95
болатын жағдайда) үлгісіндегі хабарлау кітабы жүргізіледі. Жүк
тиеуден бұрын
жүкті қабылдап-тапсырушы жүк жӛнелтушіден жүк қағазын алады, жүктің әкелуі
мен тиелуіне рұқсаттың болуын тексереді, жүкті қабылдап-тапсырушының
жаднамасының (ГУ-465, ГУ-45а, ГУ-45-ВЦ үлгісіндегі) алымына – вагон нӛмірін,
бӛліміне – жүктің атауын,
теміржол әкімшілігінің кодын, вагонның кімге
тиесілігін, операция түрін және оны атқару уақытын жазады. Жүк қабылдап-
тапсырушы және жүк жӛнелтушінің ӛкілі қол қояды. Осыдан кейін жүк
жӛнелтуші қоймадағы немесе тікелей автомобильдегі жүкті
вагонға тиеуге
кіріседі.
Жүкті қабылдап-тапсырушы жүк қағазындағы деректердің негізінде
жӛнелту жӛніндегі мәліметтерді жүкті жӛнелтуге қабылдау кітабына жазып,
вагон қағазын толтырады.
Жүк жӛнелтуші жүк тиелген вагонды стансаның қабылдап-тапсырушысына
ӛткізеді, ал ол вагонды сырттай қарап (егер жүк пломбыланған болса), егер жүк
ашық
жылжымалы
құраммен
тасымалданатын
болса,
оның
дұрыс
орналастырылуы мен бекітілуіне кӛз жеткіген соң қабылдап алады. Жүк
жӛнелтуші жүк тиеудің аяқталғаны туралы стансаның тауар кеңсесіне ГУ-2в-ВЦ
үлгісімен жүк операциясының аяқталғаны туралы хабарлайды. Мұндай хабарлама
ГУ-2а-ВЦ үлгісімен жүк операциясының аяақталуы
туралы хабарлау кітабына
жазылады.
Жүкті қабылдап-тапсырушы жүк тиеудің аяқталу уақытын вагон қағазына
жазады. Вагонды әкетуге арналған жаднама екі дана етіп жасалады, оған жүк
жӛнелтуші (вагонды тапсыратын) және теміржолдың
қабылдап-тапсырушысы
(тиелген вагонды қабылдайтын) қол қояды.
Жүк қағазы, вагон қағазы, жүк қабылдап-тапсырушы жаднамасы, жүк
жӛнелтушінің кінасынан болған жүк операциясының
кешігуі туралы акт тауар
кеңесіне жіберіледі.
Тауар кеңесінде алынған құжаттардың және жүк операциясының аяқталуы
туралы хабарлау кітабының негізінде вагондарды пайдаланғаны үшін сағаттық
тӛлем ақыны есептеп шығару үшін ГУ-46 (ГУ-46-ВЦ – автоматтандырылған
жұмыс орны болғанда) үлгісімен вагондарды
беру және әкету ведомосы
жасалады.
Достарыңызбен бөлісу: