Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жылжымалы қҧрамды нӛмірлеу жҥйесі



Pdf көрінісі
бет11/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

3.3. Жылжымалы қҧрамды нӛмірлеу жҥйесі 
Жылжымалы құрамды нӛмірлеу жүйесі осы құрамға берілген қайталанбай-
тын инвентарлық нӛмірді, оның негізгі сипаттамасын және нӛмірді салыстырып 
оқудың дұрыстығын кодпен қорғауды сегіз таңбалы нӛмірде біріктіруге 
мүмкіндік берді. 
Бірінші цифр жылжымалы құрамның түрін (тегін) сипаттайды: 
0 – жолаушылар вагондары, 1 – локомативтер, жол машиналары, крандар 
және теміржолдағы басқа да механизмдер; 2 – жабық жүк вагондары; 4 – жайдақ 
вагондар; 6 – ашық вагондар; 7 – цистерналар; 8 – изотермиялық вагондар; 3 және 
9 – басқа вагондар (мамандандырылған және т.с.с.); 5 – жүк жӛнелтушілерге (жүк 
қабылдаушыларға) тиесілі меншікті вагондар.
Екінші цифр – вагонның техникалық сипаттамасы (осьтілігі, тарасының 
массасы, автотіркегіш осьтері бойынша ұзындығы, арналуы немесе мамандануы). 
0–8 цифрлары (нӛмірдің екінші таңбасы) тӛрт осьті, ал 9 цифры – сегіз осьті 
вагондарды білдіреді. Барлық алты осьті вагондар мен транспортерлер басқа 
вагондарға жатқызылған, олардың нӛмірлері 3 цифрынан басталады (алты осьті 
вагондарда нӛмірдің екінші цифры – 6, транспортерлерде – 9). Нӛмірдің екінші 
цифры осьтіліктен басқа, жабық вагондар үшін шанақтың кӛлемін (0–120 м3-ге 
дейін, 1–120 м3-ден астам, 4–120 м3 -ден астам және кеңейтілген есік ойықтары 
бар), жайдақ вагондар үшін раманың ұзындығын (0–13,4 м-ге дейін, 2–13,4 м және 
одан астам), тӛрт осьті ашық вагондар үшін еденде люктердің және бүйір 
есіктердің бар-жоқтығын (0 – люктері мен бүйір есіктері бар, 4 – люктері бар
бүйір есіктері жоқ, 8 – саңылаусыз шанақ), цистерналар үшін – мамандануын, 
рефрижераторлы вагондар үшін – құрылысының ерекшеліктерін білдіреді. 
Үшінші цифр – ашық вагондардың, цистерналардың, изотермиялық, жабық 
және басқа вагондардың қосымша техникалық сипаттамасын кӛрсетеді. 
Тӛртінші, бесінші және алтыншы цифрлар вагонның реттік нӛмірін 
білдіреді (сипаттамасы кӛрсетілмейді) және алғашқы үш цифрмен бірге вагонның 
инвентарлық нӛмірін құрайды. 
Жетінші таңбадағы 9 цифры вагонда (рефрижераторлық вагоннан басқа) 
ӛтпелі алаңның барын білдіреді. 
Сегізінші цифр – тексеру цифры. Ол арқылы нӛмірдің дұрыстығы 
тексеріледі. Ол нӛмірдің қалған цифрларымен бірге жазылады.
Вагонның нӛмірін орналастыру құрылымы 3.2-суретте кӛрсетілген. 
ТМД және Батыс Еуропа елдерінің теміржолдарында вагондардың 
нӛмірлерін қорғау үшін 10-модульді әдіс пайдаланады. Салмақтық қатарының 
кӛрінісі: 212121..., мұнда вагон нӛмірінің әрбір тақ цифры 2-ге, жұп цифры – 1-ге 
кӛбейтіледі. Осыдан кейін алынған кӛбейтінді разряд бойынша қосылады да, 10-
ға еселенген ең жақын санға дейінгі алынған жиынтықты толықтыратын цифр 
анықталады. 


15 
4 2 1 3 8 5 5 9 4
Тексеру таңбасы
Вагонның инвентарлық нөмірі
Вагонның нөмірі
Вагонның тегі
Техникалық сипаттамасы
Қосымша сипаттамасы
Реттік нөмірі
Өтпелі алаңның бар-жоқтығы туралы мәлімет
3.2-сурет. Вагонның нӛмірін орналастыру құрылымы 
Мысал. Вагонның нӛмірі 2375826. Тексеретін цифрды анықтаймыз. Ол үшін 
вагон нӛмірінің цифрларын (жеті цифр) 2121 салмақтық қатарына кӛбейтеміз. 
2 3 7 5 8 2 6
х 
2 1 2 1 2 1 2
4 3 14 5 16 2 12.
Разрядтар бойынша жиынтығы 4+3+1+4+5+1+6+2+1+2= 29. 30-ға дейін 
толықтыратын сан 1 болғандықтан, ол сегізінші тексеру цифры болып шығады. 
Тексеру цифрын қоса алғанда, вагонның бүкіл нӛмірі (коды) 23758261 болады. 
Айталық, вагонның нӛмірін беруде екінші және үшінші цифрдың орындары 
қателікпен ауысып кеткен. Бұл жағдайдағы тексеруден соң мынаны табамыз: 
2 7 3 5 8 2 6
х 
2 1 2 1 2 1 2 
4 7 6 5 16 2 12
Разрядтар бойынша жиынтық 4+7+6+5+1+6+2+1+2 = 34, ал 40-қа дейін 
толықтыратын цифр – 6 болады;
6 1болмайтындықтан, бұл вагон нӛмірінде қателіктің бар екенін кӛрсетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет