Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті жеткізу мерзімі және оны есептеу ережелері



Pdf көрінісі
бет66/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

11.12. Жҥкті жеткізу мерзімі және оны есептеу ережелері 
Жүкті белгіленген мерзімде баратын жеріне дейін жеткізудің ел экономикасы 
үшін зор маңызы бар, ол тасымалдаушының тасымалдау шартын орындау жӛніндегі 
негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Жүкті жеткізу мерзімі жүк жӛнелтушінің ӛз 
жүгін тасымалдаудың қандай түрімен (вагондап, ұсақ жӛнелтіліммен, контейнермен 
рефрижераторлы контейнермен, жӛнелтуші маршрутымен және т.с.с.), қандай 
жылдамдықпен (жәй жүк немесе тездетілген), қандай қатынаспен (тікелей, тікелей 
аралас, халықаралық) жӛнелтетініне байланысты. 
Жүкті, сондай-ақ жүк жӛнелтушіге, жүк қабылдаушыға тиесілі немесе олар 
жалға алған бос вагондарды жеткізу мерзімі жӛнелту стансасында жүк 
тасымалданатын қашықтыққа қарай есептеледі. Теміржол кӛлігімен жүк жеткізу 
мерзімін есептеу ережелеріне сәйкес жүк жеткізу мерзімін есептеу 
тасымалданатын жүктің қабылдануын құжатпен ресімдеуден кейінгі күннің 0.00 
сағатынан басталады. Тасымалдаушы жүкті жеткізу мерзімінің аяқталатын күнін 
жүк қағазының барлық парақтарында кӛрсетеді. Жүкті жеткізу мерзімін есептеуде 
толымсыз тәуліктер толық тәуліктер ретінде қабылданады. 
Жүкті жеткізу мерзімі пойыздардың келуі мен кетуіне байланысты 
операцияларды атқаруға қажетті уақытты, жүктің жолда болу уақытын, жол 
бойында атқарылатын операцияларға қажетті уақытты, сондай-ақ, Жарғыда 
кӛзделген мән-жайларға (мысалы, кеден органдарының және басқа мемлекеттік 
бақылау оргондарының жүкті кідіртуі, тежеусіз күштердің, әскери қимылдың, 
қоршаудың, індеттің салдары және т.с.с.) байланысты жүкті жеткізу мерзімін 
арттыруға мүмкіндік беретін уақытты қамтиды. 
Жүктің жолда болу уақыты оны тасымалдау қашықтығына, жылдамдығына, 
жӛнелту түріне байланысты және Жүкті теміржол кӛлігімен жеткізу мерзімін 


90 
есептеу ережелерінде белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын басшылыққа ала 
отырып анықталады. 
Жүкті 
жеделдетілген 
жылдамдықпен 
(вагондап, 
ірі 
тоннажды 
рефражераторлы контейнермен, әмбебап контейнермен және ұсақ жӛнелтіліммен) 
тасымалдаудағы, жӛнелтуші маршруттары мен контейнерлі пойздардың, сондай-
ақ жануарларды тасымалдаудағы тәуліктік жүріс нормалары жеке-жеке берілген. 
Тәуліктік жүріс нормаларынан есептеп шығарылған жүкті жеткізу мерзімі 
мынадай шамаға арттырылады:
• тәулікке – жүктің келуі мен жӛнелтілуіне байланысты операцияларға; 
2 тәулікке – жүк бірнеше стансаға тиелетін (түсірілетін) жағдайда 
рефрижераторлы секцияларды тиейтін (түсіретін) әрбір аралық стансасы үшін;
• 1 тәулікке – су қатынасы жолдары (теңіз, ӛзен) арқылы кемелермен және 
паромдармен жүк тасымалдауда жүкті қабылдау мен тапсыруға байланысты 
операцияларға;
• 1 тәулікке – тікелей аралас қатынаста тасымалданатын жүктерді кӛліктің 
басқа түріне беруде, кӛліктің басқа түрінен қабылдауда;
2 тәулікке – жүкті жол табанының ені басқаша вагондарға ауыстырып 
тиуде; 
• 1 тәулікке – жүкті басқа мекен-жайға ауыстырып жӛнелтуге байланысты 
операцияларға; 
• 2 тәулікке – жүкті 1000 км-ге дейінгі қашықтыққа ұсақ жӛнелтілімдермен 
және контейнерлермен тасымалдауда және 3 тәулікке – 1000 км-ден астам 
қашықтыққа жӛнелтуде (жүк сорттау платформасында және контерлік пунктте 
жинақтауға және сорттау үшін); 
1 тәулікке – жүк қабылдаушыда таразы жоқ болғандықтан, жүктің 
массасын тасымалдаушының вагондық таразысында анықтайтын жағдайда; 
• 1 тәулікке – қауіпті жүктерді тасымалдауда;
• 1 тәулікке – бірнеше инфрақұрылымның қатысуымен жүк тасымалдауда 
әрбір инфрақұрылымға. 
Жүкті жеткізу мерзімін есептеу ережелерінде сондай-ақ кӛлемді және 
қауіпті жүкті, жаңадан салынып жатқан теміржол желілеріне жӛнелтілетін жүкті 
жеткізу мерзімін есептеу тәртібі де анықталған. 
Егер жүк баратын стансада тасымалдаушының құралдарымен түсірілетін 
болса, егер жүк тиелген вагон немесе контейнер белгіленген жеткізу мерзімі 
аяқталғанға дейін жүк қабылдаушының құралдарымен түсіруге берілетін болса, 
онда жүк мерзімінде жеткізілген деп есептеледі. Кеден бақылауындағы жүктің 
стансаға келгені туралы жүк қабылдаушы мен кеден органдары хабар алған күні 
жүкті бараатын жеріне жеткізудің нақты мерзімі болып табылады. Бұл жағдайда 
жүктің кедендік ресімдеуге байланысты стансада тежелуіне теміржол қызметі 
жауап бермейді. Жүк кеден органының жұмысынан тыс уақытта келетін жағдайда 
оны жеткізу мерзімі жүк келген сәттен осы орган жұмыс істей бастайтын уақытқа 
дейін ұзартылады. Жүк баратын стансасына жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін 
келетін жағдайда белгіленген мерзімде жеткізілді деп есептеледі. 
Жүк жӛнелтушіге, жүк қабылдаушыға тиесілі немесе олар жалға алған бос 
вагон баратын стансасына жеткізу мерзімі аяқталғанға дейін келетін болса және 


91 
қабылдаушыға немесе жалпы жұрт пайдаланбайтын темір жол тарамдарының 
иесіне берілетін болса, ол белгіленген мерзімде жеткізілген деп есептеледі. 
Жүктің және кәсіпорындардың бос вагондарын жеткізу мерзімін 
кешіктіргені үшін тасымалдаушы әрбір кешіктірген тәулік үшін (толымсыз тәулік 
толық тәулік ретінде есептеледі) жүк тасымалына тӛленген ақының 9 пайызы 
шамасында ӛсім тӛлейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет