12.3. Жҥкті жабық вагондарға орналастыру мен бекітудің
негізгі техникалық жағдайлары
Жабық вагондарға жүктерді орналастыру мен бекітуде пойыздар жүрісінің
қауіпсіздігін, маневр және тиеу–түсіру жұмыстарын жүргізуді, вагондардың жүк
кӛтерімділігі мен сыйымдылығын толық пайдалануды, тасымалданатын жүктер
мен жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз етуді ескеру қажет.
Жүк вагонға біркелкі орналастырылады. Егер жүкті біркелкі орналастыру
мүмкін болмаса, онда жүк массасының жалпы орталығын ТЖ талаптарына сәйкес
ығыстыра орналастыруға рұқсат етіледі.
Массасы әр түрлі, сондай-ақ қаптамасы әр түрлі жүктерді бір вагонға бірге
тиеуде массасы үлкен және қаптамасы қатаң жүктер тӛменгі жағына, ал массасы
аз, жұмсақ, торлы, фанералы, картон қаптамалы жүктер – жоғарғы жағына
орналастырылуы тиіс.
Ӛздерінің сипаттары бойынша басқа жүктерді бүлдіретін жүктерді бір
вагонға бірге тиеуге тыйым салынады.
Жабық вагонға тиелетін жүктер ӛзара ығыспауы, құламауы, есіктерді басып
қалмауы, тасымалдау кезінде үйкелмеуі және зақымдалмауы үшін есіктер
арасындағы кеңістікке бойлық және кӛлденең бағытта вагонның бүйірлерінен
саңылаусыз және тығыз орналастырылуы тиіс. Жүкті есіктер арасына тығыз және
саңылаусыз орналастыруда олар есікті басып қалмауы үшін қалқандармен, жүктің
түріне және тиелу биіктігіне қарай қалыңдығы кемінде 40 мм тақтайлармен
қоршалуы тиіс. Жүктердің ығысуы мүмкін болатын саңылаулар кесілген тақтай,
ағаш, картон, пенопласт, жарамсыз резина шиналар секілді арзан материалдармен
толтырылады.
Вагонға қаптамалы дара жүктерді тиеуде кейін оларды екі жағынан түсіру
ыңғайлы болуы үшін есіктердің еркін ашылуын ойластыру қажет. Есіктер
арасындағы кеңістікке орналастырылатын жүктердің есіктерден ара қашықтығы
250 мм болуы тиіс. Есіктер арасындағы кеңістікке орналастырылған жүктер
орнықсыз болса, оларды тіреулермен, таяныш тақтайлармен және басқа
құралдармен бекіту қажет. Бір жӛнелтілімге қатысты жүк орындарын вагонға
олардың таңбалану талаптарына сәйкес және жазулары кӛрінетіндей етіп
орналастыру керек.
|