а)
б)
1
3
2
7.2-сурет. а – циферблатты
таразы; б – автоматты
вагондыќ таразы датчигініњ
сызбасы:
1, 2 – ішкі датчиктер; 3 –
жинаќтаушы блок
52
Дискретті таразы электрондық блокпен, басқару пультімен, тіркегіш
құрылғымен және сыртына шығарылған циферблат табломен жарақтандырылған.
Элеватор таразысы – элеваторлар мен механикаландырылған қоймаларда
астық ӛлшейтін бункерлі таразы. Бұл тарзыда ӛлшеу платформасының орнына
рычагты жүйеге ожау орнатады, ол жылжымалы бункердің жапқышын ашу
арқылы астыққа толады. Жылжымалы бункердің жапқышы жабылып, ожаудағы
астықтың массасы дәл анықталған соң ожаудың жапқышын ашып, астықты
тӛгеді.
Элеватордағы автоматты ожаулы таразы астық элеватор қоймаларына
орнатылады. Бұл таразының ожауына астық толып, белгіленген шама
теңестірілген соң ожау тӛңкеріледі де, астықтан босайды. Автоматты есептегіш
астықтың кӛлемі мен массасын анықтайды.
Автомобильдік таразы автомобильдер мен автопойыздарды ӛлшеуге
пайдаланылады. Тұрақты және жылжымалы автомобильдік таразы дала
жағдайында автомобильдер мен тіркемелерді (астық, қант қызылшасы, собықты
жүгері және т.с.с. тиелген), сондай-ақ ірі габаритті ауыр жүктерді ӛлшеуге
пайдаланылады.
Теміржолмен тасымалданатын жүктерді ӛлшеуге қолданылатын масса
ӛлшеу құралдарының қолданыстағы тексеру таңбасы болуы тиіс және олар
стандарттар мен басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сай келуі тиіс.
7.3. Электрондық таразылар
Қазіргі уақытта жүктің массасын ӛлшеу үшін таразылардың электрондық
вагон таразысы, автомобильдік, тауарлық және басқа түрлері кең таралған.
Жүктің массасын ӛлшеу және тексеру жӛніндегі ӛсіп келе жатқан жұмыс кӛлемін
қамтамасыз ету және жүкті ӛлшеу шығындарын кеміту үшін теміржол кӛлігінде
рычагты таразылар электронды таразылармен алмастырылуда. Рычагты
таразылардың бірқатар кемшіліктері бар. Оларда жүкті ӛлшеу дәлдігі, жүкті
қабылдап-тапсырушының жеке қабілеті мен әрекетінің дұрыстығына байланысты.
Олардың ӛткізу қабілеті кӛп емес, үйінді жүктері бар вагонды ӛлшеу ұзақтығы 2-
2,5 мин. Құрылысы жӛнінен таразылар қолайсыздау, оларды күтіп ұстауға
қосымша қаражат жұмсауды қажет етеді. Жүктің массасы туралы қашыққа
ақпарат беру мүмкін емес.
Электрондық таразыда жүк ӛлшеу кезінде оны қабылдап-тапсырушы
(оператор) ӛлшеу және жүктің массасын тіркеу үрдісіне араласпайды, вагондар
сағатына 5-10 км жылдамдықпен жүру кезінде ӛлшенеді, бір вагонды ӛлшеу
уақыты 3 с. Мұндай таразылардың габариті де шағын, олар ӛлшенген жүк туралы
деректерді іс жүзінде кез келген қашықтыққа жеткізуге мүмкіндік береді.
Вагондарды тіркеуден ағытпастан ӛлшеуге мүмкіндік беретін электрондық
таразылары шикізат пен отын жаппай тиелетін және түсірілетін қосындарда
тиімді болады. Мұндай таразыларды пайдалану вагондарға әдеттегі жүк
кӛтерімділігін артық тиелген жалпы салмақты, вагон арбашаларына жүктің
әркелкі тиелуін анықтауға мүмкіндік береді, ал бұл жүріс қауіпсіздігін арттыруға
тиімді әсер етеді.
53
Электрондық вагон таразылары әрбір вагонның (нӛмірлері бойынша)
ӛлшеу уақыты (минутқа дейінгі дәлдікпен) мен күні, брутто, ыдыс және нетто
массасы кӛрсетілген мәліметті дисплейге және басуға беруге, құжаттар бойынша
жүктің массасын іс жүзіндегі нетто массасымен салыстыруға, бұл массаның
ауытқуын анықтауға мүмкіндік береді.
Электрондық таразылар мынадай үш негізгі элементтен тұрады: салмақ
датчигі, дисплей және микропроцессор.
Жүктің массасын ӛлшеу мынаған негізделген: серпінді элементке салмақ
түскенде тензометриялық (сым) датчиктің активті кедергісі ӛзгереді. Массасының
ӛзгеруі мынаған негізделген: сымның кедергісі оның созылуынан немесе
сығылуынан туатын кернеуге байланысты.
Таразының микропроцессоры ӛлшегіш датчиктің деректерін массаны ӛлшеу
бірлігіне айналдырады және осы деректер арқылы қажетті есептеу операцияларын
жүргізеді.
Дисплей деректерді цифрлармен береді.
Датчик дегеніміз тор секілді жасалып, екі жағына шылым қағазы
жапсырылған жіңішке (15-20 мк) сым болып табылады. Оның иілуін немесе
жүктің массасын ӛлшеу үшін мұндай элемент салмақты қабылдайтын элементке
бекітіледі.
Тензометрлік датчиктердің массасы, габариті шағын, құны тӛмен болады.
Оларды вагон, автомобиль, тауар және басқа электронды таразыларда қолданады.
Электронды вагон таразылары ӛлшеу әдістеріне қарай екі түрге бӛлінеді:
арбашалап ӛлшеу және осьтеп ӛлшеу.
Қазіргі уақытта электронды вагон таразылары басым қолданылуда, оларда
кернеу мен иілу тікелей жолдың бір рельс буынында ӛлшенеді, ол басқа буынмен
рельс-шпал торымен жалғасады (7.2, б-сурет). Кӛпірлік сызба бойынша
құрастырылған тӛрт датчиктің әрқайсысының кӛрсеткіштері вагонның
массасынан рельске түсетін иілетін момент ӛлшеміне пропорционалды болады.
Ӛлшеуіш құрылғы ішкі датчиктердің (1 және 2) арасына орналасқанда ғана осьтік
салмақты қабылдайды. Ӛлшеу жүйесі рельс-шпал торы массасының әсерін,
вагонның теңселуін, рельстің сығылуын немесе ұзаруын қабылдамайтын, түрлі
бӛгеттерден қорғалған элементтерден тұрады. Сонымен қатар, температура
кернеуінің әсерін бәсеңдететін датчиктер де қолданылады. Әрбір рельстегі
датчиктердің бір доңғалақтың қысымына сай келетін сигналдар жинақтаушы
блокқа (3), одан әрі сүзгіге, сигналды күшейткішке және түзеткішке келеді.
Микропроцессор тұрақты токты кванттық сигналдар сериясына айналдырады.
Осындай деректерді ӛңдеу нәтижесінде вагонның массасы туралы цифрлы
ақпарат пайда болып, ол дисплейге және басатын құрылғыға беріледі.
Қозғалыс кезінде ӛлшейтін МОСТ-ВД вагон таразысы – таразының ӛлшеу
блогы арқылы кез келген жүк тиелген 4, 6, 8 осьті вагондарды локомотивпен
немесе шығырмен тартып автоматты режимде ӛлшеуге арналған.
Олар негізгі үш құрылғыдан тұрады:
• таразы блогынан, ол моноблокты металл құрылым болып табылады. Бұл
құрылым мынадай екі негізгі бӛліктен құрастырылған: тірек-кірме бӛліктен және
54
ортасында тӛрт тензометрлі датчикке орнатылған таразы платформасынан
тұрады;
• тензоқұралдан, тӛрт датчикті қоректендіруге, датчиктерден келетін
жиынтық сигналдарды тұрақтандырып, бастапқы ӛңдеуге және осыдан кейін
сигналды ЭЕМ-ге беруге арналған;
• жеке ЭЕМ-нен, автоматты түрде вагонның массасын, оның таразыдан ӛту
жылдамдығын, масса центрінің вагонды бойлай жылжу шамасын анықтау үшін
құралдан алынған цифрлы сигналды ӛңдеуге, сондай-ақ оператор енгізетін
деректерді және таразы арқылы ӛтетін вагондардың параметрлерін бақылауға
арналған.
Бұл таразының жұмыс істеу әдісі вагон осьтеріне түсетін салмақ туралы
сигналды ӛңдеу жолымен таразы арқылы ӛтетін вагонның массасын анықтауға
негізделген. Вагонның бірінші осі платформадан ӛткенде-ақ осы осьтің массасын
анықтау үшін қозғалыс кезінде берілген сигнал кедергіден қорғалған ӛлшеу
алгоритмінде ӛңделеді. Вагонның қалған осьтері ӛткенде де сигнал осылайша
ӛңделеді. Осыдан кейін бүкіл вагонның массасын білу үшін ось салмақтарының
мәні қосылады. Ӛлшенетін құрам мен вагондардың массасына қарай мұндай
таразының жіберетін қателігінің шегі пайдалану кезінде ±0,5... ±1,0 % болады.
Таразылардың бағдарламамен жабдықталуы таразы арқылы ӛлшеу
режимінде ӛтетін вагондарды қолмен атқару режимінде, сондай-ақ оператор жоқ
болатын кезде автоматты режимде қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
Таразының бағдарламамен жабдықталуы есеп беру үлгілерінің мынадай алты
түрін жасауға мүмкіндік туғызады: вагондар туралы жалпы мәлімет, клиенттер туралы
мәлімет, жүк туралы мәлімет, ӛлшеу актісі, «авариялық» вагондар туралы жалпы
мәлімет, вагондар бойынша тасымалдау құжаттарын басу анықтамасы
Достарыңызбен бөлісу: |