Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Жҥкті басқа мекен-жайға жӛнелту және оны ресімдеу



Pdf көрінісі
бет83/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

13.6. Жҥкті басқа мекен-жайға жӛнелту және оны ресімдеу 
Жүк қабылдаушының және (немесе) стансаның тасымалдау құжаттарында 
кӛрсетілген жүк баратын пунктінің ӛзгертілуі жүкті басқа мекен-жайға 
жӛнелту деп аталады.
Тасымалданатын жүкті басқа мекен-жайға жӛнелту туралы ӛтінімді жүк 
жӛнелтуші немесе жүк қабылдаушы оны ӛзгертуге рұқсат ететін басшының атына 
жазбаша түрде (оның ішінде факспен, телетайппен және телеграфпен) береді. Бұл 
ӛтінімде вагонның немесе контейнердің және жүк қағазының нӛмірі, жүктің 
атауы, массасы, жүк қабылдаушының атауы және коды, бастапқы жүк баратын 
станса және оның коды, жүк баратын жаңа стансаның атауы және коды, жаңа жүк 
қабылдаушының атауы және коды кӛрсетіледі. Жүкті басқа мекен-жайға жӛнелту 
жӛніндегі ӛтінімге оны қарайтын ұйымның басшысы қол қойып, мӛрмен 
куәландырады. Мұндай ӛтінімге келісімі қоса тіркелуі тиіс. 
Тасымалдаушы 
мұндай 
ӛтінімді 
тіркеп, 
оны 
қарайды 
және 
инфрақұрылымның иесімен бір шешімге келеді. Оны қарап, келісімге келудің 
қорытындысы бойынша тасымалдаушы жӛнелтілетін мекен-жайды ӛзгерту 
немесе одан бас тарту туралы екі тәуліктен асырмай шешім қабылдайды. 
Жүкті басқа мекен-жайға жӛнелту жұмысы ол баратын стансада немесе жол 
үстінде атқарылуы мүмкін. Жүкті жол үстінде басқа мекен-жайға бағыттау 
бастапқы тасымалдау құжаттары бойынша жүргізіледі. 
Тікелей және тікелей емес халықаралық қатынастағы жүкті, бос немесе 
жалға алынған вагондарды, бүліну, зақымдану, жетіспеу белгілері бар жүктерді 
басқа мекен-жайға жӛнелту тәртібі теміржол кӛлігінде жүкті басқа мекен-жайға 
жӛнелту Ережелерінде кӛзделген. 
Контейнермен және ұсақ жӛнелтіліммен жіберілетін адамның жеке басына, 
отбасына, үйіне арналған және кәсіпкерлік қызметке қатысы жоқ ӛзге де 


108 
мұқтаждыққа арналған жүк басқа мекен-жайға жӛнелтуді жүк қабылдаушының 
жазбаша ӛтінімі бойынша жүк баратын стансадағы тасымалдаушының уәкілетті 
ӛкілі жүргізеді. 
Жүкті басқа мекен-жайға жӛнелтуді ресімдеуде ӛтінім иесі оны тасымалдау 
ақысын бастапқы құжат бойынша есептеуге, барлық тӛлемді жаңа тасымалдау 
құжаттары бойынша жүргізуге міндетті. 
Маршруттық немесе топтық жӛнелтілім құрамында жіберілген жеке 
вагондарды басқа мекен-жайға жӛнелтуге жаңа тасымалдау құжаттары бойынша 
ресімдеу арқылы вагон баратын стансада ғана рұқсат етіледі. 
Кеден бақылауындағы жүкті басқа мекен-жайға жӛнелту кеден органының 
келісімі бойынша жүргізіледі. Егер жүк тасымалы адамдардың денсаулығы мен 
ӛміріне, жүріс қауіпсіздігіне, экологиялық қауіпсіздікке қатер тӛндіретін жағдайда 
мұндай жүкті басқа мекен-жайға жӛнелту тиісті кеден органының, жүк 
жӛнелтушінің, жүк қабылдаушының келісімінсіз жүргізіледі, кейін олар бұл 
туралы кӛп кешіктірмей хабардар етіледі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет