Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы


 Тауар кеңсесінде берілетін жҥкті ресімдеу



Pdf көрінісі
бет91/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

15.3. Тауар кеңсесінде берілетін жҥкті ресімдеу 
Тауар кеңсесінде берілетін жүктің ресімделуі тасымалдау құжаттарын 
несиесіздендіру деп аталады. Жүк теміржол кӛлігінде жүкті беру Ережелерінде 
кӛзделген тәртіппен беріледі. 
Тасымалдаушы жүкті беруі үшін жүк қабылдаушының уәкілетті ӛкілі оған 
сенім білдірілген ӛкілдің тасымалдау құжаттарын ресімдеуіне құқық беретін 
сенімхатты тапсырады. 
Сенімхат жоғарыда кӛрсетілген іс-әрекеттерді әлденеше рет жасау 
құқығымен берілетін жағдайда ол тасымалдаушы уәкілеттік берген ӛкілде 
сақталады. 
Тасымалдаушының жүк баратын стансада жүк қабылдаушыдан тӛлем ақы 
алуы оның лауазымы, аты-жӛні кӛрсетілген тасымалдаушының уәкілетті ӛкілінің 
қойылған қолымен куәландырылады. Электрондық жүк қағазына да осындай 
мәліметтер түсіріледі. 
Жүк қабылдаушы жүк тасымалы ақысын және ӛзге де тасымалдаушыға 
тиісті тӛлемдерді тӛлегеннен кейін ғана станса жүкті бере алады. 
Жүк қабылдаушының келген жүкті дер кезінде түсіріп, әкетпеуі немесе 
жалпы жұрт пайдаланбайтын орындардағы және теміржол стансасындағы 
теміржол тарамдарында жүк қабылдаушының кінәсынан вагондардың тежелуі 
салдарынан жүктін бүлінгені үшін жүк қабылдаушы жауапты болады. 
Тауар кассирі жүк қағазының түпнұсқасындағы ―Келген соң‖ графасында 
тасымалдаушы тӛлеуге тиісті кіре ақысы мен алымдар сомасын кӛрсетеді. ―Жүк 
келген ...... стансасында тӛлемдер тӛленді‖ графасында әр түрлі алымдар 
квитанциясының нӛмірі мен уақыты кӛрсетіледі. 
Жүк қағазы мен жол ведомосының түпнұсқасындағы ―Жүктің баратын 
стансаға келу мӛртабаны‖ графасына тасымалдаушының уәкілетті ӛкілі жүктің 
баратын стансасына келген туралы күнтізбелік мӛртабан басады. Жалпы жұрт 
пайдаланатын орындардағы тасымалдаушыға тиесілі қоймаларға вагондық және 
ұсақ жӛнелтілімдерді түсіруде ―Түсіру күні мен уақыты‖ графасында жүктің 
вагоннан түсірілген күні мен уақыты кӛрсетіледі, ―Түсіру орны‖ графасында 
жүктің түсірілгеннен кейінгі орны кӛрсетіледі. ―Жүк қабылдаушыға жүкті келуі 
туралы хабарлау күнтізбелік мӛртабаны‖ графасына хабарлау уақыты, хабарлаған 
адамның аты-жӛні кӛрсетіліп, қолы қойылған тиісті күнтізбелік мӛртабан 
басылады. Жол ведомосындағы ―Жүк қағазының түпнұсқасын .... жылдың 
......айының .....күні алдым‖ деген жолда жүк қабылдаушының жүк қағазының 


118 
түпнұсқасын алған күні кӛрсетіліп, сенімхат пен тӛлқұжаттың бланк үлгісі талап 
ететін деректері жазылады. 
Құжаттар несисіздендірілген соң жүк қағазын жүк қабылдаушыға береді. 
Жүк қабылдаушыға жүк қағазымен қоса, жүк ауданының аумағынан жүкті әкету 
үшін ГУ-43 үлгісіндегі рұқсат қағазын және қабылдау-тапсыру актісін береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет