Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті вагондарға тасымалдаушының қҧралдарымен тиеу



Pdf көрінісі
бет70/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

12.4. Жҥкті вагондарға тасымалдаушының қҧралдарымен тиеу 
Пойыз құрастырушы жүкті қабылдап–тапсырушының нұсқауы бойынша 
вагондарды қойма учаскелері бойынша орналастырады. Жүкті қабылдап–
тапсырушы вагондарды орналастырудан кейін стансада белгіленген тәртіпке 
сәйкес вагондарға техникалық тексеру жүргізілгені туралы белгілердің болуын 
қадағалайды, олардың коммерциялық тұрғыдан алғанда нақты жүкті тиеуге 
жарамдылығын анықтайды және кешенді механикаландырылған бригаданың 
бригадиріне жүк тиеуге кірісу жӛнінде бұйрық береді. 
Бос вагондарды беріп, орналастырған соң жүкті қабылдап-тапсырушы 
дисплейдің кӛмегімен белгіленген макет бойынша бос вагондардың саны, 
нӛмірлері мен позициялары туралы ақпаратты ЭЕМ-ге енгізеді. ЭЕМ вагондарға 
жүк тиеу жоспарын жасайды. Жүкті қабылдап-тапсырушыға дисплей арқылы 
вагон қағазы үлгісіндегі жүкті құрастыру жоспары беріледі. 
Жүк тиеу барысында оны қабылдап-тапсырушы жүктің дұрыс 
орналастырылуы мен бекітілуін қадағалайды, осы жӛнелтілімдегі жүк 
орындарының бӛлініп қалмауына назар аударады. Жүкті қабылдап-тапсырушы 
вагондардың әкетілуге дайындығы туралы телефон, радио байланысы және басқа 
хабар жеткізетін құрылғылардың кӛмегімен маневер диспетчерін хабардар етеді. 
Жүк тиеу жұмысы аяқталған соң механизаторлар вагондардың есіктерін 
жабады. Жүкті қабылдап-тапсырушы вагонға бекіту-пломбылау құрылғысын 
орнатады, сондай-ақ ГУ-34 үлгісіндегі пломбылау кітабын және ГУ-34 үлгісіндегі 
жүкті жӛнелтуге қабылдау кітабын толтырады 
Вагонмен жӛнелтілетін жүкке вагон қағазын толтыруда жүкті қабылдап-
тапсырушы вагон нӛмірінің кодын ЭЕМ-ге енгізеді және оның бұйрығы бойынша 
компьютер вагон қағазындағы барлық деректері кӛрсетілген жӛнелтілім кодын 
басып шығаруға береді. Вагон қағазына жүкті қабылдап-тапсырушы қол қояды. 
Вагонға жүк тиеу, әдетте, жылжымалы құрамның автокӛлікті күтіп бос 
тұрып қалуына жол бермейтіндей жағдайда ―автомобиль-вагон‖ тікелей нұсқасы 
бойынша жүзеге асырылады. Ол үшін вагондарды беру және жүкті жеткізу 
уақыты станса мен жүк жӛнелтушілер арасында алдын ала келісіледі. Тікелей 
нұсқа бойынша жүк тиеуде оны қабылдап-тапсырушы вагонда жүктің дұрыс 
орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, орындардың, қаптамалардың 
санын, таңбалаудың дұрыстығын тексеруі тиіс. Стансада белгіленген тәртіп 
бойынша жүк қағазының нӛмірі тауар кеңсесіндегі жүк қабылдап-тапсырушыға 
хабарланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет