болар еді? 
5. Мəтіннің тақырыбын тағы қалай деп қоюға болады? 
6. Осы мəтінді тағы кім басқаша құра алады? 
7. Атымтай Жомарттың тағы айтылмай қалған жомарттығы (қыры) бар 
деп ойлайсың ба? 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   85




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет