126
құжаттарының, әр түрлі есеп жүргізу және есеп беру үлгілерінің түрлі
кезеңдерден тиімді ӛту және ӛңделу тәртібі кӛзделуі тиіс.
Құжаттар айналымының жалпы сызбасы тұйық сипатта болады, яғни
тасымалдау процесінің бастапқы және ақырғы кезеңдерін белгілі бір құжаттармен
(жол ведомосы, жүк қағазы, вагон қағазы) реттеп отырады.
Тасымалдау құжаттары мен басқа да қағаздарды
ресімдеу операциялары
вагондармен
және
жүктермен
атқарылатын
техникалық
және
жүк
операцияларымен қатар жүргізілуі тиіс. Стансаның технологиялық жұмыс процесі
құжаттар ӛңдеудің тәртібін белгілейді.
Қазіргі
кезде
қолданылып
келе
жатқан
теміржол
кӛлігін
автоматтандырылған басқару жүйесі жүк, коммерциялық және қаржы
операциялары бойынша есеп жүргізу және есеп беру ақпараттарын жинауды,
беруді, ӛңдеу
мен сақтауды, ұтымды шешімдер қабылдап, оларды тікелей
атқарушыларға дейін жеткізуді автоматтандыруға мүмкіндік береді.
127
V БӚЛІМ. ЖҤК ТАРИФТЕРІ, ТАСЫМАЛДАУ АҚЫСЫН АНЫҚТАУ.
ВАГОНДАРДЫ, КОНТЕЙНЕРЛЕРДІ, ТЕМІРЖОЛ КӚЛІГІНІҢ
ИНФРАҚҦРЫЛЫМЫН ПАЙДАЛАНУ
18-тарау. Жҥк тарифтері және олардың қҧрылымы
18.1 Теміржол қызметінің тарифтері мен алымдары және олардың
экономиканың дамуындағы рӛлі
Жүк тасымалдау үшін
алынатын, белгіленген тәртіппен бекітілген
тӛлемдерді және жүк тасымалдау кезінде атқарылатын инфрақұрылымның
қызметін қамтитын баға жүйесі,
сондай-ақ оны есептеу ережесі теміржолдың
жүк тарифтері деп аталады.
Алым дегеніміз – қосымша операцияның немесе жұмыстың тарифке
енгізілмеген ақы тӛлеу ставкасы.
Жүк тарифтері ел экономикасының күйіне және әр түрлі кәсіпорындар мен
аймақтардың ӛндірістік-экономикалық байланыстарына ықпал етеді.
Жүк тасымалдауға жұмсалатын қаражат ӛндіріс шығындарына және
экономиканың барлық дерлік саласы ӛндіретін ӛнімнің бағасына қосылады. Кӛлік
шығындарына қарай ӛнімнің ақырғы бағасында оның құны және іс жүзінде
экономиканың барлық саласының қызметі айқындалады.
Кӛрсетілген
тарифтер, алымдар, тӛлемдер теміржол кӛлігі саласындағы
ұйымдар мен жеке кәсіпкерлердің шығынсыз жұмыс істеуін қамтамасыз ететін
ӛзіндік құн мен рентабельділік деңгейін негізінде белгіленеді.
Табиғи монополиялар саласына жататын жұмыстарды (кӛрсетілетін
қызметті)
атқаруға байланысты тарифтер, алымдар, тӛлемдер ―Табиғи
монополиялар туралы‖ заңға сәйкес белгіленеді.
Теміржол кӛлігіндегі және басқа жағдайдағы тарифтер, алымдар, тӛлемдер
шарттық негізде жасалады және мемлекеттің бақылауында болады.
Тарифтік нұсқау – бұл жүйеге келтірілген басылым, онда белгілі тәртіппен
бекітілген, теміржол кӛлігінің жұмысы мен кӛрсететін қызметінің тарифке
қосылған бағасы, алымдар, жолаушылар, жүк тасымалы үшін,
контейнерлерді,
вагондарды пайдаланғаны үшін тӛленетін ставкаларды есептеу тәртібі
жарияланған.
Жүк тасымалдау тарифтері мен алымдарының ӛзгеруі жӛніндегі мәліметтер
мұндай ӛзгерістер енгізілуден кемінде 10 күн бұрын бұқаралық ақпарат
құралдарында хабарланады. Алдын ала толық ақпарат жариялау жүк
жӛнелтушілерге тарифтердің ӛзгеруіне қарай ӛз мүмкіндіктерін
салыстырып
байқауға мүмкіндік береді.
Тауар кеңсесінде жүк жӛнелтушілерге ұсынылатын кӛлік құралдарының
жүк кӛтерімділігі, тасымалдауға қабылданбайтын жүктердің тізбесі, жүк
тасымалының бағасы, қосымша алымдардың мӛлшері туралы және т.с.с.
ақпараттар болуға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: