Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет63/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

Операциялар
Жүк қағазында рұқсаттың (визаның)
болуын тексеру
Кешенді механикалан-
дырылған бригада
Жүкті автомашинадан қоймаға түсіру
Жүкті, оның қаптамасын және жӛнелту
таңбасын тексеру
Жүктің М4 макеті бойынша қабылдан-
ғаны туралы ақпаратты ЭЕМ-ге енгізу
Жүк қағазын ресімдеу
Жүк қағазын ресімдеу үшін тауар кең
сесіне жіберу
Жалпы уақыт
Уақыт, мин
1
Қабылдап-тапсыр-
ушы
Қабылдап-тапсыр-
ушы
Қабылдап-тапсыр-
ушы
Қабылдап-тапсыр-
ушы
Жүк ауданының
қызметкері
Орындаушы
2
3
4
5
6
11.4-сурет. Станса қоймасынан жүк қабылдау графигі 
Жүк қабылдап-тапсырушының автоматтандырылған жұмыс орны болатын 
жағдайда жүктің қабылданғаны жӛніндегі ақпарат ЭЕМ жадына енгізіледі. Осы 
сәттен былай қабылданған жүктің құжатсыз есебі басталады, ол жүкті жӛнелтуге 
қабылдау кітабының орнында пайдаланылады. 
11.9. Жҥктің массасын анықтау 
Жүк жӛнелтуші тасымалдауға жүк тапсыру алдында жүк қағазында оның 
массасын, жүк орындарының санын кӛрсетуі тиіс. Сонымен қатар, оны ӛлшеуде 
жіберілетін шекті қателік мӛлшері де кӛрсетіледі. Тасымалданатын жүктің 
массасы әр түрлі әдіспен тауарлық, вагондық және элеваторлық таразыларда 


86 
ӛлшеу арқылы, трафарет, стандарт бойынша, есептеп шығару және ӛлшеу 
жолымен анықталады. Жүктің массасын трафаретке, стандартқа сәйкес, есептеп 
шығару, ӛлшеу арқылы анықтауды жүк жӛнелтуші ғана атқарады. 
Алайда жүкті вагондардың толық сыйымдылығына дейін толтырып тиеу 
олардың рұқсат етілген жүк кӛтерімділігінен асып кетуі мүмкін болатындықтан, 
жүріс қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүктің массасын тек ӛлшеу арқылы 
анықтайды. Тасымалдаушылар жүкті жалпы жұрт пайдаланылатын орындарда 
тиеп-түсіру кезінде ӛлшейді; жүк жӛнелтушілер – жалпы жұрт пайдаланатын 
және олар пайдаланбайтын орындарда тиеу кезінде ӛлшейді. Контейнерлермен 
тасымалданатын жүктің массасын барлық жағдайда да жүк жӛнелтуші 
анықтайды. Жүкті ӛлшеу тәртібі мен технологиясы және оның массасын ӛлшеу 
әдістері ҚР теміржолдарында жүкті ӛлшеу тәртібі мен технологиясы, ӛлшеу 
құралдарын күтіп ұстау және оларға технологиялық қызмет кӛрсету туралы 
нұсқауда келтірілген. 
Трафаретке сәйкес вагондағы, контейнердегі жүктің жалпы массасы әрбір 
жүк орнында кӛрсетілген массаларды қосу арқылы, ал стандартқа сәйкес – бір 
жүк орнының стандарттық массасын жүк қағазында кӛрсетілген орындар санына 
кӛбейту жолымен анықталады. Әрбір данасының немесе қума метрінің массасы 
бірдей болатын бұйымдардың массасын есептеп шығару жолымен анықтау 
қолайлы болады. Кӛлемдік массасы шағын жүктің массасын ӛлшеу арқылы 
анықтау керек, яғни вагон кузовының жүкпен толтырылған бӛлігінің кӛлемін 
оның кӛлемдік массасына кӛбейту қажет. Жүкті беретін кезде вагоннан алынып, 
жүк қабылдаушыға жүгімен қоса берілетін алынбалы жабдықтары және бекіту 
реквизиттері, вагондарды жылы ұстау материалдары бар жүктерді тасымалдауда 
кӛрсетілген құралдардың, материалдардың массасы жүктің массасына енгізіледі, 
ал жүк жӛнелтушіге берілмейтіндері – вагон тарасының массасына қосылады. 
Алынбайтын жабдықтың массасы вагон тарасының массасына қосылады. 
Жүктің массасын анықтау әдісі, сондай-ақ оның массасын кімнің 
анықтағаны жүк қағазының тиісті графаларында кӛрсетіледі. 
Тасымалдаушының жүкті вагондық, сондай-ақ тауарлық таразыда ӛлшеу 
нәтижелері тиісінше қайта ӛлшеу кітаптарына (ГУ-36 және ГУ-107 үлгілері) 
тіркеледі. Кітапты жүргізу тәртібі стансаның коммерциялық есебін жүргізу 
жӛніндегі нұсқауда баяндалған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет