Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


  18.2. Жҥк тарифтерін жасау жҥйесі



Pdf көрінісі
бет100/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

 


128 
18.2. Жҥк тарифтерін жасау жҥйесі 
Теміржол кӛлігі саласындағы ұйымдар мен жеке кәсіпорындардың 
шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін әр түрлі жүк тасымалының ӛзіндік 
құны мен рентабельділік деңгейі жүк тарифтерін жасаудың негізі болып 
саналады. Мұнда кәсіпорындар ӛнімінің бағасында кӛлік шығындарының шамасы 
ескеріледі. Тариф белгілеу жүйесі оларды белгілі бір мемлекеттік реттеу арқылы 
баға қоюдың нарықтық әдістеріне негізделген. 
№10-01 Прейскуранты тариф белгілеу жүйесінің маңызды бӛлігі болып 
табылады, онда теміржол кӛлігін пайдалы жұмыспен қамтамасыз ететін 
тасымалдау операциялары үшін базалық ставкалар келтірілген. Бұл Прейскурант 
теміржол тасымалының тарифтерін және теміржол атқаратын инфрақұрылымның 
қызметін айқындайды. 
Прейскурантта тариф мынадай екі құрамдас бӛлікке бӛлінеді:
• теміржол кӛлігінің инфрақұрылымы мен локомотивтерін пайдаланғаны 
үшін; 
• теміржолдың вагон паркін пайдаланғаны үшін. 
Инфрақұрылым 
мен 
локомотивтер 
тарифі 
оларды 
күтіп-баптау 
шығындарын қамтиды, жӛнелту және жүк баратын (бастапқы және ақырғы 
операциялар) стансалардың шығындарын, вагондардың пайыздармен жүру және 
оларды жол жӛнекей ӛңдеу шығындарын (жүріс операциялары) ӛтейді. Жүріс 
операцияларының тарифтік ставкаларына түзету коэффициенті қолданылған, бұл 
коэффициент тасымалдау қашықтығына қарай олардың мәнін түзетеді, құрама 
және тораптық-жақынаралық пойыздарының құрамында жүктің жүру үлесін, 
сондай-ақ бір километр жүріс үшін техникалық стансаларда ӛңдеуден ӛткен 
вагондар санын ескере отырып, тасымалдаудың ӛзіндік құнын есептейді. 
Вагон шығындары оларды техникалық күтіп-баптау, жӛндеу, амортизация 
шығындарынан тұрады, бұл инвесторлардың вагондар паркін сатып алу және 
жаңарту мүдделілігіне ықпал етеді. Бұл жеке тасымалдаушылар паркінің 
дамуына, жеңілдікпен тасымалданатын бірқатар жүктердің кірісін арттыруға 
септігін тигізеді. 
Жаңа тариф жүйесі реттелмелі нарықтық экономикаға бағытталған және 
бәсекелес факторларды есепке алады. Икемді тариф саясатының кӛмегімен жедел 
түрде кез келген тариф ставкасын түзетуге болады. 
Жүк тарифтері тасымалдау қашықтығына, тауар бағасындағы кӛлік 
шығындарының мӛлшеріне (үш тарифтік класс – бірінші, екінші, үшінші класс 
белгіленген), вагонның түріне және оның кімге тиесілігіне, жӛнелтілімнің түріне 
және масасына, тасымалдау жылдамдығына, жүктің тегіне қарай жіктелген. Жүк 
тарифтері есептеу кестелері түрінде құрылған. 
Кестелер белдеулік жүйеде құрылған. Әр белдеулік үшін алым белдеуліктің 
орташа қашықтығымен есептеледі. Мысалы, 80-90 км белдеулік шегінде 85 км 
үшін алым алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   96   97   98   99   100   101   102   103   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет