Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі М. Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар академиясы



Pdf көрінісі
бет85/114
Дата15.01.2023
өлшемі5.45 Mb.
#468411
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114
Ж‰к тасымалдау 1-22

14.3. Келген жҥкті тіркеу 
Тауар кеңсесінде тасымалдау құжаттарының негізінде түсіруге келген 
барлық жүкті Жүктің келу кітабына (ГУ-42 үлгісі) тіркейді. Кітаптың барлық 
беттері ретімен нӛмірленуі тиіс, оның барлық беттерін станса бастығы 
куәландырады. 
Әрбір тәуліктің басында келу кітабындағы алғашқы бос жолға жүктің 
келген күні мен айы қойылады, осыдан кейін әрбір жӛнелтілім бойынша тиісті 
графаларға келу кітабындағы жазбаның реттік нӛмірі, вагон мен жүк қағазының 
нӛмірі, жӛнелту стансасы кӛрсетіледі. Жергілікті жағдайға байланысты ―Ескерту‖ 
графасында жүк қабылдаушыны немесе жүк түсірілетін орынды, басқа да 
деректерді кӛрсетуге болады. Бұл графаны толтыру тәртібін станса бастығы 
белгілейді. 
Жүктің берілуіне қарай күн сайын келу кітабының тиісті графаларына 
ФДУ-91 үлгісіндегі ведомостың нӛмірі, берілген күні мен айы жазылады. 
Есеп берілетін тәулік аяқталған соң тауар кеңсесі берілмей қалған 
жүктердің құжаттары бар-жоғын тексереді. Ол үшін Келу кітабына құжаттардың 
қозғалысын мынадай үлгіде түсіреді: “......жӛнелтілім қалды”, “......жӛнелтілім 
келді”, “........жӛнелтілім берілді”, “.......жӛнелтілім қалды”. Келесі тәулікке 
қалдық ретінде кӛрсетілген жӛнелтілімдер саны берілмеген жүктердің нақты 
құжаттарына сәйкес болуы тиіс. Тауар кассирлерінің ауысымы кезінде 
құжаттардың бар-жоғы осындай әдіспен тексеріледі. 


110 
Әрбір жылдың бірінші қаңтарына қарай жаңа келу кітабын ашады. Бұл 
кітапқа алдын ала бірінші қаңтарға дейін берілмей қалған жүк жӛнелтілімдерін 
толығымен кӛшіріп жазады. 
Жүк стансасында автоматтандырылған басқару жүйесі пайдаланылатын 
жағдайда тауар кассирі әрбір хабарлама бойынша келген жүк жӛніндегі ақпаратты 
ГУ-42 макетіне сәйкес жекелей енгізеді. 
14.4. Жҥк қабылдаушыларға жҥктің келуі және вагондарды, контейнерлерді 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   114




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет