Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


-тарау. Теміржол стансаларындағы жҥк және коммерциялық жҧмыс



Pdf көрінісі
бет30/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

6-тарау. Теміржол стансаларындағы жҥк және коммерциялық жҧмыс 
шаруашылығының техникалық жарақтануы 
 
6.1. Жҥк аудандарының міндеті, жіктелуі және техникалық жарақтануы 
Жүк ауданы дегеніміз – бұл теміржол стансасындағы тиеу-түсіру 
жұмыстарын және коммерциялық операцияларды, жүкті сұрыптау және сақтау 
жұмыстарын атқаруға арналған техникалық құралдар мен құрылғылардың 
жиынтығымен жарақтанған аумақ. Жүк ауданы – бұл теміржол кӛлігінің қызметін 
пайдаланатын кӛптеген жүк жӛнелтушілерге, жүк қабылдаушыларға, басқа да 
жеке және заңды тұлғаларға қызмет кӛрсететін жалпы жұрт пайдаланатын орын. 
Жүк аудандарында тиісті жол желісі (тиеу-түсіру, тартым және қосылма 
жолдары), тиеу-түсіру құрылғылары, қоймалар, алаңдар, механизмдер, вагон 
таразылары, 
габариттік 
қақпасы, 
қызметтік-техникалық 
ғимараттар, 
автоматтандыру, байланыс құралдары, жарық беру, электрмен жабдықтау 
құрылғылары, су құбыры, канализация және басқа жұмыстарды атқаруға қажетті 
жабдықтар болуы тиіс. Ӛңделетін жүктердің тегіне, жүк жұмыстарының кӛлемі 
мен сипатына қарай жүк ауданының аумағында ыдысты-дара, ауыр салмақты, 
сусымалы жүктерге, контейнерлерге, ағаш материалдарға, металға, минералдық-
құрылыс материалдарына және кӛмірге арналған қоймалар; жүкті (тікелей нұсқа 
бойынша) вагондардан автокӛлікке және керісінше ауыстырып тиеуге арналған 
алаңдар; доңғалақты техникамен ӛзі жүретін бірліктерге арналған платформалар; 
тауар кеңсесі; санитариялық-тұрмыстық және басқа қосалқы ғимараттар мен үй-
жайлар; аккумуляторлы тиегіштерге арналған зарядтау қосындары, жӛндеу 
шеберханалары, автомобиль гараждары; жанар және жағармай материалдары 
қоймалары орналасуы мүмкін. 
Теміржол стансасында жүк ауданының орналасуы жақын орналасқан елді 
мекендермен, ӛнеркәсіп және ауылшаруашылық кәсіпорындарымен қолайлы 
қатынас болуын, кӛлік құралдарының теміржол тарамдарын кӛп кесіп ӛтпестен, 
қоймаларға еркін ӛтуін, жүк ауданы маңындағы кӛлік құралдарына арналған 
қолайлы тұрақтың болуын, сондай-ақ оның аумағына кіру алдында күтетін 
тұрақтың болуын, санитариялық нормалардың орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. 
Жүк ауданын кӛріктендіруге зор кӛңіл бӛлінеді. Оның аумағы қоршалып, 
қоршаудың бүкіл периметрі бойы күзет белгісімен, ӛртке қарсы қолданылатын 
құралдармен жабдықталуы және жарықтандырылуы тиіс. Ӛткізу режимін қамтамасыз 
ету үшін жүк ауданының қақпасы алдында бақылау-ӛткізу қосыны жабдықталады. 
Жүк айналымының құрылымына қарай жүк аудандары әмбебап (жалпы 
пайдаланудағы) және мамандандырылған аудандарға бӛлінеді. Мұның біріншісінде әр 


41 
түрлі жүктер ӛңделеді, ал екіншісінде шектелген атаулы жүктер тиеп-түсіріледі 
(ыдысты-дара немесе ауыр салмақты, сусымалы жүктер, контейнерлер және т.с.с.). 
Жол желісінің құрылысына қарай жүк аудандары тұйық және ӛтпелі деп 
бӛлінеді. Тұйық үлгідегі жүк ауданы (6.1-сурет) барынша кең таралған, ӛйткені 
ӛтпелімен салыстырғанда бұның белгілі бір техникалық-экономикалық 
артықшылықтары бар. Тұйық жолдың ақырында автомобиль бұрылатын, сыртқы 
радиусы кемінде 15 м болатын айналма алаң кӛзделеді. Жүк ауданына кірер 
алдында автомобильдер тұрағы үшін, ал жүк ауданының аумағында – 
автомобильдер мен олардың тіркемелерінің тұрағы үшін арнайы алаң кӛзделеді. 
Қауіпті жүктерді түсіретін
орынға апаратын жол
Тұрақтау жолдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет