Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет102/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

18.4. Тарифтік нҧсқаулар 
Қазіргі уақытта қолданылып жүрген барлық теміржолмен жүк тасымалдау 
тарифтері “Жүк тасымалдау және инфрақұрылым қызметі тарифтері” деп 
аталатын №10-01 прейскурантқа енгізілген (№1 тарифтік нұсқау, 1- және 2-
бӛліктер). 
1-бӛлікте тарифтерді қолдану ережелері келтірілген. 


130 
2-бӛлікте тарифтік қашықтықтар белдеулері бойынша тасымалдау үшін 
тӛлемдерді есептеу кестелері келтірілген. Бір белдеу шегінде тӛлем сомасы жүк 
тасымалдаудың нақты қашықтығына байланысты емес. Барлығы 39 есептеу 
кестесі болса, олардың жыйырма тоғызы – ―Жүкті ттікелей теміржол 
қатынасында, тікелей аралас қатынаста, айналма аралас қатынаста және айналма 
халықаралық қатынаста порттар арқылы теміржолмен жүретін экспорттық және 
импорттық жүктерді тасымалдау үшін, сондай-ақ аталған тасымалды орындау 
кезінде теміржолдағы инфрақұрылымдар кӛрсететін қызмет ақысын есептеу 
кестелері‖ деп аталатын 1-тармақта орналасқан. Қалған 10 кесте ―Шекаралық 
ӛткізу стансалары арқылы тікелей және айналма халықаралық қатынаста 
экспорттық және импорттық жүктерді теміржолмен тасымалдау ақысын есептеу 
кестелері‖ деп аталатын 2-тармақта орналасқан.
№2 Тарифтік нұсқауда теміржол вагондары мен контейнерлерін 
пайдаланғаны үшін ақы тӛлеу ставкаларын қолдану ережелері, базалық 
ставкалардың, жіктеу коэффициенттерінің және тӛлемді есептеу мӛлшерінің 
кестелері келтірілген. 
№3 Тарифтік нұсқауда теміржол кӛлігімен жүк тасымалдауға байланысты 
қосымша операциялар үшін алымдарды қолдану ережелері орналастырылған. 
№4 Тарифтік нұсқау үш кітаптан (1-, 2-, 3-кітап) тұрады және теміржол 
әкімшілігі шегінде жолаушыларды, жүкті тасымалдаудың тарифтік қашықтығын 
анықтауға арналған. 
1-кітап. Теміржол телімдеріндегі стансааралық тарифтік қашықтықтар. 
Кестелерде әрбір пункттен оған ең жақын тораптарға дейінгі телімдік тарифтік 
қашықтықтар орналастырылған. Барлық стансалар, басқа да жеке және 
жолаушылар аялдайтын пункттер географиялық тәртіппен реттесе орналасқан. 
Жеке және жолаушылар аялдайтын пункттерді бірыңғай кодтау жүйесінің 
деректеріне сәйкес әрбір пункттің тұсына оның нӛмірі (коды) қойылады. 
2-кітап жеке-жеке жарияланатын екі бӛліктен тұрады. 
1-бӛлік. Теміржол стансаларының алфавиттік тізімі. Тӛрт бӛлімнен 
тұрады: 
• жеке пункттердің алфавиттік тізімі; 
• уақытша пайдалануға ашылған және тікелей қатынасқа енгізілген салынып 
жатқан теміржол желілері; 
• тікелей аралас теміржол-су қатынасына енгізілген ӛзен және теңіз 
порттары мен пункттерінің, сондай-ақ жүкті теміржолдан су жолына және 
керісінше ауыстырып тиеу пунттерінің алфавиттік тізімі; 
• атаулары ӛздері орналасқан аумақтағы теміржол стансаларының 
атауларына сай келмейтін қалалардың, теміржол стансаларына жақын орналасқан 
қалалардың алфавиттік тізімі. 
Алфавиттік тізімде әрбір пункттің атауынан кейін ондаа атқарылатын 
коммерциялық операцияларды сипаттайтын шартты белгілер, жолдың 
қысқартылған атауы келтірілген, 1-кітаптағы осы пункт орналастырылған беттері 
мен жолдары, ең жақын транзиттік пункттерге дейінгі қашықтық, жеке пункттерге 
берілген алты таңбалы кодпен кӛрсетілген. 


131 
2-бӛлік. Жолаушылар аялдайтын пункттер мен платформалардың 
алфавиттік тізімі. 
3-кітап. Транзиттік пункттер арасындағы тарифтік қашықтықтар. 
Теміржол әкімшілігі шекарасында алфавиттік тәртіппен транзиттік пункттердің 
тізбесін және олардың арасындағы тарифтік қашықтықтар кестелерін қамтиды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   98   99   100   101   102   103   104   105   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет